Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азот және оның қасиеттері

20 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Азот және оның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға азот элементтерінің табиғатта таралуы, құрамы,
олардың құрылысы, өндірісте, зертханада алу жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, ерекше қолданылатын салаларын түсіндіру.
б) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, сөйлеу қабілетін дамыту.
в) Оқушыларды табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ауызша баяндау, оқулықпен жұмыс, білімді өмірде
пайдалану
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі,
Интерактивті тақта
Тыңайтқыштар коллекциясы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
1. Күкірт қышқылы молекулалық құрылысы, физикалық қасиеті.
2. Химиялық қасиеті.
3. Қолданылуы.
4. Күкірт қышқылын өндіру.
Жаңа сабақ: Азот және оның қасиеттері.
Азотқа жалпы сипаттама беру.

Алынуы: Өндірісте, ауада
Зертханалық: 3 CuO+2NH3 = 3 Cu + 3H2O + N2
Физикалық қасиеті: Азот түссіз, иіссіз газ, суда нашар ериді, ауадан аздап жеңіл - 1960С сұйық күйге айналады, - 2100С қар тәріздес массаға айналады.
Табиғатта таралуы:
Химиялық қасиеті: Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
N2+3H2 = 2NH3
3Mg + N2 = Mg3N2
N2 + 3Ca = Ca3N2
N2 + 3F2 = 2NF3
3N2 + 2Al = 2AlN3

Семантикалық карта толтыру арқылы оқушы азоттың оксидтерін, тұздарын ажыратып жазады.
Азот ------ NH4Ce ------ NO2 -------- HNO3 --------- NO -------- NaNO3 ------- NH4NO3 --------- HNO3 -------- KNO3
Тұздары
Қышқылдары
Оксидтері
Қолданылуы: түрлі қосылыстар, NH2синтездеу, инертті орта, ауа салқындатқыш жүйеде, цианид алу, нитрид алу, азот қышқылын алу.

Азоттың табиғаттағы айналымы: Органикалық заттар шірігенде және жанғанда байланысқа азоттың бір бөлігі босап, атмосфераға шығып кетеді. Алайда табиғи жағдайларда топырақтағы байланысқан азоттың мөлшері кемімейді. Атмосфераға бос азоттың да массасы көбеймейді. Мұны қалай түсіндіруге болады?

Топырақта өз бетінше тіршілік ететін де, бұршақ тұқымдас өсімдік тамырында ме - кендейтін де бактериялар болады екен, бұлар атмосферадағы азотты сіңіріп, оны органикалық қосылысқа айналдырады. Атмосферадағы азоттың аздаған мөлшері найзағай сейілген кезде байланысып, азот (II) оксиді, ал одан – азот (IV) оксиді түзіледі. Соңғысы сумен реакцияласқанда азот қышқылы түзіледі, ол топырақта нитратқа айналады. Осы процестердің нәтижесінде табиғатта үздіксіз азот айналымы болып тұрады. Астық жинаған кезде егістіктен азоттың айтарлықтай бөлігі шығын - далады. Азот бар тыңайтқыштарды топыраққа енгізу арқылы бұның орны толтырылады.
Сабағымызды қорытындылау барысында химиялық диктант жазамыз.

1. Азоттың таңбасы (N)
2. Молекулалық формуласы (N2)
3. Реттік нөмірі (7)
4. Салыстырмалы атомдық массасы (14)
5. Азоттың физикалық қасиеті (түссіз, иіссіз, ауадан сәл жеңіл, суда нашар ериді)
6. Азоттың ауа құрамындағы мөлшері (78%)
7. Ауадағы азотты өсімдіктер тікелей сіңіре ала ма? (жоқ азот атомдарының арасындағы байланыс өте берік, өсімдік топырақтан тыңайтқыш арқылы ала алады)
8. Азот қандай органикалық заттың негізгі құрам бөлігі? (нәруыздың)
9. Бөлме температурасында азот реакцияға түсетін металл (литий)
10. «Азот» атауын ұсынған ғалым? (А. Лавуазье)

Үйге тапсырма: Азот және оның қасиеттері.(Эссе жазу)
Бағалау:
32 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
Азот оксидтері. Азот қышқылы.
Азот оксидтері. Азот қышқылы.
Оксидтердің жіктелуін, құрылысын, қасиеттері мен қолданылуын, байланыс типтері мен кристалдық торын еске түсіру. Азот қышқылының негіздік қасиеттері мен күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуін оқып - үйрену.
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот атомының сипаттамасын Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
Күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Азот оксидтері, қышқылының құрылысы, нитраттардың алынуы, қасиеттері, қолданылуы туралы білімді жетілдіру.
Фосфор
Фосфор
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің химия пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×