Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


PAINT графикалық редакторында сурет бөліктерімен жұмыс істеу

25 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика пәні мұғалімі: Мұғинадин Назерке
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторында сурет бөліктерімен жұмыс істеу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, компьютер, слайдтар, «Информатика» оқулығы 5 класс
Күтілетін нәтиже:
● Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
● Редакторды іске қоса алады.
● Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
● Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
● Салынған суретті сақтап, ашып, қағазға басып шығара алады.

Сабақ барысы:
● І. Ұйымдастыру кезеңі
● II. Үй жұмысынтексеру
● III. Үй тапсырмасын бекіту
● ІV. Жаңа сабақ
● V. Практикалық бөлім
● VI. Қорытындылау
● VІI. Үй тапсырмасын беру
● VІIІ. Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу;
2. Үй жұмысын тексеру: Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, талдап, жұлдызшыдағы сұрақтар арқылы үй жұмысын бекіту;
3. Үй тапсырмасын бекіту
Сұрақтар:
Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
Дөңгеленген тік бұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
Қисық сызықтар салу әрекеті қалай орындалады?
Көпбұрыштар салу әрекеті қалай орындалады?
Құю құралын пайдаланып тұйық фигуралардың ішін қалай бояуға болады?

4. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға тапсырма беріледі және ертегі оқылады.
Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы.
Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ерте кезден - ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
- Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз
PAINT графикалық редакторы
PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек. Пуск Барлық бағдарламалар → Стандартты → PAINT
Осы әрекеттер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.

Сурет салу кезеңдері
• Құралды таңдап алу
PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
• Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап, бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
• Кескіннің түсін таңдау
Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шерту керек
• Фонның түсін таңдау
Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл фонды пайдаланып объектілері жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)
Суретті қалай сақтайды?
Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.
PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін «Файл - сохранить как» командасын орындау керек.
Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады
Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.
PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі - bmp
Мәтіні бар сурет салу
Суреттің үстіне мәтін жазу, қосу үшін мынадай құрал пайдаланылады
- Надпись(жазу) – мәтін жазуға арналған

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 844
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ермекова Айгерім Мұханбетқызы
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
Графикалық редактор
Графикалық редактор
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылы, Кішкенетау орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі Шакенов Тұрсынбек Құдышұлы Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×