Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Циклдық алгоритмдер

26 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Циклдық алгоритмдер
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылар циклдық алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеуді және программа құруды үйренеді.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеті, компьютерлік сауаттылығы дамиды;
Тәрбиелік: оқушылар адамгершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке, жауапкершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (электронды сабақ)
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, кестелер, парақшалар,
электронды оқулық
Сабақтың технологиясы: компьютерлік технологиямен оқыту.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау. «Асыл тасты сұрақтар»
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

Топқа бөлу. І – топ: «Әзір циклы» тобы, ІІ – топ «Дейін циклы» тобы, ІІІ – топ: «Үшін циклы» тобы
Өткен материалды қайталау сұрақтары. Алгоритм деген не?
1. Алгоритм деген не?
2. Алгоритмнің қандай түрлері бар?
3. Алгоритм көрсетімінің әдістері.
4. Программа деген не?
5. Циклдың алғы шарты, яғни «Әзір» циклы.
6. Циклдың ілесі шарты, яғни «Дейін» циклы.
7. Параметрлі цикл, яғни «Үшін» циклы.
Жаңа сабақты баяндау
Анықтама. Егер алгоритмде көп рет қайталанатын әрекеттер (әрекеттер тобы) болса, мұндай алгоритмді циклдық деп аталады.
Көп рет қайталанатын әрекеттер - цикл денесі деп аталады.

Өткен сабақтарда өткеніміздей циклдың алғы шарты және циклдың ілесу шарты болады. Алғы шартты цикл «Әзірше» циклы деп аталады. Ілесу шартты цикл «Дейін» циклы деп аталады. Циклдың үшінші түрі бұл параметрлі цикл немесе «Үшін» циклы.
1 – тапсырма
І – топ: Циклдың алғы шартын, яғни «Әзір» циклын қолданып «Шар үрлеу» алгоритмінің блок – схемасын құр.
ІІ – топ: Циклдың ілесу шартын, яғни «Дейін» циклын қолданып «Шар үрлеу» алгоритмінің блок – схемасын құр.
ІІІ – топ: Параметрлі циклды, яғни «Үшін» циклын қолданып «Шар үрлеу» алгоритмінің блок – схемасын құр.

2 – тапсырма
S= 1 + 3 + 5 + … + 25

Қосындыны табудың блок – схемасын және программасын құр.
Мұнда қайталанатын әрекеттер, яғни цикл денесі S=S+x, x=x+2.
Xб = 1
Хс = 25
Хқ = 2
S = 0

3 - тапсырма Жоғарыдағы блок – схема бойынша программа құр.

1 - топ
Program E1;
VAR x, y: REAL;
Begin
Read (x);
IF x= 16) and (x<=26) Then y: =x + 50 Else y: = 2*x + 20;
Write (‘y=’, y: 4: 2);
End.

Сергіту сәті: « Қызыл өрік» видеоролик
4 – тапсырма. «Информатикалық жұмбақтар»
1 – топ.
Биологияда бұл паразит, көзге зорға көрінер,
Информатикада өлшем бірлік, ақпаратты өлшер.
2 - топ
Асханада бұл ыдыссыз шайды демдей алмайсың,
Информатикада үйренушіні дәл осылай атайсың.
Сабақты бекіту Әр топ өздері құрған программаны компьютерде орындап нәтижесін алуы керек.
Үйге тапсырма: Р = 1*3*9*27*81 көбейтіндісінің мәнін есептейтін циклдық алгоритм құр.
Оқушыларды бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 684
0
  • 20
2 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдер мен оларды программалау тілінде аудару туралы білім меңгерту
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау кезеңіне түсінік беру, сызықтық алгоритмдерді программалауды практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың практикалық және логикалық дағдыларын қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білуін тереңдету, ой - өрісін
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, алгоритм құру кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары туралы мағлұматтар қалыптастыру. Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Оқушылар циклдық алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеуді және программа құруды үйренеді
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×