Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютерлік графика түрлері

16 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы
Қазақ орта мектебінің информатика пән мұғалімі
Бекмагамбетова Жанат Кенженқызы

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас
Қолданылатын материалдар: Paint программасы, Word программасы, дәптерлер, тақта, оқулық, электрондық оқулық.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
І. Оқушылармен сәлемдесу, журнал бойынша түгелдеу, сабаққа дайындау.
ІІ. а) Өткен материалдар бойынша сұрақтар
Доп лақтыру ойынының элементі арқылы өткен материал бойынша сұрақ - жауап алу

ІІІ. Жаңа сабақ. Компьютердің мониторы екі режимде: мәтіндік және графикалық режимдерде жұмыс істей алады. «Компьютерлік графика» деген сөз тіркесі қазіргі уақытта жиі қолданылады. Компьютерлік графика дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?
Компьютерлік графика олар әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда басқа да кәсіби бағыттарда қолданылады.
Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді.
Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графика негізін кез келген жоғарғы білікті маман білуі керек.
Компьютерлер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады.
Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар.
Түс ерекшелігіне қарай: қара - ақ және түрлі - түсті болып ажыратылады.
Компьютерлік графика:
1) Растрлық графика.
2) Векторлық графика.
3) Фрактальдық графика болып бөлінеді.

Растрлық графика.
Дисплей экранында жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын графикалық бейнені кескіндеу түрі растрлық деп аталады. Растрлық графикалық редактордағы ең кіші (минималь) объект нүкте болып табылады. Растрлық графикалық редактор сурет, диаграмма жасауға арналған.
Растрлық кескіндер мозаика тәріздес
Растрлық кескін үлкеюге де кішіреюге сезімтал. Оны кішірейткенде ұсақ бөлшектердің айырмашылығы бұзылады.
Үлкейткенде: сатылы эффект пайда болады

Векторлық:
Бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және т. б геометриялық примитивті пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілері жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер
СorelDRAW, Adobe illustrator секілді
векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Құндылығы:
Сапаны жоғалтпайды. Шексіз үлкейтуге болады.
Айырмашылықтары:
Растрлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте.
Векторлық графикада - сызық.
Пиксель - монитор экранындағы кескінінің минималды пішіні

Фрактальды графика:
Математикалық есептеулерде негізделген. Кескіндердің негізгі элементі - математикалық формула. Фрактальды детальді сипаттау жады талап етілмейді, ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графикада фрактальдар табиғи құбылыстарды, мысалы: бұлттар, қар.
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуғанемесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
Компьютерлік кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады.

Графикалық редакторлар - бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, қарап шығуға арналған программалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: Растрлық, векторлық.
Растрлық редакторларға: Adobe Photoshop, Сorel PhotoPaint, Paint. Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторлар ыңғайлы
Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, CorelIDRAW, Adobe Illustrator, т/б.

Компьютерлік графиканың пайдасы:
1) Графикалық примитивтерді (сызық, төртбұрыш т. б) салу.
2) Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу.
3) Сурет салу, бояу.
4) Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу.
5) Көркем хабарлама дайындау.
6) Сақтау. Редакциялау.

Қызықты ақпарат
Қолдану бағыты бойынша компьютерлік графика бөлінеді.
1) Инженерлік графика;
2) Web - графика;
3) Ғылыми графика
4) Iскерлік графика
5) Конструкторлық графика
6) Иллюстрациялык көрнектi графика
7) Көркем және жарнамалық графика (Художественная графика) т. б

Бекіту: Тәжірибелік жұмыс.
1. Графикалық Paint редакторын, MS Word қолданып, сурет салыңдар.
2. Әр программада сурет аумағын өзгертіп, шығарылған кескіндердің сапасын салыстырыңдар
3. Тест тапсырмасына сұрақ жауап беру (дұрыс жауап, дұрыс емес жауап )

Рефлексия: Не білдім? Білгім келеді? Не білемін? Оқушылар әсерлерін жазып, жабыстырады
Бағалау: Күнделікпен жұмыс
Үйге тапсырма: Графика түрлері. Шығу тарихы туралы реферат жазу
10 924
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Информатика әлеміне саяхат сабақтан тыс іс – шара «ХХІ – ғасыр көшбасшысы»
Информатика әлеміне саяхат сабақтан тыс іс – шара «ХХІ – ғасыр көшбасшысы»
Оқушыларға компьютерлік графика түрлерімен кеңірек таныстырып, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын көрсету. Компьютерлік графиканы пайдалану жолдарын дамыту.
Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау
Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Сагинтаева Лайла Маркашовна
Компьютерлік графика
Компьютерлік графика
Шымкент қаласы, №15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп - лицейінің информатика пәні мұғалімі Умирова Гулайна Зиябековна
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Умирзаков Еркебулан Саматович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×