Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Excel- де диаграммалар салу

22 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Excel - де диаграммалар салу.

Сабақтың мақсаты.
А) Білімділігі: Оқушыларға Excel - дің графикалық мүмкіндіктерінің бірі - диаграмма құрастыруға
мағлұмат беріп, диаграмма түрлерін таныстырып, төрт қадамды үйрету.
Б) Тәрбиелігі: Диаграмма шебері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуі мен сабаққа деген қызығушылығын
арттыру.
В) Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
- Диаграмма тұрғызу үшін диаграмма шеберін пайдалануды;
- Диаграмма туралы ережені; Диаграмма түрлерін;
- Диаграмма шебері арқылы орындалатын әрекеттерді;
Оқушылар үйренуі тиіс:
- Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;
- Диаграмма сызуды;
- Төрт қадаммен жұмыс жасауды;
Көрнекілігі: Компьютер, мультимедия, парақшадағы тапсырмалар, буклет
және плакаттағы диаграмманың стандартты түрлері;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, өз бетінше жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Математика.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Білімді жетілдіру.
V. Білімді бекіту.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма.
VІІІ. Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімдерін сұрақ - жауап арқылы
тексеру:

1. Microsoft Excel қандай бағдарлама?
Жауабы: Кесте түріндегі мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама.

2. Excel терезесі элементтерін ата.
Жауабы:
• Тақырып жолағы
• мәзір жолағы
• стандартты үстелі
• пішімдеу үстелі
• өрнек жолағы
• бағандар тақырыбы
• ұяшықтар
• жолдар тақырыбы
• тапсырма аумағы
• айналдыру сызығы
• парақтар лақаптары
• күй жолағы

3. Ұяшық дегеніміз не?
Жауабы: Microsoft Excel программасында мәлімет енгізілетін кестенің ең кіші бөлшегін айтамыз.

4. Кесте дегеніміз не?
Жауабы: Қатарлар мен бағандарда реттелген ақпараттар кесте деп аталады.

5. Қанша баған мен қанша қатар бар, олар қалай белгіленеді?
Жауабы: 256 бағаннан 65 536 жолдан тұрады. Жолдар сандармен нөмірленіп, ал бағандар әріптерден тұрады.

6. Excel - дегі электрондық кесте мен Wort - тағы қарапайым кестенің айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
Жауабы:
Ұқсастығы: мәтін теруге болады, құжаттарды құруға болады, форматтау, баспаға шығаруға болады, ұяшыққа (сан, мәтін, формула) түрінде мәлімет енгізуге болады,

Айырмашылығы: Excel - де Wort - қа қарағанда формуламен, функциямен жұмыс жүргізуге болады, күрделі есептер жүргізуге болады, графиктер тұрғызуға болады, диаграмма тұрғызуға болады.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
1. Әртүрлі типті диаграммалар және графиктер құрып үйрену;
2. Диаграммаларды өңдеу және безендірудің негізгі әдістерін меңгеру;

Диаграммалар - мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграмма бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel - де 14 түрлі мынадай диаграмма түрлері бар:

Гистограмма түріндегі диаграмма.
Сызықтық диаграмма
График түріндегі диаграмма.
Дөңгелек түріндегі диаграмма
Нүктелік диаграмма.
Аумақтық диаграмма
Сақиналы диаграмма.
Жапырақты диаграмма
Бет түріндегі диаграмма.
Көпіршік түріндегі диаграмма.

Диаграммалар жасау үшін Диаграмма шебері пайдаланылады. Диаграмма шебері орындаған әрбір қадам барысында пайдаланушы диаграмма қандай күйде екенін көріп отырады. Кез келген сатыда артқа қайта оралып, істелген әрекетті болдырмай тастауға болады. Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген батырмалар және пішімдеу әрекеттерінің көмегімен өзгертуге болады.

Диаграмма шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаймыз:
1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
2. Вставка → Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі Диаграммалар шебері ---------- батырмасын шертеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі
Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі
Диаграмма түрлерін ажыратады, кесте мәліметтеріне сай диаграмма әр түрін тұрғызады және жеке параққа орналастырады.
Диаграмма
Диаграмма
Деректерді жинау, кестелерді, пиктограммаларды диаграммаларды күнделікті материалдың көмегімен жүйелеу, жасап бітіру. Тақырыпты түсініп, тыңдап, сұрақтар арқылы талқылайды.
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Электрондық кестеде жұмыс жасай алу үшін бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×