Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оттек, Оксидтер. Жану

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: «Оттек, Оксидтер. Жану»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Оттек, Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдету, қорытындылау және бекіту.
Міндеттері:
- оттегінің химиялық және физикалық қасиеттерін үйретуде халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып оқушылардың білім - біліктерін қалыптастыру. Химиялық формула жаза білуін, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару дағдыларын жетілдіру;
- реакция теңдеулерін құра білу және үйрету, есеп шығару және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды - қайталау
Көрнекілігі: Сызбалар, дидактикалық материалдар, Менделеевтің периодтық жүйесі.
Пәнаралық байланыс: Биология, экология, математика.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушылары 2 топқа бөлініп отырғызылады: «Білімпаздар» және «Ойшылдар»
І - Бөлім - «Бой сергіту»
Әр топқа 7 сұрақтан беріледі. Оны талдауға 5 минут беріледі.

«Білімпаздар» тобына.
1. Жер қыртысында неше пайыз оттек бар?.
2. Оттектің физикалық қасиеттері қандай?.
3. Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?
4. Қандай реакцияны тотығу реакциясы деп атайды?.
5. Қандай заттар оксидтер деп аталады?
6. Табиғатта оттекті бөліп шығаратын реакция.
7. Ауаның құрамы?.

«Ойшылдар» тобына
1. Атмосферада неше пайыз оттек бар?
2. Озонның физикалық қасиеті қандай?
3. Зертханада оттекті қандай заттардан алады?
4. Қандай реакция жану реакциясы деп аталады?.
5. Өршіткі дегеніміз не?
6. Оттек қайда қолданылады?
7. Аллотропия дегеніміз не?

ІІ - Бөлім. «Қызығушылықты ояту»
а) магнийдің жануын іс жүзінде көрсету
ә) «Оттегі туралы ертегі» (Ертегіні оқу барысында әр топтан оқушылар кезекпен шығып реакция теңдеулерін жазады)
Оттек көп қабатты үйдің (периодтық жүйе) 2 – қабатында тұрады. Ол бірде өзін сынамақ болып «Мен қандаймын, көршілеріме барсам, мені қалай сыйлар екен?» деп көршілерін араламақ болады. Ол бірінші қабаттағы көршісіне барып, ондағы элементпен қосылып айдын көлге айналады:
2Н2 + О2 = 2Н2О
Тоңып қалған оттек жылыну үшін екінші қабаттағы № 6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жанып, жарық бөледі:
С + О2 = СО2
Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады. Осы пәтерге кірген бойда найзағай ойнап, аспан айналып жерге түскендей болады:
N2 + О2 = 2NО – Q
Қатты дауыстан қорқып, үшінші қабатқа шығады. Алдында № 15 пәтердің есігі ашық тұр екен, оттек осында кіреді. Бөлме іші кенеттен жап - жарық болып, ашық жалынмен жанып, бөлме іші ақ түтінге толады:
4Р + 5О2 = 2Р2О5
Бұдан соң оттек № 14пәтерге келіп, екеуі қосылып топырақ пен сазға айналды:
Si + О2 = SiО2

Оттек өзінің осындай қасиетіне маңғаздана түседі. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралап көрмекші болады. Сырт көзге жанбайтын деп есептелетін заттар да оттекте жанады. Мысалы, бойында мықтылық, беріктік қасиеті бар металл – темір. Ол жалын және түтін шығармай шатырлап жанып, темір қағын түзеді:
3Ғе + 2О2 = Ғе3О4

Оттек осылай бірнеше пәтер иелерімен қосылып, өзінің «оксидтер» деп аталатын қосылыстарының көп екеніне қуанады. Алайда, ол № 2, 10, 18 пәтер иелерімен қосылыс түзе алмайтынына қатты өкінді. Галогендермен, криптон, ксенон, алтынмен жанама жолмен әрекеттесіп қосылыстары болатынына риза болды. Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді.
(«от» туралы, «оттың құдіреті, қасиеті» туралы халықтық ұғымдар)

ІІІ. Бөлім. «Кім көп біледі?»
1. Қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан баспанасы – киіз үйдің қаңқасына оттектің физикалық және химиялық қасиеттерін жазу.
2. Пирамида ішінде берілген элементтерден оксидтердің формулаларын құрастыру.
Ca, Mg, N, S, P, B, Na, Li, AI, K

IV. Бөлім «Ғажайып тәжірибелер»
Тәжірибе: «Алма неге қараяды?»
Тәжірибе мақсаты: алмаға оттектің әсерін көрсету
Керекті құрал - жабдықтар: алма, С дәруменінің таблеткасы.
Тәжірибенің орындалуы:
1. Алманы екіге бөлу.
2. Таблетканы ұнтақтап, алманың бір жартысының кесілген жеріне себу.
3. Алманың екі бөлігін де ашық күйінде біраз уақытқа қалдыру.
4. Екі бөліктің түстерін салыстыру.
Нәтиже: С дәрумені себілген алманың түсі өзгермейді, ал екінші бөлік қоңыр түске енеді. Себебін оқушылардың өздері шешуге тырысады.

V. Бөлім «Жұмбақтас».
№ 1. Оттектің массалық үлесін табыңдар.
«Білімпаздар» --------------- «Ойшылдар»
CaO ---------------------------------- MgO

№ 2.
«Білімпаздар»
16 г оттек алу үшін қажетті калий перманганатының массасын есептеңдер.
«Ойшылдар»
Массасы 8 г кальций оттекпен әрекеттескенде қанша грамм кальций оксиді түзіледі?

VI. «Орман – планета тынысы» Шығармашылық жұмыс
5. Рефлексия
Сөйлемдерді аяқтаңдар:

Бүгін сабақта мен.... білдім.
Енді мен....... білемін.
Енді........ қателеспеймін.

6. Оқушыларды бағалау
7. Үйге тапсырма: «Егер мен......» (химик, эколог болсам, ауаны таза ұстау үшін не істер едім?)
15 670
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оттегінің химиялық қасиеттері
Оттегінің химиялық қасиеттері
Оттегінің жай және күрделі заттармен әрекеттесу химиялық қасиеттерімен танысу, оттегінің ерекше қасиетімен танысу, оттегінің қосылыстарын өмірде қолдану.
Сутек - химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары
Сутек - химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары
Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
Оқушыларға оксидтердің құрамы, қасиеттері, оксидтердің бір - бірінен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оксидтерді жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеулерін жазып, теңестіре білуге баулу.
Оттектің химиялық қасиеттері. Жану
Оттектің химиялық қасиеттері. Жану
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Тулегенова Б.
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×