Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпарат оның түрлері

21 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
ШҚО, Аягөз қаласы,
«№ 5 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
информатика пәні мұғалімі
Муратканова Перизат Муратовна

Пән Информатика класс 5
Тақырып: Ақпарат,оның түрлері.
Мақсат:
Білімділік – Оқушыларды ақпарат ұғымымен,оның түрлері жайлы мағлұмат беру. Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету;
Дамытушылық – Оқушылардың интерактивті тақтамен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ-жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қауіпсіздік техникасын сақтау ережесін айтып бер.
Информатика кабинетінде қауіпсіздік
техникасын сақтау ережелері:
1.ЭЕМ кабинетіне тек мұғалімнің рұқсатымен кіру керек.
2.Кабинетте тәртіп сақтау керек.
3. Компьютер құрылғыларының үстіне заттар қоюға болмайды.
4. Компьютермен жұмысты ақ халат киіп жасау керек.
5. Қоңырсыған, күйген иіс шыққанда, міндетті түрде мұғалімге айту керек.
6.. Электр тогымен зақымданғанда, ток көзінен ажыратып, жәрдем шақыру керек.*
7. Оқушылар компьютермен берілген уақыт бойынша ғана жұмыс жасау керек. (слайдтар)
8. Пернетақтаның пернелерін қатты басуға болмайды.
9. Құрылғылардың қосқыш кабельдеріне тиісуге болмайды
10. Монитор мен көздің ара қашықтығы 60-70см-ден кем болмауы керек.
11. Дымқыл қолмен, дымқыл киіммен компьютермен жұмыс істеуге болмайды.
12. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерді өшіруге немесе іске қосуға болмайды.

2. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз.Бірақ,ақпарат туралы былай айтуға болады: Ақпарат - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы.
3. Ақпарат көзі деп нені айтамыз?
Кім ақпаратты хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.Мысалы,мұғалім оқушыларға жаңа тақырып түсіндіреді.Мұнда мұғалім ақпарат көзі болып табылады.
4. Ақпарат қабылдаушы деп нені айтамыз?
Кімде-кім ақпаратты қабылдап алса,онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.Мысалы,радиодан диктор хабарлама жасайды.Мұнда хабарды естіген адам ақпарат қабылдаушы болып табылады.
5. Адам ақпаратты қандай түрде қабылдайды?
Адам өзінің сезім мүшелері арқылы ақпаратты таңбалы және бейнелі түрде қабылдайды.
6. Бейнелік ақпарат дегеніміз не?
Бейнелік ақпарат деп табиғат көріністерін,кескіндерді, дәм, иіс, көру, сезу мүшелері арқылы
алынатын ақпараттарды айтады.
7. Таңбалық ақпаратқа не жатады?
Таңбалық ақпаратқа адамның сөйлесу және жазу түрінде алатын ақпараттар жатады.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе.
ІY.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ақпаратты адам баласы туғаннан бастап қабылдай бастайды.Ақпаратты қабылдай бастағаннан біз нені үйренеміз? ойнауды, оқуды, сөйлеуді.Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы ақпаратты алуымен басталады Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. Күнделікті жаңалықтармен таныса отырып, біз ақпарат аламыз.Адамдардың бірігіп істеген кез келген іс-әрекеттерітек ақпарат алмасумен болуы мүмкін.

Адам ақпаратты қайдан алады? Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді,радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз.Диктор теледидар арқылы «Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар келіп түсті» деп хабарлайды. Сендер бір-біріңнен: «кеше біздің футбол командамыз жөнінде жаңалық естідің бе?» немесе «бүгін соңғы хабарды естідің бе?»деп сұрайсыңдар. Бұл мысалдарда «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың,жаңалықтардың, өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.
Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді сезеді, яғни ақпарат қабылдайды.
Көзбен көру арқылы адам қоршаған орта туралы ақпарат алады.

Көру заттардың түстерін, оның өлшемін, пішінін танып ажыратуға және олар алыста ма немесе жақында ма, жүреді ме немесе жылжымайтының білуге көмектеседі. Көру арқылы біз кітаптарды оқимыз, теледидардағы бағдарламаларды қараймыз, табиғаттың көркінің тамашалаймыз. Көздер дегеніміз әлемнің терезесі. Сондықтан көздеріңді күту керек!
Құлақпен есту арқылы адам дыбыс түрінде ақпарат алады.
Біз үшін ең маңызды басқа адамдардың сөйлегенің есту.Сөйлесу арқылы біз бір-бірімізге өз ойымызды,білімімізді береміз. Табиғаттың тамаша дыбыстары, музыкалар да бізге өте керек. Осы дыбыстар - бізді қоршаған сұлулықтың бөлігі. Айғай-шу кедергі жасағанмен пайдалы ақпарат беруі мүмкін, мысалы машинаның шуы біз үшін мынандай ақпарат береді: машина келе жатыр,байқау керек! Есінде сақта, құлаққа қатты естілетін шу зиян,сондықтан көбірек тыныштықта демалу керек!

Иіс сезу арқылы да адам өзің қоршаған орта туралы ақпарат алады.
Көбінесе гүлдердің жұпар иісі, орманның иісі қуаныш сезімін оятады. Кейбір иістер қауіп-қатер туралы ескертеді. Мысалы,үйдегі газ баллоннан газ шығып жатқаны немесе тамақ жеуге жарамсыз болуы туралы.

Тіл арқылы адам дәм сезеді,мысалы шай тәтті немесе тәтті емес екендігін.
Тері арқылы адам ақпарат алады,мысалы затқа қолды тигізгенде ыстық немесе суық екендігін сезеді.
Ақпаратсыз адам өмір сүре ала ма? Адам ақпаратпен не істей алады?
Адам ақпараттарды сақтай алады;
Адам ақпарттарды шығарып бере алады; Ақпараттық процестер
Адам ақпараттарды өңдей алады.
Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.
Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс,тіпті сендер ұйықтап жатқанда да ой процесі, яғни ақпаратты өңдеу процесі жалғаса береді. Алынған мәліметтерді өңдеу, математикалық есептерді шешуді қиын жағдайдан шығу жолын іздегенде, адам бұрын өзінде болмаған жаңа ақпарат ойлап шығарады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 804
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. ИНФОРМАТИКА 5 - сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. ИНФОРМАТИКА 5 - сынып
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Біздің айналамыздағы ақпарат
Біздің айналамыздағы ақпарат
Ақпарат ұғымы туралы білім алады. Ақпарат түсінігі, әртүрлі формадағы ақпараттармен, ақпаратты өңдеу, сақтау, қабылдау түрлері туралы білімі қалыптасады.
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 5 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Қызықты информатика
Қызықты информатика
Атырау облысы, Индер ауданы. информатика пәні мұғалімі Оразаева Асем
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Графикалық редактор
Графикалық редактор
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×