Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және
объектілері
Сілтеме: Оқулық Информатика 7 сынып
Жалпы мақсаттар: Оқушыларды Windows операциялық жүйесімен таныстыру.
Міндеттері:
- Windows - та жұмысты бастау және аяқтау тәсілдерін үйрету;
- Windows - тің объектілері мен басқару элементтерін таныстыру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар операциялық жүйемен жұмыс жасауға үйренеді. Оның компьютерде атқаратын қызметімен танысады.
Тапсырмалар
1. Ыстық орындық
2. Интернет Гид
3. Джигсо әдісі
4. Жұптық әңгіме
5. Сұрақтар шеңбері

Ұйымдастыру кезеңі.
Ұйымдастыру
Сыныптағы атмосфералық ахуалды қалыптастыру
(тренинг)
Тақтаға әр түрлі түсте 3 жұлдызша беріледі. Оқушылар жұлдызшаны таңдайды, сол арқылы оқушылардың көңіл - күйлері анықталады
Бағалау критерийлерімен таныстыру
Топ басшысына топ мүшелерін бағалау үшін бағалау парағы беріледі.
Ортаға билету арқылы топқа бөлу.

ІI. Үй тапсырмасын сұрау
«Ыстық орындық» әдісі
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында ортаға бір оқушы шығады. Қалған оқушылар ортаға шыққан оқушыға өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды.

ІІI. Жаңа сабақ
Мұғалім жаңа сабақ бойынша қысқаша түсінік береді.
1 - тапсырма

«Интернет ГИД»
Оқушыларға өткен сабақта үй тапсырмасы ретінде Windows операциялық жүйесі туралы видео материал дайындап келу тапсырылады.
Оқушылар өздерінің дайындап келген видео материалдарын көрсетіп, басқа оқушыларға таныстырады, түсіндіреді

2 - тапсырма
Джигсо әдісі
Әр топқа әр түрлі тақырыпта тапсырма беріледі.
1 - Windows xp операциялық жүйесі
2 - Windows объектілері
3 - Windows - тің басқару элементтері
Оқушылар өздеріне берілген тақырып бойынша постер дайындап, басқа топ оқушыларына түсіндіреді.

3 - тапсырма
Жұптық әңгіме

(компьютермен жұмыс)
1 - деңгей
1. Компьютерді қосыңдар және Windows операциялық жүйесін жүктеңдер.
2. Қайта жүктеу режимін таңдап, компьютерді қайта жүктеңдер
3. Операциялық жүйенің жүктеу жылдамдығына назар аударыңдар және неліктен солай екендігін түсіндіріңдер.
2 - деңгей
1. Өз компьютерлеріңнен файл, қапшық және таңбашаларды табыңдар.
2. Дәптерлеріңді үш бағанға бөліп, оларды тиісінше бағанға жазыңдар.
3. Олардың айырмашылығын көрсетіңдер.
3 - деңгей
1. Жұмыс үстелінен Windows қапшығын дайындаңдар.
2. Windows қапшығының ішінен тағы да үш қапшық дайындаңдар.
3. Қапшықтарыңа құжат, мәтін және сурет деген атаулар беріңдер.
4. Өз компьютерлеріңдегі құжат, мәтін және сурет файлдарын осы қапшықтарға жинаңдар.

4 - тапсырма
Сұрақтар шеңбері

Оқушылар ортаға шеңбер құрып, жиналады. Бір - біріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақ қояды.
Мұғалім оқушылардың қойған сұрақтары мен берген жауаптарын тексеріп, бақылап отырады.

Кері байланыс
Оқушыларға мұғалімге кері байланыс жасау мақсатында парақшалар таратылады.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын білдіреді.
Бағалау
Топ басшысы әр топ мүшесінің бағасын бағалау парақшасы арқылы таныстырады.
Сол арқылы мұғалім жиынтық бағасын қояды.
Үйге тапсырма
«Менің өмірімнің ғажайып сәттері» тақырыбында суреттік, дыбыстық, мәтіндік құжаттар дайындау.
6 406
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру
Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру
Windows операциялық жүйесінде программаларды орнату мен жоюды, жүйені қайта қалпына келтіру нүктесін құруды және жүйені баптауды іске асыруды.
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары
Операциялық жүйемен және оның қызметімен, түрлерімен, объектілерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Жем қаласы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мурзабаева Ақтолқын Рафитқызы
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×