Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күкірт

08 шілде 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Күкірт (презентация түрінде)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға периодтық жүйедегі орны бойынша күкірт атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Дамытушылық: химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту, өмірде көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, есептер, тәжірибелер көрсету.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау, топпен жұмыс, тәжірибелер көрсету, сұрақ – жауаптар.

Сабақ жоспары:
1. І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен материалға шолу
2. Жаңа сабақ
3. Сабақты бекіту
4. Бағалау
5. Үйге тапсырма беру
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Химиялық таңбасы - S
Реттік нөмірі - 16
Атом құрылысы - 1S ²2S ²2P⁶3S²3P⁴
Ол ІІІ периодта 6 топта орналасқан маңызы зор бейматалл. Ол оттекпен бір топшада орналасқан.

Физикалық қасиеттері
● Күкірт – сары түсті, қатты кристалды зат
● Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық
● Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түріндетұйықталған сегіз атомнан тұрады
● Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді; бензолда, күкіртті көміртекте және т. б. жақсы ериді. Сары түсті күкіртті суға салсақ, оның бетіне қалқып шығады. Ол 150C - тан жоғары температурада өте қозғалғыш, мөлдір сары түсті сұйыққа айналады. Одан әрі қыздырса күкірт алқызыл түстен мөлдір түске дейін өзгеретін бу күйіне ауысады.
Химиялық қасиеттері
Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады

күкірттің жай заттармен әрекеттесуі
күкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседі

Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі(жанады)
Күкірт кейбір металдармен бөлме температурасында әрекеттесе береді. Мәселен, 1 - тәжірибе: сұйық сынап пен күкірт ұнтағын келіге салып езгенде, сынап сульфиді түзіледі, Hg+S=HgS.
2 - тәжірибе: Жіңішке мыс сымдар бумасы күкірт буында жанып, қара түсті мыс сульфидін түзеді, Cu+S=CuS.

Күкірт атомдары (суреті көрсетіледі)
S – суда ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді, бензолда, күкіртті көміртекте CS₂ жақсы ериді.

Табиғатта таралуы: Күкірт ежелден белгілі элемент. Ол табиғатта бос күйінде де, металдармен қосылыстар түрінде де кездеседі. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері 0, 1%- ды құрайды. Қазақстанда көп тараған минералдары BaSO4, ол Алматы облысының Кеген ауданында табылды. Күкірт нәруыздың құрамына кіретін болғандықтан ол тіршіліктің негізгі болатын элементтер қатарына жатады.
Алынуы: Өнеркәсіпте S ұңғыма арқылы қыздырылған бумен саф күкіртті балқыту арқылы алады, бетіне шыққан күкіртті сол жерде қалыптарға құяды.

Лабораторияда – зертханада алынуы.
1) 2H2S+ O2 =2S+2H2O (газ) (O2 жеткіліксіз кезінде)
2) 2H2S+ SO2 =2H2O+3S (Күкірт ІҮ оксидінен)
SO2 +2C=S+CO2
SO2 +2CO=S+2CO2
3) Натрий тиосульфатына қышқылмен әсер еткенде:
Na2S2O3+2HCL=2NaCL=2NaCL+SO₂+H2O+S

Қолданылуы Д/ж өндірісінің 50%- ы Н2 SO4алуға жұмсалады. Қалаған мөлшері резеңке ө/к - де жасанды талшық өндіруде, қопарылғыш заттар алуда, органикалық синтез өндірісінде және ауыл шаруашылығында қолданылады. өнім - электр оқшаулағыш материал болтын эбонит алынады. Аз мөлшерде қосса беріктігін және серпінділігін жоғарылатады. S а/ш - да өсімдік зиянкестеріне қарсы гербицид ретінде, медицинада тері ауруларын емдеу үшін майлар дайындалады. Химия өнеркәсібінде резеңке бұйымдарын алуда, қара оқ - дәрі, сіріңке жасауда пайдаланылады. Ескерткіштерді, сарайларды әрлеуде алтын түстес қалайы дисульфидін SnS2 өндіруге қолданылады.

Күкірттің табиғаттағы биологиялық рөлі
Күкірт маңызды биогендік элемент болғандықтан, барлық тірі ағзаларда үнемі болады. Өсімдіктер құрамындағы күкірт 0, 3 - 1, 2 % болса, жануарларда 0, 5 - 2 % құрайды.
Күкірт белоктардың құрамдас бөлігі болғандықтан, тірі ағзалар үшін қажетті элементке жатады. Белоктардың құрамында масса бойынша 0, 8 – 2, 4% химялық байланысқан күкірт бар.
Адам ағзасында (дененің орташа салмағы 70 кг) 140 грамм күкірт бар.

Есептер шығару.
1. 3, 2 г күкіртті оттекке жаққанда қанша грамм күкірт (ІV) оксиді түзіледі?
Оның зат мөлшері қандай?
2. 6г күкірт пен 6, 5 грамм мырыш әрекеттескенде неше грамм мырыш сульфиді түзіледі?

4) Тест сұрақтары
1) Оттегінің валенттігі нешеге тең?
А) Э. Т. жоғары болғасын
Б) d – деңгейшесі жоқ
В) газ болғасын

2) Халькогендердің қайсысында 2, 4, 6 валенттік көрсетеді?
А) O. S. Se. Te
Б) O. S. Te. Po
В) S. Se. Te. Po

3) Оттегі қай кезде +2, қай кезде - 1 көрсетеді.
А) Оттегі фторидінде, пероксидтерде көрсетеді.
Б) Сутекпен қосылысында, Me қосылыстарында көрсетеді.
В) С. А. М. сәйкес, С. М. М. сәйкес көрсетеді.

4) ҮІ. Топша элементтерінің гидридтерінің беріктігі қалай өзгереді.
А) судан теллурсутекке H2Te қарай артады
Б) судан теллурсутекке H2Te қарай кемиді
В) судан селенсутекке H2Se қарай артады.

5) H2ЭO3 тотығу – тотықсыздану реакцияларында қандай қасиет көрсетеді?
А) тотықтырғыш болады
Б) тотықсыздандырғыш болады
В) тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады.

6) H2ЭO4 тотығу – тотықсыздану реакцияларында қандай қасиет көрсетеді?
А) тотықтырғыш болады
Б) тотықсыздандырғыш болады
В) тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады.

7) Жер бетінде барлық бос оттек қалай пайда болады?
А) Күннің сәулесінің әсерінен
Б) Фотосинтез процесінің нәтижесінен
В) Жауын-шашынның көп болуынан

8) Орамалды сулап ацетонға батырып жандырғанда неге орамал жанбайды?
А) ацетон тез ұшып кетеді.
Б) судың өзі жанудан пайда болады
В) орамал жанбайды.

Тест жауаптары: 1б, 2в, 3а, 4б, 5в, 6а, 7б, 8б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
40 572
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот атомының сипаттамасын Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау,
Күкірт
Күкірт
Күкірт және оның қосылыстарымен, тарихи анықтама бере отырып, периодтық жүйедегі орны, оның қасиеттерімен таныстыру.
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Г. А
Күкірт
Күкірт
Жугинисова Айнур Сагындыковна Химия пәні мұғалімі Шалқар қаласы №6 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×