Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күкірт (S ) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент

07 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Күкірт (S ) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды күкірт және оның қосылыстарымен, тарихи анықтама бере отырып, периодтық жүйедегі орны, оның қасиеттерімен таныстыру.
2. Жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру, негізгі ойды бөліп қорытындылап, салыстыра білуге үйрету.
3. Күкірттің табиғаттағы биологиялық ролін түсіндіру, маңызын білу, денсаулықты күту, уақытты бағалауға, өз бетінше жұмыс істеп, қорытындылай білуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: Периодтық кесте, слайдтар, сызбанұсқа.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ізденіс, өздік жұмыс, топпен жұмыс.

І. Ұйымдастыру.
Сабақтың ұстанымы:
"Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ақыл - оймен істегенімді түсінемін»
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІІ Слайдпен жұмысты қорғау.
ҮІ. Өздік жұмыс
ҮІІ. Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
ІІ. Ұйымдастыру
Ой шақыру.
Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?(күкірт)
Слайд 1 Күкірт деген не?
Күкірт – химиялық элемент. Атомдық салмағы - 16. С. а. м - 32
Бейметалл
Бос, табиғи
Суда ерімейді
Балқу нүктесі - 115 С
Қайнау - 445
Слайд 2 Күкірттің физикалық қасиеттері
Күкірт – сары түсті, қатты кристалды зат

Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық
Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түрінде тұйықталған сегіз атомнан тұрады
Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді; бензолда, күкіртті көміртекте және т. б. жақсы ериді
Слайд 3 Табиғатта таралуы
Күкірттің табиғи қосылыстары
Мұнайда және тас көмірде де кездеседі
Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады
Жанартау газдарының құрамында
Слайд 4 Тарихи анықтама
Күкіртті жағу дезинфекциялау үшін қолданылатынын Гомер атаған
Медицинада - оның алауымен ауру адамға ыс салған, күкіртті тері ауруларын емдеу, әскер мақсатта жанғыш және жарылғыш қоспа дайындау
Слайд 5 Күкірттің табиғаттағы биологиялық рөлі
Биогенді элемент
Барлық тірі организмдерде
Өсімдіктерде 0, 8 - 10, 2 %
жануарларда - 0, 5 - 2% құрайды
Адам организмінде - 70 кг - 140 грамм күкірт бар
Белоктардың ыдырауы кезінде шығатын күкірт қосылыстарының бөлінуінен
Өсімдіктер – сульфаттардан алады
Слайд 6 Күкірт және күкіртті сутегі
Күкіртті сутегі конц. жоғары болғанда уытты
Қарапайым күкірт уытты емес
Күкірттің жағымсыз иісін болдырмау үшін күкіртті газсыздандыру
Слайд 7 Қазақстанда өндірілетін күкіртті сақтау, сату асырылып жатқан жобаларына тоқтау

Жұмбақтар
1. Осы затпен ескі үйді аластайды. Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. (күкірт)
2. Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім. Өзім қай элементпін? (HeOH)
3. Бірінші буыным тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. Қандай химиялық элементпін? (Селен)
4. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)
5. Бірінші буыным Мария Складовская ашқан элементтің алғашқы екі әріпі, екінші буыным Еуропадағы өзен, өзім радиоактивті құбылыстан түзілетін элементпін.(Радон)

Сергіту сәті
1. Табылса бұрын там - тұмнан, қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алтыннан, қандай металл ертеде. (алюминний)

2. Сыныптан бір шықпайды, тимесең жұқпайды.
Жәрдемісіз бұл заттың, оқушы сабақ ұқпайды (бор)

3. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық, буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық, қандай зат; құрал жасар соны құйып?(сынап)

Қорытындылау
Саф алтындай сары түсті күкіртті,
Ерте кезде ата - бабам көп білді.
Бос күйінде, қосылыста кездесіп,
Өнеркәсіп іргетасын дамытты.
Бағалау
5 509
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
Күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Оқушыларға алтыншы топ элементтерінің ХЭПЖ орны, оттек, озон, судың физикалық, химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; атом құрылысының элементтердің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,
Күкірт
Күкірт
Күкірт және оның қосылыстарымен, тарихи анықтама бере отырып, периодтық жүйедегі орны, оның қасиеттерімен таныстыру.
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт және оның қосылыстары
Тауекелова Сандуғаш Рымбековна Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның химия пәні мұғалімі
Күкірт
Күкірт
Жугинисова Айнур Сагындыковна Химия пәні мұғалімі Шалқар қаласы №6 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×