Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3DMaxStudio программасының интерфейсі

19 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды 3DMaxStudio программасының интерфейсімен таныстыру. Білім – білік дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: Білімділік, сауаттылық, ойлау ұшқырлығын дамыту, икемділік қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:
I) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
II) Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)
ІІІ) Жаңа сабақ (10 мин)
IV) Практикалық жұмыс (20 мин)
V) Бекіту (3 мин)
VI) Үйге тапсырма беру, бағалау (2 мин)

Жаңа сабақ
3ds Max бағдарламасы кез - келген керекті объектінің моделін және слайдтық моделін құруды, натюрморттарды визуалдау арқылы түс беруді, берілген объектіні хромдауды және олардың көлеңкесін шығаруды, лазерлік сәуле түсіруді, фрагменттер мен кадрларды қозғалту арқылы анимациялауды, динамикалық эффектілер көмегімен судың толқыны мен желдің бағыттарын жасауды, адамның келбеті мен шаштарын «Hair and Fur» эффектісімен жүзеге асыруды және тағы да басқа да көптеген мысалдарды құруға мүмкіндік береді. Міне, сол себепті мен де өзімнің диссертациялық жұмысымда осы 3ds Max бағдарламасының күрделі тарауының бірі «Геометриялық сахна моделдерін құру» және «Үш өлшемді кеңістікті бейнелеу» бөлімдерін жоғары математикалық пәнімен байланыстыру мүмкіншілігі қарастырылған. Геометриялық фигураларды үшөлшемді түрде құрып олардың кескіндерін қалай етіп шығуын көруге болады.
3D MAX интерфейсіне сипаттама:

