Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Программалау тілдері. Турбо Паскаль тіліне жалпы түсінік

02 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық
техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.

Сабақтың оқыту әдістері: СТО технологиясының стратегиялары, ДЖИГСО - 1, ой шақыру, топтастыру, сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, демонстрациялық әдіс, пысықтап бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер және оның құрылғылары, интерактивті тақта, тірек - сызбалар.
Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылықты ояту фазасы
1. Ой шақыру стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтары бар слайдтар көрсетіледі.
1. Ms Access мәліметтер қоймасын басқару жүйесіне түсінік беріңіз
2. Ms Access бағдарламасында жаңа мәліметтер базасын құру жолдары?
3. Ms Access - те кесте құру режимдері?
4. Ms Access - те пішім құру қалай жүргізіледі?
2. Топтастыру стратегиясы арқылы Программалау сөзін ассоциациялау

ІІІ. Мағынаны тану фазасы
Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері. Турбо Паскаль тіліне жалпы түсінік
Жоспары:
1. Программалау тілдері
2. Паскаль тілінің шығу тарихы
3. Паскаль тіліндегі программа құрылымы

Алдымен өзім жалпылама Турбо Паскаль жайлы түсінік беремін.
Жаңа сабақ өтуде ДЖИГСО - 1 әдісін пайдаланамын. Жаңа сабақты өту барысында орындалатын іс - әрекеттер:
1. Оқушылар топқа бөлінеді. 3 топ (Ойшылдар, Тапқырлар, Зеректер) және 1 эксперт тобы.
2. Жоспардағы 3 сұрақты 4 топқа беремін.
3. Әр топ өздеріне берілген мәтінді оқып, аудиторияға топ лидері түсіндіреді. (Топтарға сұрақтарға дайындалу үшін уақыт беріледі )
4. Лидердің сөзін өз тобы немесе эксперт тобы толықтырады.
5. Эксперт тобы мәтінде жоқ қосымша ақпараттардың деректерін қосуға болады. Деректі алған әдебиеттерін, газет - журналдарын атау міндетті.
6. Эксперт тобы қосымша сұрақтар қояды. (Пысықтап, бекіту мақсатында)
1. Программалау тілдерінің түрлері
2. Программалау тілдерінің қандай түрлері бар?
3. Алғаш пайда болған тіл?
4. Паскаль тілін шығарған кім?
5. Паскаль тіліндегі программа құрылымы.
7. Эксперт тобының қызметі:
А) Мәтінді толықтыру
Б) Қосымша деректер қосу.
В) Сұрақтар қою.
Г) Талдау жасап, бағалайды

1. Топ Ойшылда: Программалау тілдері
2. Топ Тапқырлар: Паскаль тілінің шығу тарихы
3. Топ Зеректер: Паскаль тіліндегі программа құрылымы

IV. Ой толғаныс фазасы.
Оқушылардың жауабын толықтыра келе ойларын жинақтау мақсатында компьютердегі слайдты мультипроектормен көрсетемін, түсіндіремін.

V. Сергіту фазасы
1. Жұмбақтар әлемі
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреу,
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын сан жүз бір Жауабы: пернетақта

2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды Жауабы: Бос орын - пробел

3. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді Жауабы: Принтер

4. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені Жауабы: кактус

VІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, тесттік бақылаулар)

"Ойлан, тап"
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым....... қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.
Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады:...........,......,......
Кез келген программаның алғашқы жолы............ сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің........... жазылады.

"Сәйкесін тап"
VІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау
Эксперт тобының ұсынысымен оқушылар бағаланады.
Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып, сабақты қорытындылауы.

VІІ. Үй тапсырмасы.
Паскаль - программалау тілі. Паскаль тіліндегі программа құрылымын жазып келу.
Сабақтың аяқталуын хабарлау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.
MS ACCESS – те мәліметтер қорын құру
MS ACCESS – те мәліметтер қорын құру
Арал қаласы, 220 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Абишов Қуаныш Қазизұлы
Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар
Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар
Информатика пәні мұғалімі: Нурлы Казбекова
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, № 21 Негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі Жарылғасова М. Ж.
MS Access бағдарламасында мәліметтер қорын құру және өңдеуд
MS Access бағдарламасында мәліметтер қорын құру және өңдеуд
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Пән: Информатика (Есептеу техникасы мамандығының арнаулы пән оқытушысы) Ермагамбетова Акгуль Абылжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×