Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым графикалық редакторы. Практикалық жұмыс

03 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты: Бұрынғы алынған теориялық білімдерді бір жүйеге келтіріп, графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі сарамандық біліктер мен дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.
Білімділік: Оқушылардың өткен тарау бойынша білімдерін нығайту, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық білімдері мен дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру, редактордың құрал - саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.
Тәрбиелік: Халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа, қазақтың салт - дәстүрін, қазақ тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
1. Логика ойлау қабілетін дамыту.
2. Оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерге жұмыс істету шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.
Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика.
Сабақтың түрі: Қайталау, білім бекіту, сайыс сабағы.
Көрнекті құрал - жабдықтар: Компьютер, слайдтар, электронды тақта, суреттер.

Сабақ жоспары:
І. ұйымдастыру кезеңі: «Бояулар сыры» психологиялық ойын.
ІІ. Наурыз көже: Қайталау сұрақтары.
ІІІ. Наурыз жұмбақ: Электронды тақтада сурет салу.
ІҮ. Сергіту сәті.
Ү. Наурызнама: «Селтеткізер» логикалық тапсырмалар.
ҮІ. Наурыз тілек: Шығармашылық жұмыс.
ҮІІ. Наурыз бата: Қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма.

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгін сабағымызды психологиялық «Бояулар сыры» ойынымен бастаймыз. Сендер алдарыңда тұрған түрлі - түсті қарындаштан өздеріңе ұнайтын түсті, жоғары көтеріңіздер. Мен сіздердің таңдаған түстеріңізге байланысты мінездеме айтып беремін.

Сап - сары мен жасыл - дархандық.
Ашық көк пен қызыл – білімділікке құштарлық.
Ақ пен күлгін көгілдір – баянды бақыт.
Көгілдір мен қып - қызыл – қабілеттілік.
Ақ пен күрең қызыл – ержүректік.
Ашық көк – құдайға сенушілік.
Жасыл, ақшыл түс – шыдамдылық.
Қоңыр – ақылдылықтың белгісі.
Міне, біздің ортамызда жат мінездің еріншек, қызғаншақ, өтірікші, жабырқаңқы оқушылар жоқ екен. Сондықтан сабағымызды дархандықпен, шынайы сезіммен, ержүректікпен, қабілеттілікпен, білімге деген құштарлықпен бастаймыз.

1. Наурыз көже.
Электронды тақтада Наурыз бейнелейтін суреттер тұрады. Оқушылардан Наурыз мейрамы туралы мәліметтер және де сол мерекенің басқа мейрамдардан айырмашылығын сұраймын. Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Наурыз – ежелгі мәдениеті, дамыған елдің бірі парсының «нау - жаңа, руз - күн», яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққаны ежелден - ақ белгілі. Наурыз көже Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, су, ет, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты сыйлы дәмдер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынылады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттылыққа ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. Олай болса балалар біз Наурыз мейрамына арнап Paint графикалық редакторында ойша наурыз көже пісіріп көрелік. Оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын. Сұраққа дұрыс және нақты жауап берген оқушы наурыз көженің бір дәмін электронды тақта арқылы суретін салады.(Ыдыстың суретін салып сыртына жазады). Мысалы: бидай, күріш, ет, тұз, тары, айран немесе сүт. Тағамды пісіру үшін қазан мен оттың суретін салады.

2. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар.
1. Редактордың іске қосу жолдарын көрсет?
2. Салынған суретті сақтау үшін қандай пунктер орындалады?
3. Тұйық контурдың ішін бояу үшін ---------- пайдаланамыз?
4. Мына құралдың атқаратын міндеті?
5. Бояулар тақтасын жұмыс алаңына шығару ---------- арқылы орындалады?
6. Жұмыс үстеліндегі суретті бірден жою -------------- арқылы орындалады?
7. Бояулар тақтасындағы түстерді өзгерту қандай пунктер арқылы орындаймыз?
8. Жаңа бетті қалай ашамыз?

3. Наурыз жұмбақ.
Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн мен түнге байланысты айтылатын жұмбақтар осындай атпен аталған. Онда ақындар, қыз - жігіттер осы тақырыптарға ғана тән құбылыстарды жұмбақтап, өлеңдетіп айтысатын болған. Балалар, мен сендерге Наурыз жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін электронды тақтаға саламыз.
Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.
(Күн мен түн)
Бір халық аспанда, ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерді кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
(Бұлт)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 095
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді үйрену.
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу
Редактордың құрал - саймандарын дұрыс пайдалана білу және командалары орындай алу қызметін меңгерту. Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
Графикалық редактор
Графикалық редактор
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
PAINT графикалық редакторының құралдары
PAINT графикалық редакторының құралдары
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы Ганюшкин мектеп-интернаты Баева Гүлнұр Бекболатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×