Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілділер мен тапқыштар

03 маусым 2012, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Сайыстың тақырыбы:
“Көңілділер мен тапқыштар”

Ұйымдастыру бөлімі:
І. Оқушыларды командаларға бөлу.
ІІ. Командалардың аттарын тағайындау. (Команданың атын, эмблемасын, әнұранын, газетін таныстыру.)
ІІІ. Сайыстың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
Оқушыларды командаларға бөлу
Сыныптар бойынша:
 7 “А” – “Принтер”
 7 “Б” – “Жүйелік блок”
 7 “В” – “Дискета”
Сайыстың мақсаты:

Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, компьютерлік сауаттылыққа дағдыландыру.
Жоспар
І. Бөлім: Әр топ өздерін таныстырып, газеттерін қорғайды.
ІІ. Бөлім: “Кім жүйрік” ойыны. (Теориялық сұрақтарға жауап беру).
ІІІ. Бөлім: “Қылқалам сыры” (Paint-та тез әрі дұрыс сурет салу).
ІV. Бөлім: “Түсін мені” (Суретке қарап жауап беру).
V. Бөлім: Жұмбақтарды шешу.
І бөлім
Таныстыру

Әр топ өз командаларының атын таныстырып, газеттерін қорғайды.
ІІ бөлім
Кім жүйрік?
Теориялық сұрақтарға жауап береді, әр топтың сұрақтары мынадай:
Кім жүйрік бөлімі бойынша сұрақтар
«Принтер» тобына:
1. Тышқанның негізгі батырмасы. (Сол жағы)
2. Бос орын қалдыру пернесі. (Пробел)
3. Cурет салуға арналған редактор. (Paint)
4. Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (Меңзер немесе курсор)
5. Дискетены оқу құрылғысы. (Дискенгізгіш, дисковот)
6. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код. (ASCII коды)
7. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым не деп аталады? (Информатика)
8. ЭЕМ-нің үшінші буынына қай жылда жатады? (1964-1976 жылдар)
9. Компьютер мен адам арасындағы байланысты не қамтамасыз етеді? (Операциялық жүйе)
Кім жүйрік бөлімі бойынша сұрақтар
«Жүйелік блок» тобына:

1. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (Латын)
2. Графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы. (Сканер)
3. ЭЕМ-нің екінші буынына қай жылда жатады? (1955-1963 жылдар)
4. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі .(Caps Lock)
5. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы. (CD – ROM)
6. Принтердің түрлері. (Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш)
7. Информацияның өлшем бірлігі. (Бит, байт)
8. Меңзерді (курсорды) келесі жолға түсіру пернесі. (Enter)
9. Мәтіндік редактор. (WordPad)
Кім жүйрік бөлімі бойынша сұрақтар
«Дискета» тобына:

1. Ақпаратты шығару құрылғысы. (Принтер)
2. Дыбыс шығаратын құрылғы. (Колонка)
3. Курсордың оң жағындағы символды өшіру пернесі. (Delete)
4. Компьютер мен көздің ара қашықтығы қанша СМ болуға тиіс. (60-70 СМ)
5. ЭЕМ-нің бірінші буынына қай жылда жатады? (1940-1955 жылдар)
6. Компьютер іске қосылғаннан кейін әр түрлі объектілер орналасқан экранды не деп атайды? (Жұмыс столы)
7. Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (Кактус)
8. Интернетке қосылу үшін қажетті құрылғы. (Модем)
9. Ақпаратты енгізу құрылғысы. (Пернетақта, тышқан)
ІІІ. Бөлім:

“Қылқалам сыры”
Paint-та тез әрі дұрыс сурет салу
Тіктөртбұрыш, Эллипс, Құю (Заливка) құралдарын пайдаланып компьютердің суретін салыңдар
ІV. Бөлім:
“Түсін мені”
Суретке қарап жауап беру
WordPad – та мына батырманың қызметі?
Paint – та мына батырманың қызметі?
WordPad – та мына батырманың қызметі?
Paint – та мына батырманың қызметі?
WordPad – та мына батырманың қызметі?
Paint – та мына батырманың қызметі?
WordPad – та мына батырманың қызметі?
WordPad – та мына батырманың қызметі?
WordPad – та мына батырманың қызметі?
Терезелердің барлығында болатын мына батырмалардың қызметі?
WordPad терезесі

Терезелердің мына түрде орналасуын қалай атайды?
Әр топқа қойылатын жеке сұрақ
“Принтер” тобына:
Мәтін немесе суретті сақтау жолы?
“Жүйелік блок” тобына:
Жаңа қапшық қалай құрылады?
“Дискета” тобына:
Дискетті қалай пішімдейді?
V. Бөлім:

Жұмбақтарды шешу.
1. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер, курсор)
2. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)
3. Кемірушіге ұқсайды,
Құйрығы ұзын, түсі сұр.
Білгіш болсаң жауап бер,
Осы заттың аты не? (тышқан)
4. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
5. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус)
6. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
7. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды ол өлшер. (бит)
8. Ақпартты қағаздағы
Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы. (сканер)
Әділқазылар бағасын береді. Қорытынды дайын болғанша компьютерде күй ойналады.
Жеңімпаз командаға компьютер бөлмесіне ойнауға жолдама жәна “Мақтау қағазы” беріледі
4 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
PAINT - қа саяхат
PAINT - қа саяхат
Оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткен сабақты оқушы санасында бекіту.
Балдәурен информатиктер
Балдәурен информатиктер
Кызылорда қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп мұғалімі Баян Баймишева
Жұлдызды сәт
Жұлдызды сәт
ШҚО,Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Ш.Уалиханов мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбусағатова Майра
Менің ертегі әлемім
Менің ертегі әлемім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×