Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Операциялық жүйелерді баптау

26 қараша 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Ақтөбе облысы,
Алға ауданы, Қарақобда орта мектебі информатика пәні мұғалімі
Малаева Индира Жақсылыққызы

Сабақтың тақырыбы: «Операциялық жүйелерді баптау»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға операциялық жүйені баптау жолдарын үйрету, алған білімдерін практикалық жұмыс кезінде қолдана білуге дағдыландыру, компьютерлік сауаттылығын арттыру, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1. Білімділік: операциялық жүйе туралы білімдерін сұрай отырып, оларды үш топқа бөліп баптауды, бума терезесінің параметрі, басқару тақтасы бумаларының терезесі туралы толық анықтама беру, көрсету, үйрету.
2. Дамытушылық: алған білімдерін компьютерде орындату арқылы қиялын, ой өрісін, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: ЕТК қауіпсіздік ережесін сақтауды, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау,
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.

- «Операйиялық жүйелер топтамасы» сұрау
ІІІ. Үй жұмысын бекіту.

Сәйкестендіру тесті.
Операциялық жүйе - Пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
Ядро - Ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.
Интерфейс - Операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Драйвер - Командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, мәшине командасының тілі
Бірпайдаланушы - Компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған программалар.
Көппайдаланушы - Операциялық жүйе қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Windows - Графикалық операциялық жүйе

ІV. Жаңа сабақ
Операциялық жүйе дегеніміз - бұл командаларды іске қосқан кезде барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Windows ОЖ –нің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту ОЖ баптау деп аталады.
Шартты түрде баптау 3 топқа бөлінеді:
1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау;
2. Негізгі мәзірді баптау;
3. Басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;

Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер...командасы бойынша орындауға болады.
Бума (Папка) қосымша бетінен сізге бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.
Қарап шығу (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және алып тастайды.
Жалпы қосымша бетті келесі режимдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:
1) Барлық терезелердің үстінде орналастыру (Расположить поверх всех окон)- тапсырмалар тақтасы қосымшалардың барлық терезелерінің үстінде орналасады;
2) Экраннан автоматты түрде алып тастау (Автоматические убирать с экрана)- тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқан сілтемесін апарғаннан соң ғана пайда болады;
3) Негізгі мәзірдегі ұқсас белгілер (мелкие значки в главном меню)- негізгі мәзір ұсақ белгіленіп, олар өте аз орын алады.;
4) Сағатты бейнелеу (отображать часы)- тапсырмалар тақтасына сағат индикаторы отнатылады.;
5) Қысқартылған мәзірді пайдалану (использовать сокращенные меню)- мәзірді ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.

Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының көмегімен орындалады.
Басқару тақтасы бумасының терезесінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілер көресіз.Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан (Экран, Шрифты, Дата и время, Клавиатура, Мышь) және т.б.
Егер кез келген белгіні екі рет шертсеңіз, экранда нақты баптау мақсатына қарай атқаратын қызметін түсінуге болатын сұхбат терезе пайда болады. Параметрлерді берген соң ОК немесе Болдырмау (Отмена) батырмасын басу керек.

V. Практикалық жұмыс
І. Операциялық жүйелерді баптау.
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау-Басқару тақтасы пунктерін таңдаңыз.
2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі Күні және уақыты белгісін екі рет шертіңіз.
3. Экранда Қасиеттер: Күн және уақыт сұхбат терезесі екі немесе үш қосымша бетпен бірге пайда болады.
4. Күн және уақыт қосымша бетін таңдаңыз.
5. Күн бөлімінде өзіңіздің туған күніңізді (күні, ай, жыл) тағайындаңыз.
6.Уақыт бөлімінде мектептегі сабақтың басқару уақытын тағайындаңыз.
7.Қолдану батырмасын шертіңіз.
8. ОК батырмасын шертіңіз.

ІІ.Жұмыс үстелін баптау.
1. Іске қосу батырмасын шертіп, негізгі мәзірден Баптау –Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.
2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі Экран белгісін екі рет шертіңіз.
3. Экранда Қасиеттер:Экран сұхбат терезесі шығады
4. Тақырыптар (Темы) қосымша бетін таңдаңыз.
5. Фондық суретті таңдап, ОК батырмасын шертіңіз. Жұмыс үстелінің фондық суретінің өзгергенін тексеріңіз.

