Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Деректер (Data), OLE қобдиша(OLE Container) басқару элементтерінің міндеттері, қасиеттері, әдістері, оқиғалары.

03 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Деректер (Data), OLE қобдиша(OLE Container) басқару элементтерінің міндеттері, қасиеттері, әдістері, оқиғалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Visual Basic тілінің Деректер (Data), OLE қобдиша (OLE Container), үлкен - кіші(UpDown), сұхбат терезелер(Common Dialog) басқару элементтерінің міндеттері, қасиеттері, әдістері, оқиғаларымен үйрету.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылығындамыту;
Тәрбиелік: Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Visual Basic программасы, видеопроектор, электронды оқулық.
Оқушылар білуі тиіс: Visual Basic программасымен жұмыс істеуді.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау және өткенді қайталау
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Сабақты қорыту.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа дайындығын қадағалау.
Үй тапсырмасын сұрау:
§20 Графикалық объектілер: сызық (Line) және фигура(Shape) басқару элементтерінің міндеттері, қасиеттері, әдістері, оқиғалары.
1 – топ: Cызық (Line);
2 – топ: Фигура(Shape).
«Ой қозғау»
алма - объект
жеу – әдіс
желінген алма - оқиға
автомобиль - объект
бояу – әдіс
Боялған автомобиль - оқиға
Оқушылар күнделікті тұрмыстан алынған объектілер, олармен орындалатын іс - әрекеттер(әдістер) және осы әдістерге жауап ретінде объектінің өзгеруін (оқиға) айтады. Сонымен, Visual Basic – объектілі бағдарланған программалау тілі - Объект - программалау әлемінде өз бетінше өмір сүретін мән. Әр объектінің өзіне тән қасиеттері, әдістері мен оқиғалары болады.

Өткенді қайталауда (Visual Basic тарауын ) электронды оқулық және Visual Basic бағдарламасы қолданылады. Сұрақтар:
1. Пішін деген не? 1 – топ;
2. Жоба деген не? 2 – топ;
3. Visual Basic терезе элементтері? 1 – топ;
4. Қаситеттер терезесі. 2 – топ;
5. Жоба құру кезеңдері. 1 - топ;
6. Шығу батырмасы қалай жасалады? 2 - топ

Жаңа сабақты түсіндіру: Жаңа сабақты түсіндіруде презентация слайдтары қолданылады.

Деректер (Данные - Data) басқару элементі қолданба элементтерін деректер қорымен байланыстыру қызметін атқарады.
Бұл басқару элементі саймандар терезесінің Деректер (Данные - Data) батырмасымен жасалады.
Пішінге орналасқан Деректер басқару элементі
Негізгі қасиеттері:
 Data Base Nave – деректер қоры файлының маршрутын орнату;
 Connect – деректер қоры файлының типін орнату;
 EOFAction – кесте өрісінің шекараларынан шыққан жағдайда жазуларды басқару. Мүмкін болатын мәндері:
• 0 - пайдаланушы төменгі шекарадан аса алмайды;
• 1 – соңғы жазуға келгенде Move Next батырмасы ажыратылып, пайдаланушы келесі жазуға өте алмайды.
• 2 - соңғы жазуда тұрғанда AddNew әдісі іске қосылып, келесі жаңа жазуға өте алады.
 ReadOnly – оқу үшін ғана орнату;
 RecordSource – кестелермен байланыс орнату;
 RecordSet – деректер қорын басқару.
Деректер қорын басқарудың әдістері мыналар:
 RecordSet. AddNew – кестеге жаңа жазу енгізу;
 RecordSet. UpDate – жаңа жазуды сақтау;
 RecordSet. Fields(“ өріс аты”). Value – өрістің мәнін анықтау;
 RecordSet. Adsolute Position – жазудың реттік номерін анықтау, бірінші жазудың номері 0 – ге тең;
 RecordSet. Record. Count - кестедегі жазудың санын анықтау;
 RecordSet. Move First – бірінші жазуға өту;
 RecordSet. Move Last – соңғы жазуға өту;
 RecordSet. Move Next – келесі жазуға өту;
 RecordSet. Move Previous – алдыңғы жазуға өту;

OLE қобдиша (Контейнер OLE - OLE Container) - басқару элементі саймандар трезесінің батырмасымен жасалады.
Пішінге орналасқан OLE қобдиша басқару элементі
Бұл басқару элементі Visual Basic 6 ортасын компьютерге орнатылған кез келген программамен байланыстыратын қобдиша.
Қолданбаға басқа программаларда жасалған объектілерді OLE басқару элементін пішінге қойғанда шығатын Объектіні кірістіру (Вставка объекта) терезесі арқылы енгізеді.
Жаңа объект жасау үшін Жаңасын жасау (Создать новый), ал файлда бар объектіні кірістіру үшін Файлдан жасау(Создать из файла) ауыстырып қосқыштарын орнату қажет.

Сергіту сәті. Әзіл – тест
1. Мына сұрақтардың қайсысы информатикаға қатысты?
А) бір баста неше бит бар?
Ә) бір байтта неше бит бар?
Б) бір итте неше бит бар?
2. Ең алғашқы программист кім?
А) Сара Назарбаева Ә) Мадонна Б) Ада Лавлейс

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 951
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
Күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.
Visual Basic – те программалаудың негіздері
Visual Basic – те программалаудың негіздері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №70 Жанқожа батыр атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Айгелдиева Маржанкүл Сарсенқызы
Visual Basic бағдарлама ортасы
Visual Basic бағдарлама ортасы
Тақырыбы: Visual Basic бағдарлама ортасы
Visual Basic ортасында тест программасын әзірлеу
Visual Basic ортасында тест программасын әзірлеу
Арал қаласы, 220 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Абишов Қуаныш Қазизұлы
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Қызылорда облысы, Байкоңыр қаласы, М. О. Әуезов атындағы №6 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Рсалиева Айшолпан Қуанышқызы
Visual Basic Пішін
Visual Basic Пішін
Ақпараттану сабағы Тақырыбы: «Visual Basic.Пішін. Қасиеттері, оқиға, тәсілдер» Сабақ типі: Аралас сабақ Мақсаты: Пішін, қасиеттері, оқиғалар және тәсілдері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×