Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қышқылдар тақырыбын қайталау

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: «Қышқылдар» тақырыбын қайталау
Мақсаты:
Оқушылардың қышқылдар туралы білімдерін белгілі бір жүйеге келтіріп қайталау, биологиялық тұрғыдан қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста қолданылуы жөнінде түсініктерін қорытындылау.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақта, қышқылдар, металдар, қышқылдар мен тұздардың құрамы және аталуы (кесте)

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді
І топ: «Тұз қышқылы»
ІІ топ: «Күкірт қышқылы»
ІІІ топ: «Азот қышқылы»
Сұрақтар
1. Қышқылдар дегеніміз не?
2. Олардың химиялық формулаларын жазыңдар.
3. Қышқыл қалдығының валенттілігін жаз.
4. Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесудің реакция теңдеуін жазып, оқып беріңіздер.
ІІ ------------------ ІІ ----------- І ------- ІІІ ------------- І ------------ І ------------ І ------------- ІІ -------- ІІ
H2SO4, ----- H2CO3, ---- HCI, ---- H3PO3,------ HNO3, ----- HBr, ------ HF, ------ H2SiO3,------- H2S,

CuO+H2SO4 = CuSO4 + H2O
FeO+2HCI=FeCI2 + H2O

Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі (тәжірибе жасау)
• Zn+2HCI = Zn CL2+H2
• Mg+2HCI = MgCI2+H2
• 2AI+6HCI = 2AICI3+3H2
• Cu+HCI реакция жүрмейді

Карточкамен жұмыс (дәптерге жазады)
№ 1 карточка
Формулалар келтірілген: КOH HCI Na2 O CaSO4 H2SiO3 H2SO4 MgCI2 HBr H2 CO3 қосылыстардың ішінен қышқылдарды теріп жазыңдар.
№ 2 карточка
Мына келтірілген қышқылдарды атап: HBr HI H2 SiO3 H3 PO4 HCI H2 SO3 қалдықтарын көрсетіп жаз.
№ 3 карточка
Мына келтірілген қышқылдарды атап: HNO3 H2 SO4 HCI H3 PO4 H2 CO3 жіктеу арқылы көрсет.
Қышқылдардың пайдасы мен зияндары туралы кім айтады?
• Тұз қышқылының сұйылтылған ерітіндісі қарын сөлін арттыру, бор қышқылы залалсыздандыру үшін, сүт немесе азот қышқылының концентрациялы ерітінділері күйдіру мақсатында қолданылады. Ал қарын сөлі қышқылы жараға түскен микробтарды құртады да, оның жазылуын тездетеді.
• Балдың құрамындағы әр түрлі қышқылдар іш ауруларын, асқазан жарасын болдырмай, іштегі түрлі микробтарды жояды, ара уы қан тасуы, тамырдың кеңеюі, буын ауруы, демікпе ауруына ем.
• Сиыр, жылқы сүтінің құрамында сүт қышқылы болады. Қымыз - асқазан, ішек ауруларына ем ретінде пайдаланылады. Туберкулез ауруын да қымыз арқылы емдейді. Бірақ қан тасуы, жүйке жүйесі, жүрек ауруларына қымызды көп пайдалануға болмайды.
• Лимон жидегінен алынған лимон қышқылы аңшыға күні бойы азық, шаршамастан әл береді.
• Бес проценттік сірке қышқылы етті сақтауға, тағамды тез пісіруге, конфеттер жасауға қолданылады.
• Құстар паразиттерден зардап шегеді. Құстардың паразиттеріне құмырсқа қышқылы нафталиндей әсер етіп, паразиттер қырылады. Сонымен осы құстар жаз айларында құмырсқа илеуіне шомылады. Тауықтар да, құмырсқа илеуіне жіберіп, үстеріндегі паразиттерді тазалауға болады.
• Құстар паразиттерден зардап шегеді. Құстардың паразиттеріне құмырсқа қышқылы нафталиндей әсер етіп, паразиттер қырылады. Сондықтан осы құстар жаз айларында құмырсқа илеуінде шомылады. Тауықтарды да, құмырсқа илеуіне жіберіп, үстеріндегі паразиттерді тазартуға болады.

«Қатесін тап» ойынында элементтер мен қышқыл қалдықтарының валенттіліктері көрсетіледі. Оқушы қате берілген жауапты дөңгелектеп қоршайды:
Ag (I) --------- CO3 (I)
C (I) ------- NO3 (I)
AL (II) -------- B (I)
O (II) --------- Cu (III)
H (I) ---------- Na (II)

Ca (I)
NO3 (III)
SO4 (I)
H (II)
K (II)

«Үндемес» ойынында оқушылар кестедегі атына сәйкес берілмеген элементке, қосылысқа түзету жасап, дұрыс жауабын жазады:
Сутек - Вr ---------- Темір - Аl -------------- Тұз қышқылы - Н2РО4
Оттек - Н ----------- Мыс - Сr --------------- Күкірт қышқылы - НСL
Барий - АL --------- Магний - Вr ----------- Фосфор қышқылы - Н2SO4
Cынап - О ---------- Күміс - Сu ------------- Азот қышқылы – H2CO3

«Кім жылдам:» ойыны ұйымдастырылады. Ойынның мақсаты - оқушылардың танымдық
қабілетін тексеру.
Сабағымызды қорытындылай келе тесттің түрлерін аламыз.
10 балл - «5»
9 балл - «4»
8 балл - «3»

Тест түрлері
І. Толықтыруды қажет ететін тест.
1. Қышқылдар... атомдарынан және...... тұратын күрделі заттар.
2. Қышқылдар құрамына қарай... және... болып бөлінеді
3. Оттекті қышқылдар сәйкес... алуға болады.
4. /Қышқылдар металдармен, олардың оксидтермен әрекеттесіп,... түзеді.
5. Қышқылдар ерітінділерінде түсін өзгертетін заттар... деп аталады.

Тест түрлері.
1. Қышқылдар сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
2. Қышқылдар құрамына қарай оттекті және оттексіз болып бөлінеді
3. Оттекті қышқылдар сәйкес оксидтерден алуға болады
4. /Қышқылдар металдарымен, олардың оксидтерімен әрекеттесіп, тұз түзеді.
5. Қышқыл ерітінділерінде түсін өзгеретін заттар индикатор деп аталады.

ІІ. Еске салушы тест.
1. Көмір қышқылының тұзы______________
2. Тұз қышқылының тұзы________________
3. Күкірт қышқылының тұзы_____________
4. Азот қышқылының тұзы_______________
5. Фосфор қышқылының тұзы___________

ІІ. Еске салушы тест.
1. Көмір қышқылының тұзы - карбонат
2. Тұз қышқылының тұзы - хлорид
3. Күкірт қышқылының тұзы - сульфат
4. Азот қышқылының тұзы - нитрат
5. Фосфор қышқылының тұзы - фосфат

Жауаптарын тексеріп, балдарын қойып, бағаланады.
Үйге тапсырма: Алма, аскорбин қышқылдарына эссе жазып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 279
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беріп, білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Қышқылдар
Қышқылдар
Бейорганикалық қосылыстардың бір өкілі - қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, қолданылуы, маңызы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Қышқылдар әлеміне саяхат
Қышқылдар әлеміне саяхат
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Ақтөбе облысы №3 Хромтау орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мусина Г. А
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің химия пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×