Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пішіндер және объектілер

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 10 класс
Сабақтың тақырыбы: Пішіндер және объектілер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар
Оқыту формалары: жеке
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақ ты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.
1. Бас мәpір дегеніміз не?
2. Бас мәзірдің қатарын айт
3. Проектілер терезесі дегеніміз не?
4. Visual Basic ортасының бөліктерін түсіндір?
5. New парағын түсіндір?
4. Existing парағын түсіндір?
5. Recent парағын түсіндір?
6. Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
7. Visual Basic қосымшасын қалай сақтаймыз?
8. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
9. Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?
Осы жауаптарды ала отырып оқушыларды бағалаймын.

Жaңа сабақ:
Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнын жасау үшін қызмет атқаратын басты терезені Форма деп атайды. Ол орындалған кезеңде көзге көрінбейтін нүктелі тордан тұрады. Тор пайдаланушының формадағы объектілердің дұрыс орналасуы үшін қызмет атқарады. Форма форма конструкторы терезесінде орналасады. Форма макеті терезесі қосымша орындалғанда программалаушыға форманың экранның қай жеріне шығатынын көрсетіп тұрады. Форманың экранға шығатын орнын өзгерту үшін программалаушы макеттегі форманың бейнесін курсормен шертіп қалаған жеріне сүйреп апарып қоюына болады.
Пайдаланушы Форма мен оның конструкторы терезелерінің өлшемдерін кәдімгі Windows терезелеріндегі әдістерді қолдану арқылы, өзінің қалауы бойынша өзгертіп алуына болады.

Егер экранда Форма көрінбесе, онда оны келесі командаларды орындап шығаруға болады:
1. Бас менюден View - Object командасын орындау арқылы;
2. Shift+F7 функциональды клавишаларын басу арқылы;
3. Project терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы

Visual Basic ортасының Компоненттер панелінде келесі элементтер орналасқан:
1. Pointer – панельдегі екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін кәдімгі режимге ауыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш.
2. Label – текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент.
3. Frame – формаға ішіне әртүрлі компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылатын компонент.
4. CheckBox – формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент.
5. ComboBox – формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар құрастыруға болатын өріс шығару үшін қолданылатын компонент.
6. HscrollBar – формаға жатық айналдыру белдеушесін шығаратын компонент
7. Timer – формаға уақыт - өлшеуіш шығаратын компонент
8. DirListBox – формаға таңдалған дискінің құрамына кіретін каталогтар тізімін шығаратын компонент.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 573
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Интернет сервистері
Интернет сервистері
Білімдікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту Икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Информатика пәнінен қорытынды тестілеу жұмысы
Информатика пәнінен қорытынды тестілеу жұмысы
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ информатика пәні мұғалімі Ибраемова Жумаганым
Visual Basic – те программалаудың негіздері
Visual Basic – те программалаудың негіздері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №70 Жанқожа батыр атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Айгелдиева Маржанкүл Сарсенқызы
Visual Basic бағдарлама ортасы
Visual Basic бағдарлама ортасы
Тақырыбы: Visual Basic бағдарлама ортасы
Visual Basic визуальды бағдарламалау жүйесі
Visual Basic визуальды бағдарламалау жүйесі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды селосы, №3 жалпы орта мектебі физика және информатика пәні мұғалімі Әбдіхалық Айнұр Таңатарқызы
Frame, DriveListBox, DirListBox, FileListBox компоненттері
Frame, DriveListBox, DirListBox, FileListBox компоненттері
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, «Жарма технология колледжі»КММ Физика және информатика пән мұғалімі Сапарьянова Альфия Токтамысовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×