Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Microsoft Word мәтіндік программасын қорытындылау

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік программасын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың мәтіндік процессор туралы алған білімін жүйелеу, жинақтау, толықтыру, бағалау.
дамытушылық: оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білу және пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, өзінің жасаған жұмысына сын көзбен қарауға, нәтижесін алуға, уақытты үнемдеуге, ойын жүйелеп, еркін ортаға салуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: жарыс
Ә д і с і: сөздік, практикалық
Т ү р і: Білімдерін жүйелеу, қорытындылау, бағалау
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, орыс тілі, қазақ тілі
Көрнекілігі: компьютер, слайд, электрондық оқулық, интерактивті тақта, актив слайд, Merits программасы

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. деңгейлік тапсырма беру
5. қорытынды жасау
6. бағалау
7. үйге тапсырма беру

Өзіңді - өзің бағала!

бағалап отырамыз 1 - 3 балл «2», 4 - 11 балл «3», 12 - 17 балл «4», 18 - 25 «5»;
тапсырмалар 1 - 5 балл
“Кім білімді?”
(үй тапсырмасы)
І деңгей (ой қозғау)
І І деңгей (өзіңді тексер)
ІІІ деңгей ( ой толғау)
Шығармашылық (ойшылдар)
Қорытынды (балл қосындысын шығару)

Үй тапсырмасын тексеру (еске түсіру)
І. “Кім білімді”
1. Мәтін, мәтіндік редактор дегеніміз не?
2. Мәтіндік редактор терезесіндегі саймандар тақтасы нешеге бөлінеді, қандай – қандай?
3. Кесте қандай элементтерден тұрады?
4. Word программасының тағы қандай мүмкіндіктерін білесіздер?
5. Word программасында суретті кірістіру үшін қандай команданы орындайды,

Ой қозғау
І - деңгейлік тапсырма
Өзіңді тексер
ІІ деңгейлік тапсырма
Ойтолғау
ІІІ деңгейлік тапсырма
Ойшылдар
Шығармашылық

І деңгей тапсырмасы
 1. Қазақстан Республикасының алғашқы президенті кім?
 2. Әнұранның авторларын жаз.
(Қызыл түспен, 17 кегельмен, жолдың сол жақ шетінен бастап және 3 - 5 минутта үлгергеніңізше әнұранды теріп енгіз, бір жоларалық интервалмен, беттің жиектері - 20мм, төмені - 20мм, сол жағы - 20мм, оң жағы - 15 болсын)

ІІ деңгей тапсырмасы
4/5 өлшемді кестені сызыңыз.
1) 1 - жолдағы 1 - 2 бағанды біріктір
2) 3 бағандағы 3 - 4 жолдарды біріктір және осы объектіні қызыл түспен боя
3) 2 - бағандағы 5 - жолды 3 бағанға бөл
4) 1 - жолдағы 1 - бағанға сурет қой (компьютер немесе өз қалауыңыз)

ІІІ деңгей тапсырмасы
Фигуралық мәтінді және фигураларды пайдаланып Word программасына (редакторына) сипаттама бер.

Шығармашылық
Өткен жыл несімен есінде қалды кескінмен көрсет. Мәтіндік редактор туралы слайд даярлап, қорытынды жаса.
Үйге тапсырма:

7 тарауды қайталап, не істедім, не үйрендім, не үйренгім келеді? кестесін толтырып келу. Қосымша мүмкіндіктерін пайдаланып жасау.
3 885
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
MS Word мәтіндік редакторы
MS Word мәтіндік редакторы
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Андас батыр ауылы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі: Абдуллаева Сымбат Жайылханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×