Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сызықтық алгоритмдерді программалау

16 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
"Қызыл таң" жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Әсілбек Әмірхан Сахыұлы

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау.
Сабақтың мақсаты: Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программаларды құру.
Синтаксистік, семантикалық ережелерді сақтау, операторларды дұрыс жазып, дұрыс қолдану. Өздігінен жұмыс істеп, пікірлерін айта білуге үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: қарапайым операторларды, оларды қолдану ережелерін, қызметтерін.
Оқушылар меңгеруі тиіс: сызықтық программа құру барысында қарапайым операторларды қолдануды меңгеру.
Көрнекіліктер: ДК, проектор, экран, презентация, флипчарт, маркер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылар ықыласын сабаққа аудару. - 3мин
Оқушыларды екі топқа бөлу. Мысалы: (1 - INPUT; 2 - OUTPUT)
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ өту.
Сабақты бекіту.
Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беру..
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.
Оқушылардың операторларды жатқа білуін тексеру.
Екі топ бір - біріне сұрақтар қояды:
Топ басшылар оқушыларды бағалап отырады. - 7мин.
1 - INPUT тобына:
Айнымалыларды сипаттайтын программаның бөлігі? (Var);
Программа қандай қызметші сөзден басталады? (Program);
Қай қызметші сөзден кейін нүкте қойылады? (End);
Меншіктеу операторының белгісі? (:=);
Бүтін типтің қызметші сөзі? (Integer);

2 - OUTPUT тобына:
Енгізу операторының жазылуы? (Read, readln);
Шығару операторының жазылуы? (Write, writeln);
х2 функциясының Паскаль тілінде жазылуы? (Sqr(x));
3|х| өрнегінің Паскаль тілінде жазылуы? (3*abs(x));
√2x Паскаль тілінде жазылуы? (Sqrt(2*x));

ІІІ. Жаңа сабақ өту. Электронды оқулық арқылы жаңа тақырыпқа тиісті көрсетілім көрсету. 12мин.
Сызықтық алгоритмдерді программалау:
Топтарға функцияның мәнін есептейтін программаны флипчартқа жазуға нұсқау беру.
1 - топқа.
2 - топқа.
Оқушылар х және у әртүрлі мәндерін енгізіп, функцияның мәндерін есептейтін программа құрады.
Әр топ берілген тапсырманы оқушы өзіндік жұмыс жасап, жұпта ой бөлісіп, топта талқылайды. Программаны флипчартқа түсіреді. Топтар жұмыстарымен алмасады. Қателіктерді туралайды. Баяндамашылар өз жұмыстарын қорғайды.
1 - топ флипчарты: Program esep1;
Uses crt;
Var x, y, z: real;
Begin
read (x, y);
z=sqr(sin(x+y))/sqr(x)+sqr(y);
write (‘z=’, z);
End.

2 - топ флипчарты: Program esep2;
Uses crt;
Var x, y, z: real;
Begin
read (x, y);
z=(sqr(x)*x)+sqr(y)/y*sin(x);
write (‘z=’, z);
End.

Оқушыларға топты бағалауға нұсқау беру.
Топты смайликтер арқылы бағалайды.

IV. Сабақты бекіту.
Көрсетілген блок - схемасы бойынша табаны В, биіктігі Н үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритмін және программасын құру. 10мин
Формуласы: S=B*H/2

А) алг Үшбұрыштың ауданын есептеу
басы
үшбұрыштың табаны В және биіктігі Н мәндерін енгіземіз.
үшбұрыштың ауданын S=B*H/2 формуласымен есептейміз.
S мәні есептің шешімін баспаға шығарамыз.
соңы

Ә) Program esep1;
Uses crt;
Var B, H, S: real;
Begin
read (B, H);
S=B*H/2;
Write (‘S=’, S);
End.

V. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта біздің үйренгеніміз:
 Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программа құру.
 Компьютерде программаларды теріп, есептерді шығару.
 Оқушыларды бағалау. 3мин

VI. Үйге тапсырма.
 Операторларды қайталау;
 Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 854
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдер мен оларды программалау тілінде аудару туралы білім меңгерту
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау кезеңіне түсінік беру, сызықтық алгоритмдерді программалауды практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың практикалық және логикалық дағдыларын қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білуін тереңдету, ой - өрісін
Циклдік алгоритм. 8 - сынып
Циклдік алгоритм. 8 - сынып
Сабақтың мақсаты: Циклдік операторларды қайталау; While, REPEAT – UNTIL, FOR – TO оператор түсініктерін енгізу. Айырмашылықтарын көрсету. Оқушылар білуі тиіс: Қайталану операторларын қолдану ержелерін, қызметтерін, бір – бірінен айырмашылықтарын.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында № 10 орта мектепте информатика пәні мұғалімі Жакипова Анар Тойшибековна
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ОЖББМ – нің информатика пәні мұғалімі Хамзина Индира Сабырғалиқызы
Шарттарды ұйымдастыру операторлары
Шарттарды ұйымдастыру операторлары
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің математика және информатика пәні мұғалімі Әбдіғапбарова Мереке
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×