Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шартты оператор

02 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы
Ерпаизова Куланда Еділқызы

Сабақтың тақырыбы: Шартты операторлар (9 сынып)
Мақсаты: Оқушылардың Паскаль тіліндегі шартты оператор жайлы білімдерін қалыптастыру. Тармақталған программа құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік: Оқушыларды таңдау ұйымдастырылған шартты программалар құрып үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ – жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: математика
Құрал - жабдықтар: слайд, жұмыс дәптері, оқулық.

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу, оқушының назарын сабаққа аудару, сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
2. Психологиялық тренинг. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Сабағымызды бастамас бұрын сіздердің көңіл - күйлеріңізді білгім келіп тұр. Алдарыңдағы компьютерде адамның көңіл - күйін білдіретін бірнеше суреттер тұр, соның ішінен өздеріңіз қазіргі көңіл - күйлеріңді білдіретін суретті таңдаңыздар. Сіздердің таңдаған суреттеріңізден қобалжу және қуану суреттерін көріп тұрмын. Қобалжығандарын таныс емес мұғалім сабақ өтейін деп жатқандықтан деп ойлаймын, бірақ сіздерден қобалжымауларыңызды өтінемін, себебі мен сіздердің білімдеріңізге сенемін, бірігіп нәтижелі жұмыс істеуге шақырамын.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Сөзжұмбақ шешу арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
1. Тұрақты және айнымалы........
2. Реттелген амалдар тізбегі не деп аталады?
3. Компьютер түсінетіндей алгоритм не деп аталады?
4. integer сөзінің баламасы
5. real сөзінің баламасы
6. Алгоритмнің басталуын білдіретін қызметші сөз.
7. Алгоритмнің аяқталуын білдіретін қызметші сөз.
8. Информатика пәніне қажетті техникалық құрал
9. Программалау тілдерінің бірі.
10. Компьютердің миы
11. Өзгеріп отыратын шама қалай аталады?
12.: = белгісімен орындалатын оператор
13. Дисплей сөзінің синонимі
14. Көрсеткіштердің нәтижесін графиктік түрде көрсету не деп аталады?

Өткен тақырыпты қайталай отырып, бүгінгі жаңа тақырыптың атауын аштық.
III. Жаңа тақырып:
1. Тақырыпты түсіндіру.
Тармақталу процесстері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Паскальда екі шартты оператор бар: if және саse.
If операторының толық жазылу пішімі:
IF
THEN
ELSE;
немесе қысқартылған түрі
IF
THEN;
Мұндағы, 1 - және 2 - операторлардың өздері қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін. IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE (ақиқат) болса, THEN сөзінен кейін жазылған 1 - оператор атқарылады, әйтпесе FALSE (жалған) болса,
2 - оператор атқарылады
2. Программаны құру жолдарын үйрету.
Мысалы:
1 - мысал.
x+8, x=0.
Программасы
Program E1;
VAR x, y: REAL;
Begin
Write (‘х енгіз: ’);
Readln (x);
IF x< 0 Then y: =x+8 Else y: = 4*x;
Writeln (‘y=’, y: 6: 3);
End.
Компьютерге программаны енгізу үшін Турбо Паскаль программасын жүктеп, программа денесін компьютерге енгіземіз, сосын ctrl+F9 пернесін басып программа қатесін тексереміз, alt+F5 пернесін нәтижесін аламыз.
3. Оқулықпен жұмыс: 88 бет №2
2 – мысал: у - мәнін есептейтін программа құру.
2x + 20, егер x<=26
Y= x + 50, егер x<1
Program E2;
VAR x, y: REAL;
Begin
Readln (x);
IF x<=26 Then y: = 2*x + 20
Else IF x0 then
writeln('нақты түбірі жоқ');
ELSE
begin
x1:=(- b+SQRT (d))/(2*a);
x2:=(- b - SQRT (d))/(2*a);
write ('x1=', x1: 6: 2, ''; 4; x2=', x2: 6: 2);
END
END.
4 мысал. Х функциясының мәнін есептейтін программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

2. Ауызша есеп: Мына операторлардан Паскаль тілінің программасын құрыңдар.
Program integer then writeln else read repeat
Wnile for var real begin if write end
Жауабы:
Program
var real integer
begin
read
writeln
if then else
write
end

V. Сабақты қорытындылау
Информатикалық диктант:
1 Тармақталу алгоритмына программа құру үшін _____________ операторлар қолданылады.
2 Шартты оператордың жазылу форматы ____________.
3 Шарт ретінде _________ қолданылады.

VI. Үйге тапсырма:
89 бет № 12 (а, ә, б)
Паскаль тілінің шартты операторы.
VII. Оқушылар білімін бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 322
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шөжеев Бауыржан Лепесұлы
Циклдiк алгоритмдi программалау
Циклдiк алгоритмдi программалау
Алматы облысы, Көксу ауданы, Алғабас орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Курмашова Сымбат Абаевна
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі: Абдуллаева Феруза Муслімқызы
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғалімі Кунафина Меруерт Нуржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×