Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


WordPad қолданбасымен танысу

27 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Жамбыл облысы, Меркі ауданы.
Информатика пәні мұғалімі: Дамира Алимкулова

Сабақтың тақырыбы: WordPad қолданбасымен танысу
Сабақтың мақсаты: 1. Қарапайым WordPad мәтіндік процессорымен танысу. Құжаттың құралымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы түсінік беру. WordPad қолданбасының терезесі меню, пішімдеу құрал – саймандар тақталары, сызғыш туралы түсінік алу. Мәтінімен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу).
Құжаттарды құруға, ашуға үйрету.
2. Оқушылардың мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатын, берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері, бар, көрсете түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындығын тексеру.
WordPad қолданбасымен танысу.

II. Жаңа сабақты түсіндіру
WORDPAD мәтіндік редакторында жұмыс
Мәтіндік процесссор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету үшін ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдармалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WORDPAD мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады
WORDPAD қолданбасының арналуы:
1. Мәтінді теру.
2. Мәтін түзету.
3. Мәтінді пішімдеу.
- Қаріптің гарнитурасын таңдау.
- Қаріптің өлшемін өзгерту және таңдау.
- Қаріптің әлпетін басқару
- Қаріптің атрибутын басқару (түсін, алып тастауды, астын сызуды)
- Туралау әдістерін басқару (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеттері бойынша)
- Абзац мәтінінің сол жақ пен оң жақ өрістерінен шегісін және арнайы бірінші жол шегінісін беру
ДК - дің мәтін мен құжатты жасау мүмкіндіктерін ұғыну үшін, төмендегілермен танысу керек:
1. Мәтінді жөндеуге, мәтіннің үзінділерін кірістіруге, әр түрлі құжаттарды бір құжатқа «жапсыруға», мәтіннің шекараларын түзетуге, жолдарды ортаға туралауға, құжатты қандай да болса санын басып шығаруға және сақтауға болады.
2. Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай - ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
3. Мәтінге кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге болады, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлендіруге болады (оны қисық бойы орналастыруға, «көлем» беруге, көлеңкелеуге және т. с.).
4. Дайын жазудың мәтінін немесе кітаптың мәтінін сканерлеуге және тану бағдарламаларының көмегімен мәтін пішініне түрлендіруге болады.
5. Стандартты құжаттарды дайындағанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

ТЕРЕЗЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ
WordPad мәтіндік редакторы қолданбасы терезенің құрылымы.
1. Қолданбаның пиктограммасы, файлдың аты, қолданбаның аты мен терезенің оң жақ бұрышындағы оның өлшемін басқаратын үш батырма бар тақырыптық жол.
2. Меню жолы.
3. Құрал - саймандар тақтасы.
4. Пішімдеу тақтасы.
5. Пішімдеу сызғышы. Негізгі мәтінді теру өрісінің басы мен аяғын, бас жолды, маркерлерді орнату үшін қолданылады.
6. Жұмыс өрісі. Терезенің негізгі бөлігі мәтінді теру үшін пайдаланылады.
7. Қалып - күй жолы.
8. Тақталар, сызғыш және қалып - күй жолы пайдаланушының қалауы бойынша экранда болуы немесе алынып тасталуы мүмкін ( меню жолындағы «Түр» пункті).
Баспа бетінің геометриясы. Қағаздың 5 пішімі бар:
А1 (594*841мм), А2, А3, А4, А5 (әр пішім – алдыңғының жартысы), және тұтынушы пішімі, ол А4 - ке жуық. Баспа бетінің барлық жағынан өрісі, (шетінен шегініс) және жоғарғы, төменгі колонтитулдары (онда беттің нөмірі, қысқаша тақырыптар немесе бет мазмұнынның сипаттамасы, безендіру элементтері қойылады) болуы керек. Беттің параметрін баптау «Бет макеті» диалог терезесінде орныдалады.

Информатикалық диктант: «WORDPAD ҚҰЖАТЫН ЖАСАУ» / дәптерге/
Дұрыс:
1. Қаріпті және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығару
Слайд:
1. Қаріпті және оның.... таңдау /енгізу, редакциялау
2. Мәтінді.... және.... / өлшемін
3. Мәтінді.... /сақтау, ашу
4. Құжатты... және... / шығару
5. Баспаға.... / пішімдеу

Слайд «Ойға шабуыл» жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 887
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Мәтінді теру және түзету ережелері
Мәтінді теру және түзету ережелері
Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге үйрету. WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін оқушы бойына сіңіру. - АКТ - мен жұмыс жасау мәдениетін, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып,
Қарапайым мәтіндік редактор WordPad –та жұмыс істеу
Қарапайым мәтіндік редактор WordPad –та жұмыс істеу
Информатика пәні мұғалімі: Назым Узбекова Сапаровна
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторына кіріспе Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×