Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


TextBox, Label, CommandButton компоненттері

30 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
"№19 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі
информатика пәні мұғалімі Турниязова Базаргуль Онгаровна

Сабақтың тақырыбы: TextBox, Label, CommandButton компоненттері

Мақсаты: Text Box, Label, Command Button компоненттерін меңгерту, компоненттермен қосымшалар жасау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Білімділік: Оқушылар компоненттерімен қосымшалар жасауды, бағдарламалар құруды, қателермен жұмыс жасауды білу керек Дамытушылығы: Ой - өрісін, қиялын шарықтатады және ғылыми көзқарасын қалыптастырады
Тәрбиелік мәні: Шапшаңдыққа, жүйелікке, ізденімпаздыққа, ұжымдыққа, бірізділікке баулу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: компьютер

Text Box компоненті - қосымшаға әр түрлі информация енгізу және шығару үшін қолданылатын компанент. Қосымша орындалғанда пайдаланушы бұл объектіде жазылған жазуды редакциялауына болады.
Label компоненті – информацияны шығару үшін қолданылатын компонент. Көптеген қасиеттері Text Box компонентінің қасиеттеріне ұқсайды. Бұл компоненттің Text Box объектісінен өзгешеліктері:
- мұнда қосымша орындалғанда тексті редакциялауға болмайды.
- бұл объектіні батырма ретінде де пайдалануға болады.
CommandButton компоненті батырма жасау үшін қолданылатын кеңінен қолданылатын пайдалы объектілердің бірі болып табылады.
Text Box компанентіне қосымша жасау сабақты компьютер арқылы қосымша жасау арқылы түсіндіру.
Мысалы: Бір ғана TextBox компонентінен тұратын қосымша іске қосылғанда Text1 алаңына «Мен Құлсары қаласында тұрамын. №19 мектептің 10 – сыныбында оқимын» деген мәтін шығу керек.
Қосымша жасау үшін:
1. Формаға Text1 компонентін орналастырып, формада оны керектігінше созғаннан кейін, оның MultLine қасиетіне True мәнін орнатамыз.
2. Форманың кез келген жерін екі рет шертіп, шыққан программалық код терезесіне келесі процедураны жазамыз:
Private Sub Form_Load()
Text1. Text= “Мен Құлсары қаласында тұрамын. №19 мектептің 10 – сыныбында оқимын”
End Sub
3. Процедураны толтырғаннан кейін қосымшаны Run - Start командасын орындау арқылы іске қосқанда Text1 алаңына мәтін шығады.

Оқушы қызметі:
Формаға TextBox, Label, CommandButton компоненттерін пайдаланып, у=5*х^3 өрнегін есептейтін қосымша құру.
Қосымшаны құру барысы:
1. Форманың Caption қасиетінің мәніне у=5*х^3 өрнегін жазыңыз
2. Формаға нәтиже шығару үшін Label 1 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетінің мәнін тазалаңыз.
3. Формаға CommandButton 1 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетіне «Есепте» мәнін беріңіз.
4. Формаға CommandButton 2 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетіне «Тазала» мәнін беріңіз.
5. Формаға Х - тің мәнін енгізу қызметін атқаратын Text1 компонентін орналастырып, Text қасиетінің мәнін тазалаңыз.
6. Формаға түсініктеме жазу үшін қызмет атқаратын Label 2 компонентін орналастырып, оның Caption қасиетіне «Х=» мәнін беріңіз.
7. CommandButton 1 компонентін екі рет шертіп, кодтар терезесінде берілген өрнекті есептейтін процедура толтырыңыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 901
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрама, шартты, таңдау, цикл операторларын бағдарламалар құруда пайдалану
Құрама, шартты, таңдау, цикл операторларын бағдарламалар құруда пайдалану
Астана қаласы, №71 мектеп - лицейінде информатика, математика мұғалімі Аман Курман
TextBox, Label, CommandButton компоненттері
TextBox, Label, CommandButton компоненттері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Келесбекова Гүлнар
Пішіндер және объектілер
Пішіндер және объектілер
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №163 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Келесбекова Гүлнар
TextBox, Label, Command Button компоненттері
TextBox, Label, Command Button компоненттері
Информатика пәні мұғалімі: М. Керейтбаева
Turbo Pascal программалау тіліне арналған тест сұрақтарының жинағы
Turbo Pascal программалау тіліне арналған тест сұрақтарының жинағы
Көкшетау қаласы, Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Шамиғнова Қуаныш Маратқызы
Frame компонентін пайдаланып  қосымша жасау
Frame компонентін пайдаланып қосымша жасау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қожабай Айсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×