Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары

11 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 8 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпаратты қорғау және сығу туралы түсінік беру, антивирустық қорғауды пайдалануға және құжаттарды мұрағаттауға үйрету.
Бағдарламалық және дидактикалық қамтылуы: Windows операциялық жүйесі, ДК, антивирустық бағдарламалар, архиватор.
Сабақ типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі және көрнекілікті.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Жаңа сабақ:
Дербес компьютерлерді қорғау үшін сақталған ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңітетін әр түрлі қолданбалы бағдарламалар қолданылады. Стандартты ДК – ді қорғау құралдарының ішінде кең таралғандары:
- парольдік ұқсастықтарды пайдаланып, мүмкіндік ресурстарын қорғау құралдары;
- әр түрлі ақпаратты шифрлау әдістерін қолдану;
- компьютерлік вирустардан қорғау және мұрағаттау.

Парольдік ұқсастықтарды пайдалану.
Әдеттегі жағдайларда СМОS Setup - тегі қондырғыларды пайдаланып, ДК - дің ОЖ - сін іске қосу паролін орнатудың аппараттық құралын қолдануымызға болады. ДК - ді іске осқанда монитор экранында мына түрдегі (өзіміздің компьютеріміздегі ВІОS - қа байланысты) хабарлама пайда болады: Мысалы мынадай хабарламалр: Press “Del” if want to run Setur немесе Press “Ctrl” “Alt” “Esc” if you want to run Setur (ВІОS - тің кейбір түрлері үшін). “Del” немесе басыңдар, сонда экранда СМОS Setup менюі пайда болады. Осының ішінен PassWord Checking Option опциясын таңдаймыз да, оған пароль енгіземіз. Setuр - тің жаңа орнатуларын (“F10”, Y) сақтаймыз да, ДК - ді қайта жүктейміз. Енді әрбір компьютерді іске қосар алдында, экранда пароль енгізуді сұрайтын хабарлама шығатын болады.

Әр түрлі ақпаратты шифрлау әдістерін (криптографияны) қолдану
ДК - дің программалық өнімі мен жіберілетін ақпаратқа рұқсатсыз шығудан ең сенімді қорғау - әр түрлі ақпаратты шифрлау әдістерін (криптографияны) қолдану болып табылады.
Ақпаратты кодтаудың шифрлау (криптографиялық) әдісі – бұл ақпаратты шифрлаудың, кодтаудың немесе басқаша түрлендірудің арнайы әдісі, мұның нәтижесінде ақпарат мазмұнына криптограмма кілтінсіз және кері түрлендірмей шығу мүмкін болмайды. Криптографиялық қорғау – ең сенімді қорғау әдісі, өйткені ақпаратқа шығу емес, оның тікелей өзі қорғалады (мысалы тасуыш ұрланған жағдайдың өзінде ондағы шифрланған файлды оқу мүмкін емес). Мұндай қорғау әдісі стандартты операциялар немесе программалар дестесі түрінде жүзеге асырылады.
Компьютерлік вирус.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 615
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
5 сыныпқа арналған «Стандартты бағдарламалар» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
5 сыныпқа арналған «Стандартты бағдарламалар» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
Информатикадан 5 сыныпқа арналған «Стандартты бағдарламалар» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
Информатика пәнінен 6 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 6 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 6 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика 11 сынып
Информатика 11 сынып
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Есептеуіш техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасымен танысу. Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, көз талғанда жасалатын жаттығулармен танысады.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×