САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Спирттер мен фенолдар
Сабақтың мақсаты Білімділік: Студенттерге оттекті органикалық қосылыстар жайлы мәлімет бере отырып біратомды спирттер, құрамында – ОН тобы бар көмірсутектердің туындысы екенімен таныстыру, спирттердің изомерлерін жазып, оны халықаралық атаулар жүйесімен атай білу, химиялық қасиеттерін жазу арқылы молекуладағы атомдардың бір - біріне әсерін талдау.
Тәрбиелік: салауатты өмір салтын насихаттау, спирт өнімдерінің құрамындағы химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету.
Дамытушылық: Заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерін ажырата білу
қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру
1 Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың оқу - құралдарын тексеру
4. Сабақтың мақсатын ашу
Жаңа материалды бекіту.
1. Спирттер қалай жіктеледі, мысалдар келтіріңдер.
2. Пропанға сай біратомды спирт – пропанолдың және көпатомды спирт пропантриолдың формулаларын жазыңдар
3. 33, 6 литр (қ. ж.) этиленді гидратациялағанда түзілетін этанолдың массасын табыңдар?
4. Массасы 9 кг глюкозаны спирттің ашытып, қанша литр этанол алуға болады? Этанолдың тығыздығы 0, 789кг/м3.
5. Төмендегі айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:
С6Н6 →С6Н5Сl→C6H5OH
Спирттер мен фенолдар жүктеу