Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтінді теру ережесі

30 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Информатика
Астана қаласы, №70 мектеп - лицейінің
Информатика пәні мұғалімі Болыс Асем Амантайқызы

Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту
Сабақтың мақсаты: WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Сабақта қолданылатын көрнекіліктері: компьютер, мультимедиялық тақта, флипчарт, кеспе, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасы.
Сонымен балалар өткен тоқсанда біз WordPad мәтіндік редакторының интерфейсін туралы өткен болатынбыз.
1. Мәтіндік редактор деген не?
2. WordPad мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз?
3. Абзацтың қандай қасиеттерін білесін?
4. Мәтіндік курсор дегеніміз не?
5. Мәтіннің негізгі элементін ата.
6. WordPad мәтіндік редакторының терезесін кім түсіндіріп береді?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мәтін теру ережелері:
1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек. Мысалы: Мәтін.
2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – Caps Lock пернесін пайдалану керек. Мысалы: САБАҚ.
3. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы: XXI ғасыр.
4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: іс - әрекет, 5 - сынып.
5. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
6. Ұзын сызықша алдына да, соңына да бос орынмен қойылады.
7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды. Мысалы: «Құрманғазы» оркестрі.
8. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжыту:
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1. WordPad мәтіндік редакторын іске қос
2. Әртүрлі қаріптер түрлерін пайдаланып, үлгі бойынша «Информатика» деген сөзді бейнелеңіз.
Информатика Информатика Информатика Информатика Информатика

В деңгейі
1. Мәтінді оқып шық.
2. Мәтінді дәлме - дәл WordPad мәтіндік редакторына енгіз.
«МЕН ─ ДӘРІГЕР»
Әже, әже, жатпашы!
Ауыр ойға батпашы!
Болайын мен дәрігер,
Десең: «Шипа дәрі бер!»

Толық нұсқасын жүктеу
3 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Мәтінді теру және түзету ережелері
Мәтінді теру және түзету ережелері
Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге үйрету. WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін оқушы бойына сіңіру. - АКТ - мен жұмыс жасау мәдениетін, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып,
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Оқушылардың WordPad - ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейінің информатика пәні мұғалімі Архарова Алтынай
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×