Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Объектілерді енгізу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларға мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы
Пәнаралық байланыс: сурет, ағылшын, орыс, қазақ тілдері
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а/ ұжымдық әрекет;
ә/ санитарлық - гигиеналық әрекет;
б/ ҚТЕ сақтау әрекеті;
в/ «Үйреншікті әдет» жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы деңгейлеп, жан - жақты тексеру.
1 - деңгей тапсырмасы сұрақ түрінде беріледі, ал 2 - деңгей тапсырмасы компьютерде орындалатын практикалық жұмыс ретінде беріледі.
Оқушылар 2 деңгейлік тапсырманы компьютерде орындап, көрсету қажет.
1 - деңгейлік тапсырмаға 1 бағадан, ал 2 - деңгейлік тапсырмаға 2 бағадан қойылады.

1. белгішесі қандай қызмет атқарады?
2. Ұяшық деген не?
3. Кестені даярлау үшін...
4. Мәтінді көшірмелеу?
5. Таb пернесінің қызметі?
6. Мәтінді қиып алу?
7. Кесте деген не?
8. белгішесі қандай қызмет атқарады?
9. Мәтіннің орнын ауыстыру?
10. Тіктөртбұрышты кесте?
11. Ұяшықтарды біріктіру үшін..
12. Кестені жою?
13. Мәтінге кесте кірістіру?
14. Кестеге шекара қою?
15. Сызықтық кесте?
16. белгішесі қандай қызмет атқарады?
17. Ұяшықтар?
18. Кестедегі жолдарды жою?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Word - тың графикалық мүмкіндіктері:
1. Графикалық редактордан кірістіру. Оқушыларға өз сөзіммен түсіндіремін.
2. Сурет салу панелін қолданып, графикалық бейне жасау. SIN бағдарламасында анимация түрінде түсіндіру. “Суретті кірістіру”
3. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру. 8 - сыныпқа арналған ЭО - пен түсіндіру.
4. Фигуралық мәтін кірістіру. SIN бағдарламасында анимация түрінде түсіндіру. “WordArt нысанын кірістіру” (дәптерге түсіру)

Графикалық редактордан кірістіру
1. Графикалық редакторында сурет салу
2. Суретті ерекшелеп алып, алмасу буферіне енгізу
3. Суретті алмасу буферінен алып, құжатқа кірістіру.
4. Мәтіндік құжатты ашу және меңзерді сурет кірістірілетін жерге апару.

«Сурет салу» (Рисование) панелін қолданып графикалық бейне жасау
1. Аспаптар панелінен Автофигуралар командасынан қажетті фигураны таңдау.
2. Суретті ерекшелеп алып, сызықтың түсін, типін өз қалауыңша ауыстырасың.
3. Суретті белгілеп алып, құю командасын орындай отырып бояйсың.
4. Салынған сурет еркін бағытта жылжу үшін оны белгілеп алып, аспаптар панелінен Обтекание қосымшасынан вокруг рамки және т. б. таңдап, ОК шерту.

Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру
1. Сурет қойылатын жерге курсорды орналастыру қажет
2. Қою – Сурет – Картина (Вставка - Рисунок - Картина) командасын таңдау керек.
3. Пайда болған терезеде Word - тың деңгейіне байланысты әр түрлі суреттердің тізімі ұсынылады.
4. Суреті бар файлдардың атын таңдап, ОК батырмасын шерту керек.
5. Таңдалынған сурет құжатқа орналастырылады.

Фигуралық мәтін кірістіру
1. Курсорды мәтіннің басына орнатыңдар.
2. Вставка – Рисунок – Объект WordArt командасын орындаңдар.
3. Коллекция WordArt диалогтық терезесінде ұнаған қаріп стилін таңдап, ОК шерту.
4. Изменение текста WordArt диалогтық терезесі пайда болады ондағы “Текст надписи” өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіп, ОК шерту.
5. Тышқанмен фигуралық жазбаны орнатыңдар.

IV. Сабақты бекіту.
1. 10 - сыныпқа арналған ЭО - ғы “Графикалық мүмкіндіктер” тақырыбындағы 1 - 2 тапсырмаларды орындау.

V. Қорытындылау.
1. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру
2. Фигуралық мәтін кірістіру.
3. Графикалық редактордан сурет кірістіру.
4. Сурет салу панелін қолданып, графикалық бейне жасау.

VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма
§7. 8. Суреттермен жұмыс істеу. Оқулықтан 90 - 91 беттер. Теория бойынша сұраймын.
3 897
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.
Microsoft Word мәтіндік программасын қорытындылау
Microsoft Word мәтіндік программасын қорытындылау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп Ермекова Занзура
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторын терең ұғындырып, берілген тапсырмаларды жазуды үйрету.
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×