Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Формуланы енгізу және көшіру

17 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Информатика
Сабақтың тақырыбы: Формуланы енгізу және көшіру
Сабақтың мақсаты: білімділік: Microsoft Еxcel - де формулалар енгізу, формулаларды көшіруді ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыруды үйрету;
дамытушылық: оқушылардың Microsoft Еxcel - де жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК құрылғысы, проектр, кеспе қағаздар, кітап, венн диаграммасы, семантикалық карта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгелдеу;
ә) ТҚЕ - лерін еске түсіру;
б) Топтарға бөлу
в) оқушы назарын сабаққа аудару.

а) «Білгенге маржан...» сұрақ - жауап
1. Кесте дегеніміз не?
2. Электрондық кесте дегеніміз не?
3. Жол, бағана, ұяшық деген не?
4. Ең алғашқы электрондық кесте қай жылы пайда болды, және оның аты қандай?
5. Жұмыс кітабы неден тұрады?
6. Электрондық кестені қандай жағдайда қолдануға болады?
7. MS Excel дегеніміз не?
8. Excel - де құжатты қалай сақтайды?
10. Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?

ә) Техникалық диктант
Техникалық диктант. Бос орынға қажет сөздерді жазу керек.
1. Excel құжатының _______ кеңейтіліміне ие. (. xls)
2. Құжат атауы мен терезені басқару элементтері ______________________ орналасқан. (тақырып жолағында)
3. ______________________ әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады.(бас мәзір)
4. Құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты батырмаларды ____________________ қамтиды.(Стандартты құралдар үстелі)
5. ________________________ - мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын белгілеуге арналған. (Пішімдеу құралдар үстелі)
6. Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі - ________________ орналасқан.(ұяшық)
7. Жұмыс парағы _________ бағаннан және ______________ жолдан және ___________ ұяшықтан тұрады.(256 баған, 65 536 жол, 16 777 216 ұяшық)
8. Егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені ______ болады. (F7)
9. ______________ - логикалық тізбектер құрайтын ұяшықтар тізбегі. (Қатар)
Файл аты өрісіне кітап атын енгізіңіз және ____________ батырмасын қолдану арқылы сақтаймыз. (Сақтау)
Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Формулалар — жұмыс парағындағы мәндер бойынша есептеулерді орындайтын теңдеулер. Формула әрқашанда теңдік белгісімен басталады (=).
Қарапайым формуланы тұрақты мәндер мен есептеу амалдағыштарын пайдалану арқылы жасауға болады. Мысалы, =5+2*3 формуласы екі санды көбейтіп, шыққан нәтижеге санды қосады. Microsoft Office Excel бағдарламасы математикалық амалдардың стандартты ретін орындайды. Алдыңғы мысалда көбейту амалы (2*3) бірінші орындалады, шыққан нәтижеге 5 саны қосылады.
Сондай - ақ, формула жасау үшін, функцияны пайдалануға болады. Мысалы, =SUM(A1: A2) және SUM(A1, A2) формулалардың екеуі де, A1 мен A2 ұяшықтарындағы мәндерді қосу үшін SUM функциясын пайдаланады. Электронды кестеде (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Стандартты құрал – саймандар тақтасындағы Автоқосынды (Автосумма) батырмасын пайдалануға болады.
Жасалатын формуланың түріне байланысты формула төмендегі бөліктердің кез келгенін немесе барлығын қамтуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 186
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Excel-де формуланы енгізу және көшіру
Excel-де формуланы енгізу және көшіру
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ойыл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Назарова Гүлжанат Жүсіпқалиқызы
Формуланы енгізу және көшіру
Формуланы енгізу және көшіру
Тараз қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы №45 гимназияның информатика пәні мұғалімі: Шардарбекова М.Б.
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы СЫНЫБЫ: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кесте элементтері:
Кесте элементтері Жол. Баған. Ұяшық
Кесте элементтері Жол. Баған. Ұяшық
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×