Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары

24 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары
Мақсаты: Компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру, антивирусқа қарсы программаларды қарастыру;
Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа құралдары, компьютер, презентация, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс

САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру сәті: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу, сынып журналын толтыру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау:
1. Файлдың нақты аты бойынша іздеу қалай іске асады?
2. Файлдың атын ұмытып қалған жағдайда қалай іздейміз?
3. Файлдың құрылған күні бойынша іздеу қалай орындалады?
4. Файлды өлшемі бойынша қалай іздейміз?
5. Күнді және уақытты баптау қалай іске асады?
6. Жұмыс орнының түрін (фонын) өзгерту үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
7. Тышқанның оң жақ батырмасын негізгі батырма ету, яғни сол қолға ыңғайлы ету үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Компьютерлік вирустар. / слайд/

Вирустардың жіктелуі. Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар: жүктелетін, файлдық, макровирустар және желілік.
Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус кодына береді. Файлдық вирустар өзінің көбеюі үшін операциялық жүйенің файлдық жүйесін пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (EXE, COM, BAT, SYS және т. б.) орындалушы файлдарды зақымдайды.
Барлық жүктелетін және файлдық вирустар резидентті, яғни компьютердің оперативті жадында орналасады және пайдаланушының жұмыс істеу процесінде қауіпті жағдайлар (дискеттегі мәліметтерді өшіріп тастау, аттарын және басқа да атрибуттарын өзгерту және т. б.) тудырады. Резиденттік вирустардан емдеу қиын, зақымдалған файлдарды дискіден өшіргенмен олар компьютердің оперативті жадында қалып қояды және файлдарды қайта зақымдауы мүмкін.

2. Вирусқа қарсы программалар/слайд/
Вирустардан қорғау және зақымдалған компьютерлерді емдеу үшін антивирустық программалар қолданылады, оларды әрекеттеріне қарай блоктаушы, ревизорлар және полифагтар деп бөлуге болады.
Ревизорлар. Ревизорлардың жұмыс істеу принципі дискіде сақталған файлдардың бақылау қосындыларын есептеуге негізделген. Бұл қосынды, сонымен бірге бұдан да басқа ақпараттар (файл ұзындығы, олардың соңғы өзгертілген уақыты және т. б.) вирусқа қарсы құралдың мәліметтер қорында сақталады.
Полифагтар. Полифагтардың жұмыс істеу принципі файлдарды, секторларды және жүйелік жадыны және олардағы белгісіз және жаңа (полифагқа белгісіз) вирустарды тексеруге негізделген.

ІҮ. Пысықтау сұрақтары
1. Компьютерлік вирус деген не?
2. Вирустар қайдан пайда болады?
3. Вирустың пайда болуының негізгі белгілерін атаңыз.
4. Антивирустық программалардың негізгі типтерін ата.
V. Үйге тапсырма:
6. 6 - 7 тақырыптарды үйде оқып келу. 1. қатардағы оқушылар компьютерлік вирустардың ұқсастықтарын жазып келесіңдер, 2 қатардағы оқушылар биолгиялық ұқсастықтарын жазып келу.
VІ. Сабақты бағалау.
4 944
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары
Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.
Компьютерлік вирустар және түрлері
Компьютерлік вирустар және түрлері
Компьютерлік ақпаратты қорғау ұғымы мен архивтеу бағдарламасы түсінігін меңгерту. Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айдана Жансейтова
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Компьютерлік вирустар.
Компьютерлік вирустар.
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×