Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыр кубог (информатикадан сайыс)

30 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: «Сыр кубогі» үшін болған сайыс сабақ
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп, жаңа технологиялық әдістерді кеңінен қолдана отырып өткізу - әрбір мұғалімнің басты міндеті. Соның ішінде оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерінің деңгейін көтеріп тиянақты нәтижелерге қол жеткізуде - ойын түріндегі түрліше сайыс, жарыс сабақтарын өткізудің тиімділігі өте үлкен екендігіне көз жеткізіп жүрміз.
Атап айтсақ, оқыту процесіндегі мұндай үрдістерді қолдану мынадай қасиеттерді арттыруға септігін тигізеді:
● Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
● Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытады.
● Өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге, іскерлікке үйретеді;
● Байқампаздыққа, алған білімін практикалық дағдылар мен ұштастыруға.

Өзім оқытып жүрген информатика пәні сабақтарында осы сабақ элементтерін түрліше нұсқаларда қолданып жүрмін. Соның бірі - «Сыр кубогі» үшін өткізілетін жарыс сабағы.
Сабақ негізінен 7 - 8 сыныптардағы өтілген бірнеше тарауларды қорытындылап, алған білімдерінің нәтижелерін шығарып олармен байланысып нығайтуға бағытталады.
Аталған сабақта оқушылардың тиянақты білімдік және дамытушылық дағдыларын қалыптастырумен қатар өз облысымыз жөнінде жан - жақты мағлұматтар беріп туған өлкемізге деген құрмет сезімін тәрбиелеуді мақсат етіп қойдым. Өйткені Елбасымыздың биылғы «Қазақстан Жолдауында - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан туындайтын келелі міндеттердің бірі - шәкірттерді отан сүйгіштікке, еліміздің тарихына, бүгінгісі мен болашағына деген көзқарастағы

«Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру.
Жарыс шарттары бойынша – сыныптағы 16 оқушы өз парталасымен бірге облыс көлеміндегі бір ауданның (қаланың) атын иеленеді. Олардың өз ауданының тарихы, жер жағдайы, экономикасы, мәдениеті және сол өңірден шыққан белгілі тұлғалар жөнінде хабардар болуы талап етіледі.
Парталастың бірі -«Сыр кубогіне» үміткер болса, екіншісі соның кеңесшісі (тренері) болып есептеледі.

Жарыс олимпиадалық жүйемен өткізіледі, яғни жеребе арқылы әуелгі ширек финалда жеңгендер жартылай финалда сайысады. Ең соңғы финалдың сайыстың жеңімпазына символикалық «Сыр кубогі» береді. Бәсекелер сайысында шығып кеткендер шет қалмайды, келесі сатыларға белсене қатысып жанкүйер, кеңесші ретінде қатысып отырады.
Сайысқа қатысушыларға берілетін сауалнамалар негізінен өтілген бағдарламалық материалдардың көлеміне сәйкес логикалық, теориялық және компьютермен практикалық жұмыс істеу дағдыларының деңгейлерін қамтиды. Айталық, логикалық сұрақтардың мазмұны мынадай болып келеді:

• Қандай бөшкеге су құюға болмайды (суы толып тұрған)
• Бұтақта екі құс қонып тұр, біреуі солтүстікке, біреуі оңтүстікке қарап отыр бірақ бірін - бірі көріп отыр, бұл қалай? (екеуі қарама - қарсы отыр)
• Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкентай күн көзін (лампочка)
• «Ас адамның - арқауы», ал компьютердің асы не? (ток көзі)

Оқушылардың ақпараттың жан-жақтылығын бағалау жөніндегі сұрақтар:
- Оптикалық енгізу құрылғысы (сканер)
- Телефон арқылы ақпарат алмасуға арналған құрылғы (модем)
- Алгоритмнің графикалық түрде кескінделуі (блок - схема)
- Баспа құрылғысы (принтер)
- Ақпараттың процестерді жүзеге асыратын құрал(компьютер)
- Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта)
- Ақпараттың процесстерді зерттейтін ғылым (информатика)
Оқушылардың практикалық білік - дағдыларының деңгейін тексеруге арналған
тапсырмалар:
- Экранға терезе салып өз ауданының презентациялық мәліметтер мәтінін шығаратын бағдарламалар құрып қорғау
- берілген фигуралардан суреттер құрастырып, оларды әртүрлі жағдайларда көрсету.
- Жыл, ай, күн аттарын шатастырмай анықтау.
- Көбелектің суретін салып оның бірнеше көшірмесін көрсету.
- Аудан картасын - жер - су, елді мекендерді түсіріп көрсету
- Көше бойындағы үйлер көріністері
- үй малдарын төңкеріп салу.
- Жол жиектеріне шырша отырғызу
Сайыс қорытындысында ақтық финалдық бәсекеге Қармақшы ауданы өкілінен басым түскен Қызылорда қаласының командасы. «Сыр кубогін» иеленді. Жарыс оған қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленген әсерлі сабақ болып өтті.
2 941
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Оқушыларды информатика пәніне деген қызығушылықтарын дамытып, информатикадан мектеп бағдарламасына сәйкес және күрделілігі жоғары есептерді шығаруға дағдыландыру;
Математикадан сабақ топтамасы
Математикадан сабақ топтамасы
Матемтаика пәні мұғалімі Отарбаева Сәнім
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, №43 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тусупова Г. Х
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып физика, математика, информатика, сызу – сурет сабақтарында оқушы біліктілігін дамыту
Жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып физика, математика, информатика, сызу – сурет сабақтарында оқушы біліктілігін дамыту
Әбдіқасым Молдақадырұлы жоғары санатты математика пәні мұғалімі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×