Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нөмірленген және маркерленген тізім. Баған

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізім. Баған.
Сабақтың мақсаты:
• оқушыларға тізім, баған дегеннің не екенін ұғындыру
• мәтіндік редактордағы тізімнің түрлерімен таныстыру
• мәтіндік редакторда тізіммен, бағанмен жұмыс істеу жолдарын үйрету
Сабақтың типі: практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті
Көрнекілігі: компьютер кешені, презентация «Word редакторының пішімдеу батырмаларының қызметі»
Білім мен біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар:
оқушы білуі тиіс:
• тізім, баған дегеннің не екенін;
• тізім мен бағанның түрлерін;
• тізім мен баған қоюдың қарапайым жолдарын;
• мәтінді тізімге айналдыру;
• тізімді пішімдеуді;
• баған түрлерін орнатуды;
оқушы меңгеруі тиіс:
• тізім мен баған түрлерін;
• қарапайым тізім түрлерін орнатуды;
• баған қоюды;
• мәтінді тізім мен бағанға орнатуды;

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Балалар! Біз өткен сабақтарда Microsoft Office – 2013 пакеті құрамындағы Microsoft Word - мәтіндік редакторымен танысуды бастап, ол қандай программа, не үшін арналған, оны қалай қосамыз, оның терезесі құрылымымен, онда құжат құру және оны сақтау жолдарын үйрендік.

Олай болса, бүгінгі жаңа сабаққа көшпес бұрын сол өтілген сабақтардағы негізгі түсініктерге тоқталып өтейік, қаншалықты есте қалды екен.
Тест орындау / презентацияда орындалады/
Презентация арқылы өтілген материалдарды қайталап өтеміз.
Ал, балалар, өткен сабақтардағы үйренген білімдерімізді практика жүзінде қаншалықты іске асыра алады екенбіз, тексеріп көрелік. Олай болса компьютермен жұмыс жасаймыз:

Жұмыс үстелінен « информатика - 6 кл» папкадан практика - 1

1. Ақпаратты сақтап, таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.

2. Батырмасын басасың,
Қажет файлды ашасың.

3. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз қаламсыз.

4. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

Берілген жұмбақтарды мына үлгіде пішімдеп көрсетіңдер:
1 – жұмбақ: Arial, 20,,,.
2 - жұмбақ: Verdana, 18,,,
3 - жұмбақ: Times New Roman, 26,,,
4 – жұмбақ: Tahoma, 36,,,

Жарайсыңдар балалар! Word редакторында мәтінді пішімдеуді біраз үйреніп қалыпсыңдар!
Ал, бүгінгі сабақта біздер мәтінді пішімдеуді жалғастырамыз.
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы:
Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар
Тізім деген қандайда бір шамалардың реттелген жинағы. Тізім тұрмыста көп әрекеттерде қолданылады: оқушылар тізімі, қоймаға келіп түскен тауардың тізім, олимпиадаға іріктеу сынынан өткен спортсмендер тізімі, кабинеттегі техника қауіпсіздігін сақтау әрекеттері, құрамында А витамині көп жемістер тізімі...

Word редакторында тізімді жазудың үш түрі бар: нөмірленген, маркерленген, көпдеңгейлі
Мысалы:
Нөмірлеген тізім:
Компьютермен жұмыс барысында қөзді шаршатпау үшін мына талаптарды орындау керек:
1. Мониторға дейінгі арақашықтық 55 – 65см – ден кем болмауы керек.
2. Компьютер алдындағы жұмыс 25 минуттан аспау керек
3. Экранның ортасына тура қарау керек
4. Жиі – жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек
5. Дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар міндетті түрде көзілдірік киіп отыру керек
Сынақтан өткен оқушылар:
--------------------------
Маркерленген тізім:

Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлері:
• Сандық
• Мәтіндік
• Графикалық
• Дыбыстық
• Бейне

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 884
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар
Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар
Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар
Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар
Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар
Маркерленген тізімді жасау кезінде маркердің әр түрлі типін таңдауға болады. Маркерлер батырмасынаң қасында орналасқан (4. 43. Сурет), төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, жиі қолданылатын сегіз маркердің бірін таңдауға болады.
Кесте. Кестелер құру, кестелерді редакциялау
Кесте. Кестелер құру, кестелерді редакциялау
Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы, С.Жаңғабылов атындағы орта мектептің информатика пәнім мұғалімі Игишева Римма
Бағандар. Беттің өлшемдері, ернеулері
Бағандар. Беттің өлшемдері, ернеулері
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, А. Құнанбаев атындағы №6 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Есенеева Рысжан Ескалиевна
Номірленген және таңбаланған тізім. Баған
Номірленген және таңбаланған тізім. Баған
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Ермекова Занзура
Нөмірленген және маркерленген тізімдер
Нөмірленген және маркерленген тізімдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектептің информатика пән мұғалімі Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×