Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кесте. Кестелер құру. Практикалық жұмыс

29 мам 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі: Сарсенова Г.

Сабақтың тақырыбы: Кесте. Кестелер құру. Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті.
Сабақта қолданылатын
көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы, интерактивті тақтада
дайындалған слайдтар,

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.
ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест).
Қорытындылау
ІҮ. Жаңа тақырып.
Ү. Практикалық жұмыс.
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды екі топқа бөлемін. Топтың аты Мәтін тобы және Кесте тобы.
Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.
1. Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.
2. Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша тест алу.
ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.
Жауап жоспарының үлгісі:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.
2. Тағайындалған орынға отыру керек.
3. ДК - дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
5. ДК - ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек және т. с. с.
- Жарайсыңдар!
- Сабақтың жоспары бойынша келесі тақырыпқа өтейік.

ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Тақтада оқушыларға алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысының дұрыс жауабы шығады. Сол бойынша үй тапсырмасын өзара тексереді. Оқушылар бір - бірін бағалайды.

Тест сұрақтары

1. Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
А) Жіберу - Программалар - Microsoft Office Word командаларын орындау арқылы*
В) Файл – Ашу
С) Файл – Құру
2. MS Word стандарт тақтасының орналасуы:
А) аспаптар панелінде*
В) тақырып жолында
С) есептер тақтасында
3. MS Word программасының терезесінің құрылымы:
А) әдеттегі, веб - құжат, беттерді белгілеу, құрылым.*
В) Файл, Түзету, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама
С) тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі, т. б.
4. Символдарды пішімдеу дегеніміз не?
А) рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттер*
В) құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтін
С) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта
5. Мәтінді туралаудың түрлері:
А) сол жақ, ортасы, оң жақ, ені бойынша туралау*
В) шегініс және аралық
С) жоларалық интервал түрлерімен
6. Жол аралық интервалдың қызметі?
А) арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді.*
В) белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.
С) мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді.
7. MS Word - та мәтінді әсерлеп жазу командасы
А) Формат – Қаріп – Әсерлеу.*
В) Формат – Шекаралар мен құю.
С) Формат – Абзац
8. MS Word программасында беттің параметрін қалай орнатамыз?
А) Файл – Беттің параметрлері – Бағдарлау – кітаптық, альбомдық.*
В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке
С) Қою – Беттің нөмірлері
9. MS Word программасында беттің нөмірлеуін қалай қоямыз?
А) Қою – Беттің нөмірлері – Орналасу – ОК*
В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке - ОК
С) Файл – Беттің параметрлері
10. Абзацтың шегініс түрлері:
А) нөлдік, оң, теріс*
В) абзацты сол жақ шеті бойынша туралау.
С) абзацты оң жақ шеті бойынша туралау.

Толық нұсқасын жүктеу
5 783
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кестелер. Кестелерді құру
Кестелер. Кестелерді құру
Информатика пәні мұғалімі Толебаева Ж.Ж.
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторын терең ұғындырып, берілген тапсырмаларды жазуды үйрету.
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу
Оңтүстік Қазақстан, Сарыағаш қаласы. Информатика пәні мұғалімі Жорабеков Елшібек
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
PowerPoind бағдарламасы (практикалық сабақ)
PowerPoind бағдарламасы (практикалық сабақ)
Қостанай қаласы, Арқалық қаласы, А. Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін профильді мектебінің информатика пәні мұғалімі Есенеева Рысжан Ескалиевна
Формуланы енгізу және көшіру
Формуланы енгізу және көшіру
Тараз қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы №45 гимназияның информатика пәні мұғалімі: Шардарбекова М.Б.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×