Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу

21 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика пәні мұғалімі Г. Қ. Рамазанова

Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
/Word құжатына суреттер кірістіру/
Сабақтың мақсаты: Оқушылар word мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен танысу
Білімділік: Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық объектілері және графикалық суреттерді кірістіруді үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абсракциясын дамыту.
Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтын қолданылатын көрнекті құралдары: компьютер, инт. тақта, элект. оқулық

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру:
«Жылы жүрек» тренингі.(балалар бір - біріне жылы лебіздер айтады)

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырыптар бойынша түсініктерін сұрау.
* Word мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
* word редакторын қалай іске қосамыз?
* word мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
* Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?
* Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Word құжатына дайын суреттерді, сондай - ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.
 Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.
 Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.)
 Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.
 Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.
 Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка - Вставить командасын орындаңдар.
 Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.
Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады.
 Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмастыру буферінен мәтінге кірістіру);
 Суретті файлдан кірістіру (кірістіру - кескін);
 Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint - те салу (кірістіру – Paint суреті)

ІҮ. Практикалық жұмыс:
№1 тапсырма: Оқулықтағы «Жалау» өлеңін компьютерге енгізу.
Жалғыз жалау желбіреп,
Тұманды теңіз төрінде.
Жат жерде жүр не тыңдап?
Несі бар бөтен жерінде?

Ойнақтап түлеп, жел гулеп,
Майысар діңгек сықырлап.
Ол жүрген жоқ бақ іздеп,
Қашпайды бақтан бойды ұрлап.
(М. Ю. Лермонтовтан)

Ү. Өткен материалды қайталау сұрақтары:
1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін ата.
2. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.
3. Кірістіру – кескін және кірістіру – Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?

ҮІ. Үйге тапсырма: 25 - тақырыпты оқып келу. WORD құжатына суреттер кірістіру.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
7 864
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға
MS Word мәтіндік редакторында суреттер мен көркем жазуларды кірістіру
MS Word мәтіндік редакторында суреттер мен көркем жазуларды кірістіру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №23 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Есенова Диана Бахтияровна
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
WORDPAD  мәтіндік редакторының қосымша  мүмкіндіктері
WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×