Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Раіnt графиктік редакторы

26 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Көкшетау қаласы.
Информатика пәні мұғалімі
Ажкен Алия Бауыржанқызы

Сабақтың тақырыбы: Раіnt графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал - саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты
жасау туралы түсінік беру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық. жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Дискеттерді пішімдеу дегеніміз не?
Дискеттерді пішімдеу әрекеті қалай орындалады?
Дискеттерді пішімдеудің неше түрі бар? Олардың айырмашылықтары қандай?
Дискетке объектілерді көшіру әрекеттері қалай орындалады?

Жаңа түсініктер:
ДК - нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өндеудің қарапайым құралы стандартты WINDOWS '98 операциялық жүйесі болын табылады. Раіnt графикалық редакторы дегеніміз не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі - түсті нүктелерден - пикселдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға
арналған.

Редактор:
1. Құрал - саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға және т. б. мүмкіндік береді.
Раіnt бағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные =>

Графический редактор Раіnt
Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал - саймандар тақтасын, палитраны және қалып - күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕНДЕРІ
Құрал - саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал - саймандар бар:
- суреттің ерікті аймағын белгілеу;
суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;
суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;
- тұйық контурды құю;
суреттен түс таңдау;
- экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;
- жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;
- ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);
- түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;
- мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);
- түзу сызықтарды салуға арналған сызық;
қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан
кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);
тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал - саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.
- салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 084
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Объектілермен жұмыс істеу, алмасу буфері
Объектілермен жұмыс істеу, алмасу буфері
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылы, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Балтамуратов Ардақ
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар графикалық редакторда жұмыс істеуге үйренеді және графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік алады. Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар сабақ.
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
Paint графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторының құралдары
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
Раіnt графикалық редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Раіnt графикалық редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Елжанова Қымбат №5 жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі.
Раіnt графикалық редакторы
Раіnt графикалық редакторы
Компьютер график құруда және графикалық кескіндерді өңдеуде ең қолайлы және қуатты құрал болып табылады. Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға, түрлі қылқаламды пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға, суретке мәтін енгізуге
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×