Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


PowerPoind бағдарламасы (практикалық сабақ)

23 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: PowerPoind бағдарламасы (практикалық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Power Point бағдарламасы жайлы алған білімдерін тиянақтау мақсатында практикалық жұмыстар жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру топпен, жұппен жұмыс жасауға, өзін - өзі бағалауға үйрету.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: Кембридж тәсілі
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, слайдтар, тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушыларды бағалау плакаты, стикерлер, маркерлер

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.(2 мин).
Оқушыларды түгендеу және екі топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын қайталау.(постер құру. Топтық жұмыс).(5мин).
3. “Техникалық диктант" (топтық жұмыс).( 3 мин).
4. Компьютермен жұмыс «Оқушылар шығармашылығы» ( 10 мин
5.) Білімдерін тиянақтау (Триадалық әдіс. Топпен жұмыс) (10 мин)
6. Өзін - өзі тексеру. Тест жұмысы ( 5 мин).
7. Рефлексия
Бекіту және бағалау. Үй тапсырмасын беру. Көңіл - күй көрсету.(5мин).

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасамын және түгендеймін.
Оқушыларды екі топқа бөлемін.
Топ басшысын оқушылар өздері белгілеп алады.
Үй тапсырмасын бекіту мақсатында постер құрамыз. Екі топқа «Power Point» атты постер дайындауға 7 минут уақыт беремін.

1 - топ. Презентация құрудың төрт әдісі
2 - топ. Презентация жасағанда мыналарды есте сақтау керек
Постер жасалып болғасын, әр топ хабарлаушысы ортаға шығып постерін қорғайды. Қорғау кезінде басқа топ мүшелері көмектесуіне болады.

Техникалық диктант 1 - топ.
MS Power Point – презентацияларды әзірлеуге арналған.......................... бағдарламасы.
MS Power Point - тың негізгі міндеті – ақпаратты................. және...................... тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді................,.................. және................
Көрме – қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған көрсетілімдік жиынтығы.

Техникалық диктант 2 - топ
Power Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:
Бастау – Бас мәзір -..................... - - MS Power Point
Көрмені сақтау үшін............. мәзірінде немесе Стандартты құралдар үстелінде................. әмірін таңдаңыз, aшылған.................... терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауы енгізіп,.................... батырмасын шертіңіз.

2. Компьютермен жұмыс
«Оқушылар шығармашылығы»
Мұнда оқушылар берілген тапсырмаларды слайд түрінде орындайды.
1 - тапсырма: Спорттық заттарды жарнамалау туралы слайд жасау.
2 - тапсырма: Слайдқа кесте құру арқылы «Спорттық заттардың прайс - парағын жасау
3 - тапсырма: Өз қалауларыңыз бойынша анимация әсерлерін қосыңыздар?
Үлгі:

№ Спорттық заттардың атауы ------Бағасы------Саны------Барлығы
1. ------------------------------Доп--------800-----------2----------1600

Білімдерін тиянақтау (Триадалық әдіс. Топпен жұмыс)
Оқушылар ешқандай да сөз пайдаланбай берілген тапсырманы сурет түрінде салып бейнелеу қажет.
Топтың бір оқушысы шығып екінші топқа түсіндіреді, ол топ екі жұлдыз және бір тілек жазады.
Power Point бағдарламасы???

Өзін - өзі тексеру. Тест жұмысы.
Әр топқа тест берілді. Тесті топ басшылар жинап алып тексереді. (топ басшысы қарсылас топтың тестін тексереді).
1. Power Point дегеніміз не?
а) көрмелерді әзірлеуге арналған MS Office қолданбалы программасы.
б) компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама.
в) кестелік түрдегі деректерді өндеу кезінде компьютердің қор көздерін басқаратын құрылғы.
г) кодтық кестелерді өндеуге арналған қолданбалы программа.

2. Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдтарды көрсетуге бастау әмірін қай батырма орындайды.
а) F5
б) F7
в) F3
г) F4

3. Power Point бағдарламада F5 пернесі қандай әмірді орындайды.
а) жан бітірімді баптау
б) слайд сипаттары
в) слайдты көрсету
г) анықтама мәзірі

4. Power Point көрмесі дегеніміз не?
а) компьютерде әзірленген слайдтар жиынтығы
б) слайдтар көрсетілімін басқаратын компьютер құрылғысы.
в) электрондық кестені өндеуге арналған қолданбалы бағдарлама.
г) кескіндер, көркем суреттер және диаграммалар жиынтығынан тұратын мәтіндік құжат

5. Бір файлға жиналған слайдтар нені құрайды?
а) кадрлар
б) суреттер
в) көрме
г) көрсетілім

6. Power Point не үшін қажет
а) Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен интернет беттерін жасау
б) Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін артыру мақсатымен кестелер жасау
в) Сызбалық мысалдарды бар мәтіндік құжаттар жасау
г) Ақпаратты есте сақтау және қабылдау Тиімділігін артыруға арналған көрмелерді жасау

Рефлексия
Бекіту және бағалау. Үй тапсырмасын беру. Көңіл - күй көрсету.(3мин).
"Сұрау - қорытындылау“
- Сабақта қандай мәселе басты болды?
- Не қызық болды?
- Қандай жаңалықпен таныстыңдар?
- Нені үйрендіңдер?
Әр сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін

Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай?
wink lol angry
Қанатты сөз
Өзіңді - өзің бағалай біл!
Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді. Л. Вовенарг

Үй тапсырмасы? Қайталау оқып келу.
Топ басшы өз тобының мүшелерін өзі жеке бағалайды.
10 668
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұсаукесерді безендіру
Тұсаукесерді безендіру
PowerPoint бағдарламасын қолдану аймағын анықтауды, бағдарламаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді қалыптастырып оқушыны білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кембридж бағдарламасы бойынша информатика пәнінен 5-11 сыныптарға ОМЖ
Кесте. Кестелер құру. Практикалық жұмыс
Кесте. Кестелер құру. Практикалық жұмыс
№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Сарсенова Г.
Калькулятор бағдарламасы
Калькулятор бағдарламасы
Қызылорда қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Малдыбаева Алтынай
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Информатика пәні мұғалімі: Нурлы Казбекова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×