Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас информатик

02 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
Ерпаизова Куланда Едліқызы

Тақырыбы: «Жас информатик - 2012»
Мақсаты:
1. Оқушылар арасында информатика мамандығының қажеттілігін кеңінен насихаттау
2. Оқушылардың мамандық алудағы кәсіби іскерлігін, шеберлігін байқау, үздігін анықтау
3. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, танымдық дағдыларын дамыту, теория сабағында алған білімдерін тексеру, оқуға ынтасын, қызығушылығын және белсенділігін арттыру. Оқушылардың өздігінен ізденуін, жұмыс жасауын дағдыландыру.
Әділқазылар құрамы:
1.
2.
Өткізу тәртібі: Сайыс төменде аталған бағытта өткізіліп, 5 - балдық жүйемен бағаланады.
Қатысушылар: 7 «Б» сынып оқушылары
Сайыстың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта және презентация

Сайыстың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін біздің сабағымыз ерекше, ойын түрінде өтіледі.
Сабағымыздың тақырыбы: «Жас информатик - 2012».
Бүгін сабақ үрдісінде алған теориялық білімдеріңді көрсете отырып, білім сайысына түсесіздер. Сайыс 6 турдан тұрады.

1. Инфобілім (компьютер дегеніміз..... (теориялық бағытта) информатика пәнінен теория бойынша сұрақ - жауап жұмысы жүргізіледі.
2. Ситуациялық сұрақтарға жауап беру.
3. Практикалық сынақ:
1. Интернеттен Қазақстандағы жаңалықтар жөнінде мағлұмат іздеу.
2. Жеке тегін пошта мекен жәшігін алу жолын көрсету.
4. «Бұл кім?» – суреттегі адамның кім екенін анықтау.
5. Жұмбақ шешу.
6. «Қазіргі кезде компьютер маманы керек пе?» және «Интернеттің зияны мен пайдасы?» (пікір - талас)
7. Сайысты қорытындылау
8. Жеңімпазды марапаттау:
«Жас информатик – 2012» байқауының жеңімпазы болып жарыста ең көп балл жинаған оқушы саналады. Жас информатик - 2012 орын иемдеген оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталады.

II. Сайыстың өтілу барысы:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек бүгін
Олай болса бастайық біз бүгінгі сайысымызды - деп

1 - тур: Инфобілім (информатика пәнінен теория бойынша сұрақ - жауап жұмысы жүргізіледі).
1. Компьютер ауруы?
2. Адам мен компьютер арасындағы байланыс?
3. Принтердің неше түрі бар?
4. Компакт дискіні оқу құрылғысы?
5. Қағаздағы кескінді экранға шығару құрылғысы?
6. Windows дегеніміз не?
7. Дүниежүзілік компьютерлік желі?
8. Ақпаратты шығару құрылғысы?
9. Ақпараттың өлшем бірлігі?
10. Вирустардың кері әсерін жоятын программа?
11. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны?
12. Сурет салуға арналған программа?
13. Бос орын қалдыру пернесі?
14. Деректерді есте сақтауға арналған құрылғы?
15. Компьютер жанына қойылатын өсімдік?
16. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі?
17. Жыпылықтап тұратын тік сызықша?
18. Принтердің түрлерін атаңыз?
19. 8 бит 1 байттан тұрады ма?
20. Компьютер тышқансыз жұмыс істей алады ма?
21. Компьютер экраны қалай аталады?
22. Бит, байт, Кбайт,..... әрі қарай?
23. 650/5 - ке бөліне ме?
24. 1 Гбайт нешеге тең?
25. WordPad қандай редактор?
26. Алғашқы есептеу немен жүргізілді.?
27. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіру пернесі?
28. Адам мен компьютер арасындағы ара қашықтық?
29. Адам өміріне қаупі бар компьютер бөлігі?

2 - тур: «Ситуациялық сұрақтарға» жауап беру.
ДК - де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе кенеттен тыс дыбыстар пайда болғанда не істеуіміз қажет?

3 - тур: «Практикалық сынақ:
1) Интернеттен Қазақстандағы жаңалықтар жөнінде мағлұмат іздеу.
2) Жеке тегін пошта мекен жәшігін алу жолын көрсетіңіз.

4 - тур: «Бұл кім?» – суреттегі адамның кім екенін анықтау.
1. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Беббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым - әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. Бұл кім?
2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын “Аналитикалық машина” жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп атайды. Ол кім?
3. Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашасында Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер - электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалады. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947 - 1948 жылдар осы академиктің басшылығымен жасалады. Бұл қай ғалым?

5 - тур: «Жұмбақ шешу»
1. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «Ғ» әріпінен басталады.

2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сүр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның.

6 – тур: «Қазіргі кезде компьютер маманы керек пе?» және «Интернеттің зияны мен пайдасы?» тақырыбында пікір - талас жүргізу

7. Сайысты қорытындылау.
Өбіліп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шақырайық.
Сайыскерлерге әділ баға берер – дей келе, әділқазылар алқасына сөз беріледі.
8. Жеңімпазды марапаттау:
«Жас информатик – 2012» байқауының жеңімпазы болып жарыста ең көп балл жинаған оқушы саналады. Жас информатик - 2012 орын иемдеген оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталады.
Бағалау парағы
Осымен сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!
7 373
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үздік информатик
Үздік информатик
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Жас информатик
Жас информатик
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарабұлақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Коныспаева Салтанат Коныспайқызы
Информатик – интеллектуал
Информатик – интеллектуал
БҚО, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылы, Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Асралиева Арайлым Бақтыбайқызы
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Үздік информатик (сайыс)
Үздік информатик (сайыс)
Информатика пәні мұғалімі: Аида Оршибекова
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×