WORD мәтіндік редакторын қайталау

Класы:
Сабақтың тақырыбы: WORD редакторын қайталау
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға Word текстік редакторынан алған білімін бекіту
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын дамыту.
Тәрбиелік: сабақ барысында оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық, слайд - презентация
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Практикалық сабақ
Сабақтың барысы:

І. Оқушылармен амандасып, класс тазалығын, сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ. Практикалық сабақ

Класты екі топқа бөлемін де, жарыс түрінде өткіземін. Сабақ бірнеше турдан тұрады. Әр топта топ басшылары сайланады.

І тур. Әр топтан оқушылар сұраққа жауап береді. Сұрақ алма ағашында алмалар астында жасырулы.
Сұрақтар:
1. Word текстік редакторын қалай іске қосамыз?
2. Тақырып жолын көрсет.
3. Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?
4. Стандартты панель тақтасы мен меню жолын корсет.
5. Пішімдеу тақтасын көрсет.
6. Құжатты баспаға жіберу үшін қандай команда орындаймыз?
7. Кестені қалай құрамыз?
8. Фигуралық мәтінді қалай кірістіреміз?
9. Құжатқа ат беріп қалай сақтаймыз?
10. Тілдерді қалай ауыстырамыз?

ІІ тур. Мақалдар сайысы. Әр топқа мақалдың жартысын беріп, ал оқушылар жартысын тауып Word-та тездетіп жазу керек. Қай топ бірінші мақалдың жартысын тауып қатесіз жазса сол топ өздеріне балл қосқаны.
Мақалдар:
1. Отан үшін отқа түс күймейсің.
2. Өнер алды – қызыл тіл.
3. Ырыс алды – ынтымақ.
4. Көз қорқақ - қол батыр.
5. Ұрлық түбі – қорлық.
6. Ер қанаты – ат.
7. Денсаулық – зор байлық.
8. Еңбек түбі – береке.
ІІІ тур. Капитандар сайысы.
Әр топ капитаны бір – бірлеріне тілектерін білдіріп, әдемілеп, рәсімдеп открытка жасау

ІV. Жорға сайысы
Әр топ өздерінің топ мүшелері туралы мәлімет жазу керек. Алдымен кесте құрып, соған жазу және сол кестедегі мәліметтер арқылы диаграмма құру

V. Мен білімдімін
Оқушыларға 8 класқа арналған электронды оқулықтан WORD текстік редакторына арналған тест тапсырма беру.
Осы тапсырмалар қорытындысы бойынша жеңген топ анықталады.

VІ. Үйге Word текстік редакторы тақырыбын оқу. Тестке дайындалу.
VІІ. Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Жазғы демалысыңызды қайда өткізесіз?
Шетелде
Қазақстанда
Үйде
Құрылыс жасаймын
Демалмаймын
Сайтта кім бар
Барлығы: 543
Қолданушылар: 8
Қонақтар: 535
Роботтар: 3
солнышка Талғат Бекежанұлы қазақ тілі Gulzharatkan Гульшат Bagadatova Gulnar Айгерим96 Шыңғыс
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика