Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика жұлдыздары

28 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Информатика
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика - физика пәндері апталығына байланысты өткізгелі отырған «Информатика жұлдыздары» білім сайысына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі білімділік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Жас достарым!
Мұны дұрыс ұғайық
Компьютер ол құрметтеуге лайық
Ғылымдардың жаңасы
Дегенмен бала - данасы
Информатика жайында
Сайысымызды бастайық!- дей отырып, жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарты: Сайысқа 2 топ қатысады. Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

1.«Жұлдыздарға сапар»
2.«Капитандар сайысы»
3. Құпия хат»
4.«Кім тапқыр?»
5.«Тіл өнер»
6.«Жұлдыздар әңгімесі»
Қорытынды

Сайыскерлердің ұпайын есептеп отыратын 1 адам тағайындаймыз.

ІІ - жүргізуші:
«Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ катысады.

І - жүргізуші:
1. «Жұлдыздарға сапар»
Жұлдыздармен танысу,
Сапарға шығу аспанға.
Тамашалайық ендеше,
Қазақ халқы ертеден.
Ата салттан асқан ба?
«Жұлдыздарға сапар» өз - өздерін таныстыру. Әр топ өздерін өлеңмен таныстырады. 10 ұпайдан есептеледі.
1. Таныстыру
I - топ – _____________________
II - топ – _____________________

ІІ - жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

І - жүргізуші:
2 кезең. Капитандар сайысы. Бір ақпаратты әртүрлі сигналмен және әр түрлі тәсілмен жіберуге болады. Бастысы, қай сигналдарды қалай түсінуге болатыны алдын ала келісіп алу керек. Егер біз келіссек, онда код немесе шифр пайда болады. Қазір команда капитандары 3 минутта кодталған сөздерді шешеді және код тәсілін түсіндіреді.
Кодталған сөздерді шеш және код тәсілін түсіндір.

1. Коляманлядаляларля (Әр буыннан кейін ля буыны жазылған. Командалар)
2. Акитамрофни (Сөз керісінен жазылған Информатика)
3. Таыссай дімжең (Әр сөздің буындары кері жазылған)

Келесі сайысымыздың «Құпия хат» 3 кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде ақпараттарды кодтау (жасыру) үшін әртүрлі тәсілдермен қатар кодтық кестелерді пайдалануды үйренеміз. Ойынның шарты: кабинетте жасырылған құпия хатты тауып, хаттағы мәтінді шифрдан ашу. Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 922
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Информатика көшбасшысы
Информатика көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Гаухар Нұрмұхамедқызы Жаппасбаева
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×