Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үздік информатик

02 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі:
Р.А.Исмаилов

Тақырыбы: “Үздік информатик”
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылығын арттыру, танымдық іс – әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Тәрбиелілігі: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәнінің тарихын білуге тәрбиелеу
Дамытушылығы: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру
Сабақтың типі: сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы: компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар және көрермендерге сұрақтар
Көрнекілік: слайд презентация
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика және орыс тілі

Ойын кезеңдері!!!
“Тіл шеберлігі”
“Адасқан әріптер”
“Көкпар”
“Техникалық дүкенге саяхат”
“Бәйге”
“Жорға”
“Көрермендерге сұрақтар”
“Марапаттау”

Ойын шарттары
“Тіл шеберлігі”
1. 5 жұмбақ оқылады. Әр оқушыға бір жұмбақ. Жұмбақтың жауабын тауып қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде айту керек. 3 тілде жауап берген оқушыға – 30 ұпай, 2 тілде – 20 ұпай, 1 тілде – 10 ұпай. Жауап бере алмаған жағдайда қарсыластары жауап бере алады.

“Адасқан әріптер”
2. «Адасқан әріптер» мына сайыста әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Шашырап орналасқан әріптердің орнын тауып, сөзді дұрыстап құрау.

“Көкпар”
3. «Көкпар» мына сайыста логикалық есептер беріледі. Дұрыс жауапқа 10 ұпай, жауап жоқ болған жағдайда қолын бірінші болып көтерген ойыншы жауап бере алады. Осы сайыстан кейін ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
“Техникалық дүкенге саяхат”
4. «Техникалық дүкенге саяхат» мына сайыста компьютерлік құралдарды немесе техниканы сатып алу үшін 5 сұраққа жауап беру тиіс, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
«Бәйге»
5. «Бәйге» мына сайыста 12 сұрақ берілген. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Оқушылар кезек – кезек таңдайды. Осы сайыстан кейін ұпай саны аз бір оқушы ойыннан шығарылады,

«Жорға»
6. «Жорға» сайысында қалған екі оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ұпай саны аз оқушы бастайды. Ұпай саны көп оқушы «Үздік информатик» атанады.
7. Көрермендерге сұрақ
Дүниеде құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрінде
Мүмкін емес ИНФОРМАТИКАСЫЗ түсіну.
Компьютер дүние кілті бүгінде
Демекші, заман талабына сай әр бір адам компьютердің қыр – сырын білгенге не жетсін дей отырып сабағымызды аяқтаймыз.

8. Марапаттау
9. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 418
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инфобілгірлер
Инфобілгірлер
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Информатикадан сайыс
Информатикадан сайыс
Информатикадан сайыс 5-6 сыныптар
«Информатика дарабозы»  атты сыныптан тыс шара
«Информатика дарабозы» атты сыныптан тыс шара
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы №1 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Абаданова Алия Сабырбаевна
«Озық ойлы оқушы» сыныптан тыс жұмыс
«Озық ойлы оқушы» сыныптан тыс жұмыс
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жұма Лала Қабиболлақызы
Үздік информатик (сайыс)
Үздік информатик (сайыс)
Информатика пәні мұғалімі: Аида Оршибекова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×