Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік

30 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық
техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.

Тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Тобы: ЭС - 14о
Өтетін орны: 422 оқу кабинеті
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың типі: құрамдас
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру, бағдарлама мүмкіндіктерін көрсету.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту, толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықты арттыру, сыйласу, қарым - қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту, рухани тәрбие негізін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор, флипчарт, бейнеролик, жетон, тарату материалдары.
Оқыту технологиясы, әдістері: дамыта оқыту технологиясының элементтері, топтық, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жалпылау, бекіту, тірек сызба әдісі, баяндау, әңгімелесу, лекция элементтері, пысықтап бекіту, қайталау, дәріс әдістер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, ағылшын тілі, сызу

Сабақтың құрылымы: Сабақ 6 кезеңнен тұрады:
1) «Ой шақыру»
2) «Microsoft Excel»атты биік тауы
 «Асыл тасты сұрақтар»
 «Ой қорғау»
 «Білім бүкіл өміріңе»
3) «Жасыл шырша аясында»
4) «Ассоциация»
5) «Құпия суреттер»
6) «Сәйкесін тап»


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқытушының оқушылармен сәлемдесуі;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б) дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару.

2. Өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру:
- Қазіргі таңда өзіне және өз біліміне сенімді, болашақта егеменді еліміздің технологиялық және индустриялық дамуына ат салысатын жан - жақты тұлғаны қалыптастырудың маңызы зор. Алған білімдерімізді шыңдай түсетін бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз: «Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік».
«Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік» тақырыбының мақсатына жету үшін оқушыларды ІІ топқа бөлінеді.
Ескерту: оқушыларды бағалап отыру үшін әр топтың лидеріне бағалау парақтарын таратамын. Әр оқушының берген жауаптарына байланысты түрлі - түсті жетондар таратылады және нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңында барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.

«Ой шақыру»
Оқушылар өздері таңдап алған сандары бойынша топқа бөлінеді топқа ат қояды. Қойылған топтарының аттарының мағынасына тоқталып кетеді.
І топ: «Ақпарат»ІІ топ: «Интернет»

Біз алдымыздағы тұрған «Microsoft Excel» атты биік таудыңшыңына жетуіміз керек. Оған жету үшін біз 3 кедергіден өтеміз.
І кедергі: Үйге берілген тақырып «Microsoft Word мәтіндік редакторы» бойынша “Асыл тасты сұрақтар”арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
Ал қанекей І кедергіні бастайық,
Тізгінді босатып сәл тастайық.
Үй тапсырмасын тексеріп
Берейік жауап саспайық

«Асыл тасты сұрақтар»
«MS Word мәтіндік редакторы» тақырыбына байланысты сұрақтар:
Сұрақ: 1. Microsoft Word дегеніміз не? (мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор)
Сұрақ: 2. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы? (Бастау - Бағдарламалар - Microsoft Office - Microsoft Word)
Сұрақ: 3. Microsoft Word мәтіндік редакторын терезесінің негізгі элементтерін атаңыз?(Тақырып жолағы, мәзір жолағы, стандартты құралдар үстелі, пішімдеу құралдар үстелі, сызғыш, тапсырмалар аймағы, айналдыру жолақтары, күй жолағы)
Сұрақ: 4. Стандартты құралдар үстелі қандай әмірлерді қамтиды?(Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою)
Сұрақ: 5. Пернетақтада қай пернелер тіркесімен жаңа құжат жасаймыз? ()
Сұрақ: 6. Қаріп сұхбат терезесін пернетақтада қай пернелер тіркесімен басуға болады? (Ctrl+D)
ІІ кедергі «Ой қорғау»
Оқушыларға өткен тақырып бойынша өзіндік жұмыс жасауға тапсырма берілген. Екі топтан дайындалған оқушылар тақтаға шығып, презентация арқылы материалын түсіндіріп шығады.

ІІІ кедергі «Білім бүкіл өміріңе»
«Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле.» (Жүсіп Баласаұғын)

3. «Білім бүкіл өміріңе» кезеңінде жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен таныстырамын.

Тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Мақсаты: Оқушыларға Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру, бағдарлама мүмкіндіктерін көрсету.
Жоспар:
1. Microsoft Excel электрондық кестесіне жалпы түсінік
2. Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
3. Microsoft Excel бағдарламасының терезе құрылымы
- Ал, оқушылар енді жаңа тақырыпты түсіну үшін тірек сызбаға назар аударыңыздар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 333
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Электрондық кестеде жұмыс жасай алу үшін бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Microsoft Excel кестелік процессоры
Microsoft Excel кестелік процессоры
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, "Қызылтөбе лицейі" инфрматика пәні мұғалімі: Нагашбаева Гулзира Рахановна
Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
PAINT графикалық редакторымен жұмыс
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы СЫНЫБЫ: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кесте элементтері:
Кесте элементтері Жол. Баған. Ұяшық
Кесте элементтері Жол. Баған. Ұяшық
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Кесте элементтері: жол, баған, ұяшық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×