Проекция терезесі. Мах көрінісінің барлық объектісі аумақты (World) координаталар жүйесінде орналасқан. Шартты түрде бұл жүйенің Z өсі тік жоғары, Х өсі оң жаққа, У өсі бақылауыштан шығатын бағытқа бағытталған деп есептеуге болады. Мах 2. 5 проекциясының ортографикалық терезелері – аумақты координаталар жүйесінің қатысына байланысты Тор (төбесінен қарағандағы түрі), Front (алдынан қарағандағы түрі), Left (сол жағынан қарағандағы түрі) т. б деп аталған. Мах жүктелгеннен кейін проекция терезелерінде көрінетін координаталар – бұл аумақты координаталар жүйесіне сәйкес келетін жазықтықтың торы.
Аумақты жүйенің координаталық жазықтықтары бастапқы координаталық тордың (home grids) атымен аталады. Мах аумақты координаталар жүйенің жазықтығынан қандай да болсын бұрышпен орналаса алатын қосымша объект - тор (Grid Objects) жасауға мүмкіндік береді. Мұнда Мах объект торлардың координатты жазықтығына параллель болатын, жазықтықтағы объектілер көрінісінің ортографикалық проекциясын құруға мүмкіндік береді.
Мах 5 проекция терезелерінің келесі типін қолдайды:
- Тор (төбесінен қарағандағы түрі), Front (алдынан қарағандағы түрі), Left (сол жағынан қарағандағы түрі), Back (артынан қарағандағы түрі), Right (оң жағынан қарағандағы түрі), Button (астынан қарағандағы түрі) - сәйкес аумақты координаталар жүйесінің жазықтығының параллель болатын, жазықтықтағы объектілердің ортографикалық проекциясының 6 терезесі.
- Perspective - (Перспектива) - орналысуын қолданушы өзгерте алатын нүктеден қарағанда көріністің түрін сипаттайтын, орталық проекция терезесі.
- Белгі қоятын съемкалық камера сызығына параллель болатын, жазықтықтағы көріністің орталық терезесі. Мұндай терезелер көріністі камераның орналасу нүктесінен көруге мүмкіндік береді және камераның атымен сәйкес аталады, яғни үнсіздік бойынша Camera # (камера #) мұнда # - камераның реттік нөмері (01, 02 т. с. с).
- Жарықтың көзінің сәулесінің осіне перпендикуляр болатын жазықтықтағы көріністің орталық проекциясының терезесі. Мұндай терезелер көріністің әр бағытталған жарықтың көзі орналасқан нүктеден көріністі көруге мүмкіндік береді және жарықтың көзіне сәйкес атпен аталады, яғни үнсіздік бойынша Spot # (Прожектор #) немесе Direct # (Бағытталған #) мұнда #- жарықтың көзінің реттік нөмері (01, 02, т. с. с).
- User (арнайы түр) – көріністі қолданушы өзгерте алатын бұрышпен көрсететін, аксонометриялық проекция терезесі.
- Grid (Top) (Top(төбесінен қарағандағы тор)), Grid (Front) (Top (алдынан қарағандағы түрі)), Grid (Left) (Top(сол жағынан қарағандағы түрі)), Grid Back (Top (артынан қарағандағы түрі)), Grid Right (Top (оң жағынан қарағандағы түрі)), Grid Button (Top (астынан қарағандағы түрі)), Grid (Display Planes) (Top (жазықтықтарды көрсету))- объект - тор координаталар жүйесінің жазықтықтарына параллель болатын жазықтықтағы объектілер проекциясының 6 ортографикалық терезесі және Display бөлімінде таңдалған объект тор қосымша параметрлерінің жиыны болатын, объект тордың конструкциялық жазықтығын бейнелейтін терезе.
- Shape (Пішін)- ерекшелінген екі өлшемді объект пішіндердің жергілікті координаталық жүйесін Х, У жазығына параллель болатын жазықтықтағы ортографикалық проекцияның терезесі.
Проекцияның терезесі ретінде Мах типі қолдайтын терезелердің қандайы болса да болады. Проекцияның кез - келген терезесінде Track View (Терезелерді қөру) терезесі орналасуы мүмкін. Бұл көріністің анимациясын жөндеу кезінде ыңғайлы. Бұл жағдайда Track View (Терезелерді көру) терезесінде бір әрекетті орындау проекцияның белсенді терезесінің ауысуына әкеледі. Проекция терезесіне Track View (Терезелерді көру) терезесін орналастыру кезінде терезенің аты сәйкес келеді, проекция терезесінің менюін шақыру үшін Track View (Терезелерді көру) терезе тақтасының, тақтаның батырмаларына тиіспей, тақтаның бір бөлігіне курсорды апарып тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек.
Проекция терезесін басқару құралдары. Олар бағдарлама терезесінің оң жақ төменгі бұрышында орналасқан: масштаб, барлық терезедегі масштаб, толық көрініс, барлық терезедегі толық көрініс, облыс масштабы, жылжыту (айналдыру), Бүктеу/Қалпына келтіру.
Команда тақтасы. МАХ - тың топтарымен жабдықталғандардың алты командалық тақтасы болады: Create (Жасау), Modify (Өзгерту), Hierarchy (Иерархия), Motion (Қозғалыс), Display (Дисплей) және Utility (Сервис). Қажетті командалық панелді жөндеу үшін сәйкес бөлікке басу керек.
Әр командалық тақтаның негізгі бөлігі шиыршық аймағы болып табылады. Шиыршық (rollout) – құрамында байланысқан параметрлер тобы бар және ені шиыршық енімен тең келетін батырма түріндегі тақырыпшасы бар командалық тақтаның бөлігі.
Шиыршықтар тек командалық тақтаның құрамында ғана емес, сонымен қатар Material Editor (Материалдарды түзетуші), Render Scene (Визуализациялау) сияқты сұхбаттық терезелер қатарында қолданылады.
Мах 5 объектілерінің барлық типтеріне, Editable Spline (Түзелетін сплайн), Editable Mesh (Түзелетін тор) объектілерін қоспағанда, параметрлік, яғни жасау кезінде оларға объектінің орналасу координаталар, ұзындығы, биіктігі бойынша өлшемдері деген сияқты мінездемелік параметрлер жиыны беріледі. Бұл параметрлер өзгеруі мүмкін. Сондықтан объектілерді жасау кезінде жоғарғы дәлдікке міндетті түрде ұмытылу қажет емес.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып, мазмұндау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдер бағалау.
7 317
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Дәрежелік функцияның графигі мен қасиеттерін түрлі есептер шығаруда қолдану; Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығы мен ой ұшқырлығын қалыптастыру;
Интернет сервистері
Интернет сервистері
Білімдікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту Икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсімен және мүмкіндіктерімен танысу
Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсімен және мүмкіндіктерімен танысу
Информатика пәні мұғалімі Сагынгалиева Арайлым Нурлановна
TextBox, Label, CommandButton компоненттері
TextBox, Label, CommandButton компоненттері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Келесбекова Гүлнар
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Frame, DriveListBox, DirListBox, FileListBox компоненттері
Frame, DriveListBox, DirListBox, FileListBox компоненттері
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, «Жарма технология колледжі»КММ Физика және информатика пән мұғалімі Сапарьянова Альфия Токтамысовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×