Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютердің қосымша құрылғылары

26 қыркүйек 2014, Жұма
Категориясы: Информатика
Информатика
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютердің қосымша құрылғылары және ақпарат тасығыштар жайлы жан - жақты ақпарат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен ережеге сай, әрі ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, көре және ести отырып көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (топтастыру, «Қызықты батырмалар» ойыны, тірек - сызбалар, сәйкестендіру тесті, тексеру тапсырмалары, «Адасқан әріптер»)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек - сызбалар көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Жүйелік блокты құрастыр!» жүйелік блоктың құрамындағы құрылғыларды топтастыру көмегімен көрсету.
2. «Қызықты батырмалар» ойыны. Ойынның шарты бойынша оқушылар берілген пернетақтаның бетіндегі түрлі - түсті ұяшықтарда жасырынған арнайы батырмаларды табу және олардың қызметін айтуы тиіс.

III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Қосымша құрылғылар – компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады.

Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Принтер – ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы

Лазерлік принтерлер түрлі түсті және ақ - қара болып келеді. Лазерлік принтерлер лазер сәулесінің көмегімен басып шығарады. Лазер сәулесі картриджден қағазға жететін тонерді пісіреді. Лазерлік принтерлер бүріккіш принтерлерден басып шығару жылдамдығымен, бір минутта басып шығаратын парақ сандарымен ерекшеленеді.

Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады. Бүріккіш принтерлер, әдетте, түрлі түсті болып келеді. Бояу картридждердің ішінде құюлы болады. бүріккіш принтерлердің кемшілігі – қымбатқа түседі, басылым ұзақ сақталмайды.

Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы.

Модем – компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы. Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Микрофон – дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы.

Толық нұсқасын жүктеу
24 958
0
  • 80
4 дауыс


Жаңалықтар
Компьютердің қосымша құрылғылары
Компьютердің қосымша құрылғылары
Қатты дискі – үлкен көлемдегі деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы. Дискета – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш.
Дербес компьютердің құрылысы
Дербес компьютердің құрылысы
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылы, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Балтамуратов Ардақ Жұмағалиұлы
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Информатика пәні мұғалімі Ташходжаев Султанмурат Акмалович
Компьютердің программалық жабдықталуы
Компьютердің программалық жабдықталуы
Тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықталуы
ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары
ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәні мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Пернетақта
Пернетақта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×