Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Microsoft Word бағдарламасы

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 6 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Microsoft Word бағдарламасы бойынша білімді меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық - технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылары ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, практикалық жұмыс, бейне әдіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, электронды оқулық sin kaz тапсырмалары,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасы: Microsoft Word терезесіне шолу «Кім білімпаз?» сұраққа жауап
ІІІ. Жаңа сабақ: Microsoft Word мәтіндік бағдарламасында жұмыс істеу
Мүмкіндіктері мен қызметтері.
Microsoft Word мәтіндік бағдараламасын іске қосу үшін: Бастау Бағдарламалар -- Microsoft office Microsoft Word
Microsoft Word мәтіндік бағдарламасы – бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға, мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдарлама құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Ең алдымен біз файлға мәтінді енгізуге пернетақтаның көмегімен пайдаланамыз:

Пернетақта 4 бөліктен тұрады:
1. Әріптік – сандық пернелер.
2. Жүгіргіні басқару және мәтінді түзету пернелері
3. Жетелік пернелер (функционалдық F1 - F - 12)
4. Сандық пернелер
Оларды іске қосу ын және өшіруін растайтын перне Num Lock деп аталады.
Құжатты сақтау үшін:
Файл – Сохранит как? Яғни – сақтау – файлға тақырып енгізіп қажетті орынға сақтай аламыз. Сақталған құжатымызды тасмалдаушы құралдар арқылы атап айтсақ: 3, 5 иілгіш дискетіне, дискіге, флешка, DVD - CD дискілеріне сақтап тасымалдауға болады.
Стандартты құралдар үстелінде: жаңа парақ ашу, Файлды папкалардан іздеу, сақтау, баспаға шығару, қырқу, көшіру, қою, болдырмау, өңдеу, масштаб, бағандар жтб әмірлерін орындауға болады.

• Көшіру, қиып алу, қою, болдырмау командалары бойынша:
Microsoft Word – та жұмыс істеу кезінде әрекетті болдырмау көзделеді. Бұл қызметті соңғы аяқталған әмірді немесе әрекеті бодлырмай тастайтын Болдырмау - әмірі атқарылады. Егер сіз қандай да бір қате әрекетін жасап, нәтижелеріне көңіліміз толмаса, осы қызметті Өңдеу мәзірін ашып Енгізуді болдырмау батырмасын басамыз немесе пернетақтадағы Ctrl+Z пернелер жиынтығын пайдаланамыз.

• Бағандармен жұмыс істеу: Стандартты үстелдер үстінен 4 бағаннан тұартын бағандарды басыңыз. Тінтуірдің көмегімен бағандардың қажетті санын көрсетіп жұмыс істей аламыз.

• Microsoft Word – терезесінде кесте құру:
Мәзір жолағында орналасқан әмірлер: Файл - Правка – Вид – Вставка - Формат – Сервис - Таблица – Окно - Справка:
Яғни осы қатарда орналасқан Таблица әмір басу арқылы Вставит таблицу – строка – столбец яғни қатар мен бағандар санын көрсетіп, әмір беру арқылы өзімізге керекті кестемізді құжатымзға түсіре аламыз. Немесе нарисовать таблицу – яғни ол кестені қаламсап арқылы қолмен сызу командасын орындауға болады. Таблица әмірінің ішінде бағандар мен қатарларды қосуға оны алып тастауға, біріктіре, жоюға да мүмкіндік бар.

Microsoft Word – терезесінде Пішім құралдар үстелі батырмаларының көмегімен мәтінді безендіруге байланысты барлық негізгі әрекеттерді орындауға болады.:
• Қаріп типін таңдау;
• Қаріп өлшемін белгілеу;
• Қаріп мәнерін белгілеу;
• Мәтінді туралауды белгілеу;
• Мәтінді бағандарға бөлу;
• Тізімдер жасау;
• Мәтін жиектерін жасау;
• Мәтінді бояу түсін белгілеу;
• Мәтін түсін белгілеу:

Оқушылардың білімін тексеру: Сұрақ – жауап.
1тапсырма. MS Word құжаттар терезесінің атауларын тап.
2 тапсырма. Пернетақта неше бөліктен тұрады?
Жауабы: Пернетақта 4 бөліктен тұрады:
1. Әріптік – сандық пернелер.
2. Жүгіргіні басқару және мәтінді түзету пернелері
3. Жетелік пернелер (функционалдық F1 - F - 12)
4. Сандық пернелер

ІV. Сабақты бекіту, қорытындылау.:
• Microsoft Word бағдарламасының қызметі қандай?
• Microsoft Word бағдарламасының мүмкіндіктері қандай?
Microsoft Word мәтіндік бағдарламасы – бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға, мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдарлама құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Ең алдымен біз файлға мәтінді енгізуге пернетақтаның көмегімен пайдаланамыз:
V. Бағалау
VІ. Үй тапсырмасы: Microsoft Word бағдарламасы тақырыбында реферат жазу.
5 339
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Ms Word мәтіндік редакторы
Ms Word мәтіндік редакторы
Microsoft Word бағдарламасы бойынша білімді меңгерту Оқушылардың ақпараттық - технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×