Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиялық элементтер, олардың таңбалары

25 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер, олардың таңбалары
Мақсаты:
а) білімділік: оқушыларды химиялық элементтердің таңбалары, аталуы, коэффициент, индекс ұғымдарымен таныстыру, жаңа тақырыпты меңгерту барысында білімдерін нақтылау, тереңдету.
ә) дамытушылық: оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін химиялық эксперимент арқылы қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: оларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі, сызбанұсқа,
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап,

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
І. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы:
1. Атом, молекула ұғымдарының анықтамасын айтыңдар.
2. Құрамына сутек пен оттек кіретін күрделі заттарды атаңдар.
3. Жай және күрделі заттардың айырмашылығы неде?
4. Су молекуласының түзілу сызбанұсқасын көрсетіңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Химиялық элемент туралы ұғымды ғылымға ең алғаш рет ағылшын ғалымы Р. Бойль енгізді. Ал Д. Дальтон химиялық элементті атомдардың белгілі бір түрі ретінде қарастырады. Қазіргі химия ғылымының жетістігі - химиялық элементтердің сипаттамалары мен қасиеттерінің айқындалуы.
Табиғатта түрлі элементтер кездеседі. Оларды ерте заманнан адамдар өз қажеттіліктеріне пайдаланған. Осы элементтерге жасанды жолмен алынатын радиоактивті элементтерді қоссақ олардың саны 110 - нан асып жығылады. Бізді қоршаған әлем түгелдей осы химиялық элементтерден тұрады. Халықаралық теориялық және қолданбалы химия Одағы реттік нөмірі 110, 111, 112 элементтердің химиялық таңбасын ресми түрде бекітті. Жаңа элементтердің аттары - дармштадтий, рентгений, коперниций (коперники) болып, 2010 жылы шілде айында берілді. Жаңа элементтердің таңбалары - Ds, Rg, Cn. Қазіргі уақытта 114, 116 элементтерге ат қою жүріп жатыр. 114 - ші элементке флеровий деп - Біріккен ядролық зерттеулер институтындағы ядролық реакциялар зертханасы атын алған әйгілі орыс физигі Георгий Флеровтың құрметіне берілуі мүмкін. 116 элементке АҚШ - тағы Лоуренс атындағы ұлттық зертхана орналасқан Ливермор қаласының құрметіне - ливерморий деген атау берілуі мүмкін. Олардың қызметкерлері Дубнадағы ғалымдарға аса ауыр элементті синтездеуге көмектесті. Бүгінде 113 - 118 элементтер синтезделді.

Химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының арасындағы реакцияларды бейнелеу мен түсінуді жеңілдету үшін халықаралық таңбалар қолданылады. Барлық элементтердің өзіндік таңбасы бар. Элементтерді таңбалауды швед химигі И. Берцелиус ұсынды. Таңбада сол элементтің латынша атауының бас әрпі мен келесі әріптердің бірі бейнеленеді. Мысалы, кремний элементінің таңбасы - Si, латынша силициум деп оқылады. Химиялық таңба - элементтің бір атомын бейнелейді. Егер атом саны бірден көп болса, оны таңбаның алдына жазып, коэффициент деп атайды. Мысалы, оттектің 5 атомы болса - 5 О, азоттың 3 атомы - 3N болады. Барлық химиялық элементтің таңбалары мен сипаттамалары орыс ғалымы Д. И. Менделеев ұсынған кестеде бейнеленген.
Химиялық элементтердің санынан олар түзетін қосылыстардың саны әлдеқайда көп. кейбір химиялық элементтердің - сутек, оттек, темір, күкірт т. б. атауы оларға сәйкес келетін жай заттардың атауымен бірдей болып келеді. Оларды бір - бірімен шатастырып алмау қажет. ол үшін мына жағдайды айтып өтейін: "Адам оттекпен тыныс алады", "Судың құрамына оттек кіреді" десек, бірінші сөйлемде оттек жай зат ретінде, екінші сөйлемде химиялық элемент ретінде айтылып отыр.

IV. Бекіту сұрақтары:
• "Химиялық элемент" ұғымын кім енгізді?
• "Химиялық элемент" және "Жай зат" ұғымдарының айырмашылығы бар ма?
• Периодтық жүйеден елдердің атауына байланысты қойылған химиялық элементтерді атаңдар.
V. Үйге тапсырма. Химиялық элементтер, олардың таңбалары.
23 356
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Химияның негізгі түсініктері мен негізгі заңдары
Химияның негізгі түсініктері мен негізгі заңдары
Атом – химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.
Химиялық формула бойынша есептеулер
Химиялық формула бойынша есептеулер
Заттың Мr, күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамыту. Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот атомының сипаттамасын Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×