Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу

13 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік
А) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын артыру.
Ә) Интернет желісінде ақпарат іздеу туралы түсініктеме беру және оны құру тәсілдеріне үйрету.
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, интернетті пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелілігі: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, еңбекке тәрбиелеу, интернет арқылы ақпарат алмаса білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, Internet.
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру әдістері.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) сынып тазалығын тексеру

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
Power Point не үшін арналған бағдарлама
Power Point - ты іске қалай қосуға болады?
Слайд дегеніміз не?
Презентация деп нені атайды?
Слайдтарды қалай қосуға болады?
Слайдқа объектілерді қалай кірістіреді?
Жаңа слайд ашу тәсілдері?
Слайдты көрсету әдістері?
Слайдты сақтау?
Слайдтарды толық экранға көрсету батырмасы?

III. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалана білу керектігін атап көрсетті.
Компьютерлік желінің негізгі түрлері олар:
Компьютерлік желі
Жергілікті желі
Ауқымды желілер
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды
(диск, принтер, файл, құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Жергілікті желі – саны шектеулі әдетте 100 - ге дейін компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі аймақты бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт, немесе компьютерлерді біріктіреді.
Ауқымды компьютерлік желі бұл бір немесе бірнеше желілерді өзара байланыстыру яғни қала, аймақ, ел, бүкіл жер шарын қамтуы мүмкін.
Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі – Internet. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі маман заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгерумен қатар Интернетте жұмыс жасай алуы керек.

Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 944
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Информатика пәнінен 6 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 6 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 6 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер
Тақырыбы: Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.
Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар
Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Интернет жаһандық желі. Ақпар іздеу. Электрондық пошта ашу
Интернет жаһандық желі. Ақпар іздеу. Электрондық пошта ашу
Информатика пәні мұғалімі: Нұрғалиев Марат Аманжолұлы
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету.
Интернеттен ақпарат іздеу
Интернеттен ақпарат іздеу
Сабақтың тақырыбы: «Интернеттен ақпарат іздеу» Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету А) Интернет желілердің құрылу және жұмыс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.