Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану, қылқаламмен сурет салу

17 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 7 сынып
Тақырыбы: Бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану, қылқаламмен сурет салу.
Мақсаты:
1. Информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру.
2. Оқушыларды компьютермен жұмыс істеуді дағдыландыру.
3. Қылқаламмен сурет салу, бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты
үнемдеуге дағдыландыру.
Түрі: Білімді жинақтау, қорытындылау.
Әдісі: Деңгейлеп - саралап оқыту.
Көрнекілігі: Тақырыптық плакаттар, слайд, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану, қылқаламмен сурет салу». Жаңа сабаққа кірісу алдында өтілген материалдарды қайталайық.

ІІ. Миға шабуыл (Үй тапсырманы тексеру)
/слайд №1/
● Paint графикалық редакторы не үшін қажет?
● Paint графикалық редакторында не істей аламыз?
● Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
● Paint графикалық редакторының терезесінде нелер бар?
● Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады, қалай?
● Құрал саймандар тақтасында неше құрал бар?
- Ал балалар, енді компьютерді қосуға рұқсат беремін. 5 топқа бөлініп отыра қаламыз.

ІІІ. Жаңа материалды беру:
Бүріккіш құралын пайдалану
Бүріккіш құралы бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.
1. Бүріккіш батырмасында тышқанды шертіңдер;
2. Нұсқағышты түстер палитрасына орнатып, қажетті түсті таңдап, тышқанды шертіңдер;
3. Құралдар жиынының төменгі жағында пайда болатын жақтаудан бүрку дағының өлшемін таңдаңдар;
4. Тышқан нұсқағышын бүркілетін жерге апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, бояуды бүрку керек. Тышқанды қаншалықты ұзақ және баяу жылжытып батырманы басып тұрса, бояу соншалықты қою бүркіледі.

Қылқаламмен сурет салу:
Сурет салғанда, онда кейбір бөліктерді бояуға тура келеді, бірақ оларды құю құралымен бояуға болмайды., себебі ол үшін контур тұйық болуы керек, ал қарындашпен бояу өте қолайсыз. Міне осындай жағдайларда Қылқалам(Кисть) құралы көмекке келеді.
1. Қылқалам батырмасында тышқанды шертіңдер;
2. Құралдар жиынының төменгі жағында пайда болатын жақтаудан кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаңдар;
3. Тышқан нұсқағышын түстер палитрасына орнатып, қажетті түсті таңдап, тышқанды шертіңдер;
4. Тышқан нұсқағышын бояуды бастайтын жерге орналастырыңдар;
5. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Кистьті боялатын бетте кәдімгі кистьпен бояп отырғандай жылжытыңдар.
6. Тышқан батырмасын жіберіңдер.

Өшіргіш құралын пайдалану:
Егер салған суреттерді немесе сызық өздеріңе ұнамаса, онда оны Өшіргіш құралының көмегімен өшіруге болады. Ол оқушылардың өшіргішінің міндетің атқарады.
1. Жұмысты өшіргіш құралында тышқанды шертуден бастаймыз;
2. Құралдар тобының төменгі жағында пайда болатын жиыннан өшіргіштің төрт өлшемінің бірін таңдаңдар;
3. Тышқан нұсқағышын өшірілетін сызыққа орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, салынған сурет өшкенде жоғарғы, төмен, оңға және солға жылжытыңдар.
4. Батырманы жіберіңдер.

ІҮ. Түртіп алу жүйесі. INSERT. (Дәптерлеріне жазып алады)

V. Практикалық жұмыс:
Ал, қазір біз практикалық жұмысқа көшіміз. Төмендегі суреттерді салыңдар:
Салып болғаннан кейін мұғалімді шақырып жұмыста тапсырасыңдар.

ҮІ. «Сөздерді есте сақтау».
Сөздер беріледі әр топқа, 20 секунд ішінде естеріне сақтап, суретін
компьютерде салып көрсету керек.
Қайталау сұрақтары:
- Ал енді балалар құрал саймандар тақтасындағы құралдарға мағлұматтар берейік. /Слайд/

VІІ. Сабақты қорытындылау:
Өзін - өзі бағалайды. Слайдта тест тапсырмасын орындайды. Дұрыс
жауабымен салыстырады.
VІІІ. Үйге
3 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Paint графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау
Paint графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау
Paint графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау Стандартты Paint редакторымен танысу
Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбайқызы
PAINT редакторында сурет салу кезеңдері
PAINT редакторында сурет салу кезеңдері
Қызылорда қаласы, №172 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ниязова Куралай
Paint графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторының құралдары
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×