Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар

10 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақ тақырыбы: «Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алгоритм, атқарушы ұғымы, алгоритмнің жазылу түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды жүйелікке, бірізділікке, ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: практикалық
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, интерактивті тақта, кестелер.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру.

Жаңа сабақ.
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл - Хорезми ( 763 - 850 ж. ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл - Хорезмидің ұсынған тәсілін жақтаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын - ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет - ретімен орындалуы. Кез - келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т. б. болып бөлінеді.

Атқарушы түсінігі
Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т. б. орындайды.
Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.
Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.
Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын - ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады.

Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын - ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
1) табиғи тілдегі жазылуы;
2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;
3) графиктік жолмен жазу;
4) программалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез - келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналасады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс - әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір - бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 990
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны
Алгоритмнің типтері
Алгоритмнің типтері
Алгоритм дегеніміз - орындаушы белгіленген мақсатқа жету үшін әрекеттің рет - ретімен орындалуы.
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар
Алгоритм туралы және алгоритмнің қасиеттері туралы мағлұмат беру.
Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері
Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №5 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Есмуханова Айнур Наурызбаевна
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
Алгоритм және оның атқарушылары
Алгоритм және оның атқарушылары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×