Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері

22 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Word бағдарламасымен жұмыс істеу, оқушыларға мәтін абзацын пішімдеу, туралау, жоларалық интервалдарды үйрету барысында оқушылардың білімін жүйелей, жетілдіре отырып, өз бетінше еңбектенуге, компьютерлік білімділікке үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік мәдениеттілікке, ұлт танымдылыққа, және уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында өз бетінше және топпен жұмыс жасай алуын, іскерлік, шығармашылық ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылығын дамыту. Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ, жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндірмелі - демонстрациялау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті белсенді тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер, WordPad редакторы, флипчарт, таратпа қағаздары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
(Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру, назарларын сабаққа аудару, стикерлер арқылы топқа бөлу, топ басшысын сайлау, топтағы әрбір оқушының қолдарына өзін - өзі бағалау парақтарын тарату ).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (4 мин)
«Түймедақ құру» ойыны
(Оқушыларға қиынды таратпа қағаздарымен өткен сабақ бойынша әр түрлі сұрақтар беріледі. Сол сұрақтардың дұрыс жауаптарын пайдалана отырып топпен түймедақ құру керек.

ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин)
Оқушыларға флипчарт, түрлі түсті маркер, желім және Microsoft Word бағдарламасының суреттерін бейнеленген қиында қағаздар таратылады. Топтағы әрбір оқушы Microsoft Word бағдарламасы тақырыбын кітаптан оқып, қиынды қағаздарды желімдеп жапсырып, әр қиынды қағаздың қандай әрекет атқаратынын жазады. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыстар атқарады. Оқушылар өздері оқып тапқан ақпарат туралы топқа түсіндіреді. Қосымша ақпарат болса толықтырып жазады. Microsoft Word бағдарламасы тақырыбына арналған слайд көрсетіледі.

Пішімдеу панелі:
- стиль
- шрифт
- шрифтің размері
- жартылай қарайтылған
- курсив
- асты сызылған
- ортасы бойынша туралау
- оң жақ шеті бойынша туралау
- оң және сол жақ шеті бойынша туралау
- нөмірлеу
- маркер қою
- түспен бояу
- шрифт түсі
Форматтау режимдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:
– жартылай қалыңдалған (полужирный),
– курсив,
– асты сызылған (подчеркнутый)
Мәтінді пішімдеу, редакциялау

Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі пішімдеу деп аталады.

IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс (8 мин)
Сергіту сәті (1 мин)
ІІ тәжірибелік жұмыс (7 мин)

V. «Кім білгір» ойыны арқылы сабақты бекіту (5 мин)
1. Пішімдеу дегеніміз не?
2. Парақтың түсін ауыстыру командасы?
3. Enter пернесінің қызметі?
4. Курсордың алдындағы символды қандай перне өшіреді?
5. Мәтіннің Түсін қалай ауыстырамыз?
6. Қандай батырманы басу арқылы қатар қосуға болады?
7. Мәтіндік редактордың кеңейтілімі?
8. Соңғы әрекетті болдырмау командасы
9. Мәтіннің интервалын өзгерту батырмасын көрсет
10. Пернетақта көмегімен мәтінді қиып алу, көшіру, қою әрекетін ата

VI. Бағалау (3 мин)
(Оқушылар өздерін бағалап, топ басшылары бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады, мұғалім өз бағасын қойып, ортақ қорытынды бағаларын айтады )
VIІ. Үйге тапсырма (2 мин)
4. 8 тақырып 66 - 68 бет оқып келу
VIІІ. Рефлексия (2 мин)
Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз – бір тілек әдісімен толтыру.
8 409
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Кесте. Кестелер құру. Практикалық жұмыс
Кесте. Кестелер құру. Практикалық жұмыс
№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Сарсенова Г.
Мәтіндік құжаттарды форматтаудың  негізгі әдістері
Мәтіндік құжаттарды форматтаудың негізгі әдістері
Ақтөбе қаласы. Информатика пәні мұғалімі Аймгуль Бирманова
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Mәтіндік құжатты  пішімдеу
Mәтіндік құжатты пішімдеу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Наукебаева Сайлаугул Жубандыковна
Word мәтіндік процессоры. Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеу режимдері
Word мәтіндік процессоры. Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеу режимдері
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Қосөткел негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі Ұзақбаева Жақсыгүл Бекбергенқызы
Word Pad мәтіндік редакторда құжат құру
Word Pad мәтіндік редакторда құжат құру
Балманова Гүлназ Советқызы, Физика пәні мұғалімі, №182 мектеп, Басықара ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×