Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика әлеміне саяхат

24 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Жамбыл облысы, Меркі ауданы.
Информатика пәні мұғалімі: Дамира Алимкулова

Сабақтың тақырыбы: Информатика әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақтың типі: қалыптан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).

Cабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 5 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Сайысушы топтар үстелдің екі шетінде орналасады.

Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.
Сайысымызға 7а, 7ә, 7б сыныптарынан құралған екі топ «Информатика әлеміне саяхат» сайысуға келіп отыр. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 5 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.

Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Әділ қазылар алқасының төрайымы:
----------------------------------
Сайыс шарты мен өтуі:
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. Қиын сұрақтар
2. «Көркем сурет», «Көркем мәтін»
3. Кім жылдам?
4. Сиқырлы пернелер
5. «Белгісіз қамал»
6. Ғажайып қаламсап
7. Информатика әлемі/ топ басшыларына сұрақ/

Енді сайысымызды бастайсыз.

1 - кезең. ”Қиын сұрақтар”аралы
1. Информацияның заңдылықтарын зерттейтін ғылыми білім дер саласы /информатика/
2. Компьютер атасы/ Чарль Бэббидж/
3. Алғашқы программист әйел /Ада Августа Лавлейс/
4. Сурет салуға арналған программа/ пайнт/
5. Ақпаратты сығу программасын ата/winrar, winzip/
6. Компьютердің ақылшысы. /процессор/
7. Алғашқы есептеу құрылғысы / саусақтар/
8. Компьютер жанына қойылатын өсімдіктер/ кактус/
9. Компьютердегі терең меңгерген адам / хакер/

3. Кім жылдам? аралы

1. Электронды оқулықтан “Windows - ты меңгеру” тақырыбындағы №3 тапсырманы орындау
2. Электронды оқулықтан
“MS Word бағдарламасында жұмыс істеу” тақырыбындағы №2 тапсырманы орындау

4. «Сиқырлы пернелер»аралы

Enter – енгізу
Shift – үлкен әріпті жазу
Baskspaсe – сол жақтағы символды өшіреді
Alt+F4 – Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады
End – соңы
Tab – келесі жолға өту
Esc – болдырмау
Delete – оң жақтағы символды өшіреді.
Caps Lock – түгел бас әріпті жазу
Home – жол басына жылжыту

5.«Белгісіз қамал» аралы
1 мүшелері “Форматтау” саймандар тақтасын құрады.
2 мүшелері “Стандартты” саймандар тақтасын құрады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 480
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны
Информатика күнтізбелік жоспар
Информатика күнтізбелік жоспар
Негізгі білім беру деңгейінің 5 - 9 сыныптар үшін «Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру 10 - 11 - сыныптары үшін «Информатика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Еңбек ауылы, №242 Сығанақ негізгі орта білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі: Ержігітов Таңатар Есенгелдіұлы
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №1 мектеп - лицейі информатика пәні мұғалімі Шонгарова Айгуль Талгатовна
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×