Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатикадан практикалық сабақтың жоспарлары

12 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика және электронды есептегіш техникасы.
Практикалық сабақтың жоспары.

Практикалық сабақ
Тақырып бойынша білуге тиіс тапсырмалар.

1. Excel – ді іске қосыңыз.
2. Ехсеl терезесінің мазмұнымен танысыңыз.
3. Тышқан курсорын Стандартты саймандар тақтасындағы батырмалар бойымен жылжытып олардың қызметтерін оқыңыз.
4. Еxcel менюінде жұмыс істеңіз.
5. Сервис менюінен, Параметрлер командасын таңдап, Түзету бүктемесін ашыңыз.
6. Онда Ұяшықтарды тасуға рұқсат деген терезеде жалауша тағайындалған ба тексеріңіз, егер жоқ болса тағайындап, ОК батырмасын шертіңіз.
7. Тышқан арқылы D4 ұяшығын белгілеңіз.
8. Курсорды жылжыту пернелері арқылы А1 ұяшығына қайта оралыңыз.
9. 6 - шы парақты белгілеңіз
10. 1 – ші параққа қайта оралыңыз.
11. 3 – ші жолды белгілеңіз.
12. Белгілеуді алып тастаңыз.
13. D бағанасын белгілеңіз.
14. А2: Е13 блогін тышқан арқылы белгілеңіз.
15. А, В, С, D бағаналарын белгілеңіз.
16. Белгілеуді алып тастаңыз.
17. С4: F10 блогін пернетақта арқылы белгілеңіз.
18. Жұмыс парағын белгілеңіз.
19. Белгілеуді алып тастаңыз.
20. Келесі блоктарды бір мезгілде белгілеңіз: F5: G10, H15: I15, C18: F20, H20
21. Excel – дегі функция түрлерімен танысыңыз.
Fx батырмасын шертіңіз. Барлығы (все) категориясын таңдаңыз. Функциялар қалай есептелетініне мән беріңіз., min, max.
Есептелген у мәндерінің қосындысын F25 ұяшығына жазыңыз.
22. Е25 ұяшығына «Сумма у=» түсініктеме мәтінін жазыңыз.
23. у мәндерінің арифметикалық ортасын тауып безендіріңіз. «Қосынды тапқан сияқты)
24. Е26 ұяшығына түсініктеме мәтін, F26 ұяшығына орта мәнді жазыңыз.
25. у мәнінің ең үлкен және ең кіші мәндерін тауып, кестеге жазыңыз, ал Е27 және Е28 ұяшықтарына түсініктеме мәтін, F27 және F28 ұяшықтарына ең үлкен және ең кіші мәнін толтырыңыз.
Функция шеберін қолданыңыз:
Қою, Функция, Барлығы, Ең үлкен, Қадам, F4: F24, Аяқтау (Вставка, Функция, Все, Макс, Шаг, F4: F24, Закончить)

Сабақтың мақсаты: 1. Техника қауіпсіздігімен таныстыру, журналға қол қойдыру.
2. Microsoft Excel программасымен, электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен жұмыс жасауды үйрету.
3. Формулалар мен функцияларды пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер.

Сабақтың жүрісі:
1. Кіріспе нұсқаулар - 1. Оқушыларды түгендеу
2. Оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру, техника қауіпсіздігімен таныстыру.
3. Оқушыларға тапсырма беру және тапсырмалардың орындалу ретімен таныстыру.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.
(Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау кезінде ағымдағы нұсқау жүргізіледі). Онда оқушылардың берілген тапсырманы орындауын бақылау. Қателерін түзету, түсінбей отырған оқушыларға көрсетіп бағыт беру. Жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтауды мұқият қадағалау.
3. Ақтық нұсқау.
1. Өткізілген практикалық сабақты қорытындылау.
2. Оқушыларды бағалау.
3. Үйге тапсырма: Қайталау.

Информатика және электронды есептегіш техникасы.
Практикалық сабақтың жоспары
Практикалық сабақ 3, 4
Тақырып бойынша білуге тиіс тапсырмалар.

● Стандартты саймандар тақтасындағы Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) батырмасын шертіңіз.
Excel диаграмманы өңдейтін кестенің қай жеріне орналастыруды сұрайды.
● Курсормен G18 ұяшығын шертіңіз.
● Тышқанның сол жақ батырмасын жібермей басып тұрыңыз.
● G18: M35 ұяшықтарын белгілеңіз.
● Тышқанның сол жақ пернесін жіберіңіз.
● Тышқанның көмегімен G16: M17 ұяшықтар тобын белгілеңіз.
● Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) сұхбаттық терезесінде Қадам (Шаг )
батырмасын шертіңіз.
● Гистограмма түрін таңдап Қадам (Шаг ) батырмасын шертіңіз.
● Пішім (Формат) таңдаңыз және Қадам (шаг) батырмасын шертіңіз.
● Қадам (Шаг ) батырмасын шертіңіз.
● Диаграмма аты деген терезеге мәтін енгізіңіз.
● Аяқтау батырмасын шертіңіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 722
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
ЕХСЕL кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.
Компьютер құрылғылары
Компьютер құрылғылары
Тақырып: Компьютер құрылғылары
Бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану, қылқаламмен сурет салу
Бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану, қылқаламмен сурет салу
Тақырыбы: Бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану, қылқаламмен сурет салу
ExceI менюімен жұмыс атқару
ExceI менюімен жұмыс атқару
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы, №17 кәсіптік лицейінің математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі: Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы СЫНЫБЫ: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кесте элементтері:
Кесте элементтері Жол. Баған. Ұяшық
Кесте элементтері Жол. Баған. Ұяшық
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×