ІІІ. Қыстырма бет (Заставка) параметрлерін баптау.
Қыстырма бет - монитордың пайдалану уақытын созуға қызмет ететін программа. Егер пайдаланушы бірнеше минут пернетақта мен тышқанды пайдаланбаса, экранда қыстырма бет пайда болады. Қыстырма бет тізімдер өрісінен қыстырма программалардың біреуін, ал Интервал өрісінен пернетақтаны соңғы пайдаланғаннан бастап программа жұмысын бастағанға дейінгі уақытты таңдауға болады.Қыстырма бетті орнату үшін мыналарды орындаңыз:
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз;
2. Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз;
3. Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
4. Қыстырма бет тізімінен кез келген қыстырма бетті таңдаңыз. Көрініс бейнесін компьютер экранында Экран терезесінен көресіз. Қарап шығу батырмасын шертсеңіз, қыстырма бет компьютер мониторында пайда болады.

ІV. «Көлемдік мәтін» қыстырма бет параметрлерін баптау.
1 Іске қосу (Пуск) батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.
2 Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз.
3 Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
4 Қыстырма бет тізімінен «Көлемдік мәтін» («Обьемный текст») қыстырмасын таңдаңыз.
5 Баптау батырмасын шертіңіз.
6 Қыстырма бет параметрлерінің «Көлемдік мәтін» қыстырмасының параметрлері сұхбат терезесіндегі Мәтін өрісінен кез келген мәтінді, қозғалыс стилін, жылдамдығын, өлшемін таңдаңыз.
7 ОК батырмасын шертіңіз.
V. Дайындау схемасын баптау
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз;
2. Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз;
3. Рәсімдеу (Оформление) қосымша бетін таңдаңыз.
4. Схема өрісінен кез келген дайындау сұлбасын, ал Элемент өрісінен түсін өзгерткіңіз келген элементті таңдаңыз.
5. Егер құрылған сұлбаңызды жойғыңыз келсе, онда оны Схема өрісінен таңдап Жою (Удалить) батырмасына шертіңіз.

VІ. Сабақты бекіту
Санау жүйесі
10- Санау жүйесінің түрлерін ата
20-Римдік санау жүйесі қай санау жүйесіне жатады?
30- Позициялық санау жүйелерін ата
40-Екілік санау жүйесінің негізі нешеге тең?
Дербес компьютер
10- Тасымал компьютерлерді ата
20-Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
30-Принтр түрлерін ата
40-CD-R, DVD-R мен CD-RW, DVD-RW дискілерінің айырмашылығы қандай?
Логикалық негіздер
10-Пікір дегеніміз не?
20-Логикалық көбейту немесе қалай аталады?
30-Екі немесе одан да көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалын не деп атайды?
40-Инверсия дегеніміз не?
Операциялық жүйе
10-Операциялық жүйе дегеніміз не?
20-ОЖ-ң міндетті бөліктерін тап
30-Операциялық жүйе түрлерін атаңыз.
40-Операциялық жүйені баптау неше топқа бөлінеді? Қандай?

VІІ. Қорытындылау
1. Жүйелік программалардың негізгісі.
2. Компьютердің барлық жұмыстарын ұйымдастырады.
3. Компьютердің барлық құрылғыларын басқарады.
4. Адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асырады.

Windows ОЖ –нің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту ОЖ баптау деп аталады.
Шартты түрде баптау 3 топқа бөлінеді:
• Буманың терезесінің параметрлерін баптау;
• Негізгі мәзірді баптау;
• Басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;

VІІІ. Үйге тапсырма:
§11 Операциялық жүйелерді баптау тақырыбын оқу
Осы тақырып бойынша ребус құрастыру
ІX. Бағалау.
smile: - 5
what: 4
sad: 3

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері 5 - сынып
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері 5 - сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ОЖ - і бақарудың негізгі тәсілдерін түсіндіре отырып, объектілермен жұмыс жасай білуге үйрету. Бағдарламалық және дидактикалық қамтылуы: Windows операциялық жүйесі, ДК. Сабақ түрі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Садықова Сабира Елбосынқызы
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелер топтамасы. Операциялық жүйелерді баптау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Авторы:Кадырова Светлана Сабитқызы Мекен жайы: Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясы информатика пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×