Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Файлдарды архивтеу

25 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Файлдарды архивтеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға файлдарды архивтеуді, сығуды, архиватор программасы туралы түсіндіру, білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейінділік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, арттыру;
Тәрбиелік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, кестелер, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушыларды түгендеу
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Б) Психологиялық тренинг.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулесі ананың алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға салайын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
«Ұяшықтар таңдау»
10 - балл. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
10 - балл. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін атаңыз
20 - балл. Детектор программасының міндеті.
20 - балл. Доктор - программалардың мүмкіндігі.
30 - балл. Вирусқа қарсы программалар.
30 - балл. Ревизор программалардың міндеті.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
1. Резервтік көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желілер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватор деп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар - архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрайды. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін де қажет. Архив – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы.

Есіңе сақта!
Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып - түю, сығу), ал файлды архивтен алу - архивтен шығару деп аталады. Буып - түйілген ( сығылған ) файл архив деп аталады.
Программашылар көптеген әртүрлі архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңінен тарағаны WinRar және WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді.
WinRar және WinZip архивтермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен шығаратын архивтерді құрады. Бұлар интернетте ең танымал архиваторлар.
Көптомдық архивтер – бірнеше бөліктен тұратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.

2. Практикалық тапсырмалар.
WinRar архиваторының көмегімен файлдарды архивтеңіз және архивтен шығарыңыз.
1 - С дискіде бума құрып, оған Архив деген атау беріңіз.
2 - Архив бумасында бірнеше мәтіндік құжаттар құрыңыз.
3 - WinRar программасын іске қосыңыз.
4 - Файлдарды ерекшелеңіз және Командалар – Файлды архивке қосу командаларын енгізіңіз.
5 - Архивтеу параметрлерін беріңіз. 1 - сурет Ең алдымен, архивтік файлдың атын және оның дискідегі сақталу орнын беру қажет. Одан кейін Rar және Win архивтелулерінің пішімін таңаңыз.
6 -. Сол сияқты Архивтің аты - және параметрлері тақтасында архивтеу параметрлерін беріңіз:
• Архив сығу;
• Сығу әдісі;
• Сөздің өлшемі;
• Том өлшемі;
• Жаңарту Әдісі;
• Архивтеу параметрлері;
7 - Файлдарды архивтен шығарыңыз.
3. Сәйкестіктендір.

4. Сабақты бекіту. Тест жұмысы
1) WinRar, WinZip бағдарламалары... арналған
*А) файлдарды қысуға;
В) вирусқа қарсы өндеуге;
С) қалталармен жұмыс істеуге;
Д) файлмен жұмыс істеуге;
2) Архиватор бағдарламасын көрсетіңіз
А) Word, PowerPoint;
B) Excel, Internet Explorer;
*C) WinZip, WinRar;
D) Word Ard;
3) Қысылған файл - бұл...
А) рұқсатсыз қолданудан қорғалған файл;
*В) архив көмегімен буылған файл;
С) көшіруден қорғалған файл;
Д) ұзақ уақыт қолданылмаған файл;
4) Файлдардың көлемін кішірейту үшін қандай бағдарламалар қолданылады?
А) файлдарды сақтық көшіру бағдарламалары;
В) интерпретатор бағдарламалар;
С) архиватор бағдарламалар;
Д) транслятор бағдарламалар;
5. Қысылған файлдың бастапқы түрінен айырмашылығы...
А) ол аз орын алады;
В) ол вирустардан жеңіл қорғалады;
С) оған аз уақытта қол жеткізуге болады;
Д) ол рұқсатсыз қолданудан жеңіл қорғалады;

5. Үйге тапсырма. Файлдарды архивтеу
6. Бағалау. Өзіндік бағалау парақшасын толтыру.
20 464
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалжанова Муслима Иниятовна
Құмырсқаның қанағаты
Құмырсқаның қанағаты
Атырау қаласы, Жұлдыз ықшам ауданы , Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі нің бастауыш сынып мұғалімі Бисешева Талапты Құсайынқызы
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×